الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде النحل сүресінің аудармасы
Verse 1
Алланың әмірі келді. Сондықтан оның тез келуін тілемеңдер. Алла, олардың қосқан шеріктерінен пәк те жоғары.
Verse 2
Алла періштелерді өз әмірлерінен бір рухпенен (уахименен) құлдарынан қалағанына:“Рас Менен басқа ешбір Тәңір жоқ. Әрі менен қорқыңдар” деп ескертіңдер делінген түрде түсіріледі.
Verse 3
Ол көктерді және жерді шындықпен жаратты. Олардың қосқан шеріктерінен жоғары.
Verse 4
Адам баласын бір тамшы судан жаратты. Сонда да ол ашық жанжалшы.
Verse 5
Тағы малдарды жаратты: Малдар да сендерді жылытатын және басқа пайдалы заттар бар. Әрі олардан жейсіңдер.
Verse 6
Сендер үшін малдарды қоралаған уақытта және өргізген кезде,бір зауық бар.
Verse 7
Малдар; жандарың қиналып, ерең қалаға жеткізетін жүктеріңді көтереді. Рас Раббыларың өте жұмсақ, ерекше мейірімді.
Verse 8
Жылқыларды, қашарларды және есектерді мінулерің әрі зейнет үшін жаратты. (Бірақ жылқы етін жеуге болады. Ж.Б.М.К.Т.)
Verse 9
Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар. Егер Алла қаласа, барлығыңды тура жолға салар еді.
Verse 10
Ол сондай Алла, сендерге көктен жаңбыр жаудырып, одан сусын және ол арқылы малдарыңды жаятын орман шығарды.
Verse 11
Алла, сендерге су арқылы егін, зәйтін, құрма ағаштары, жүзімдер және бүкіл өсімдіктер өсіреді. Тақ осында түсінетін ел үшін әрине белгілер бар.
Verse 12
Ал сендер үшін түнді, күндізді әрі айды, күнді істетті. Жұлдыздар да Оның әміріне бағынысты. Тақ осында, ойланған қауым үшін әлбетте белгілер бар.
Verse 13
Сендер үшін жер жүзінде түрлі-түсті не жаратқан болса, шын үгіт алатын қауым үшін әлбетте үлгі бар.
Verse 14
Және де Ол, сондай Алла, жас ет жеулерің үшін және киініп, тағынатын сәндік-бойымдар шығаруларың үшін теңізді бағындырды. Алладан ризық іздеулерің үшін кеменің суды жарып бара жатқанын көресің. Әрине шүкірлік етесіңдер.
Verse 15
Сендерді теңселтпеу үшін жер жүзінде асқар тауларды орналастырды. Жөн тауып жүрулерің үшін өзендер, жолдар жаратты.
Verse 16
ﭝﭞﭟﭠﭡ
ﭢ
Олар жол тауып жүретін белгілер және жұлдыздар (жаратты.)
Verse 17
Жаратушы біреу, жарата алмайтын біреумен тең бе? Енді де түсінбейсіңдер ме?
Verse 18
Алланың нығыметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Рас, Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Verse 19
ﭸﭹﭺﭻﭼﭽ
ﭾ
Алла (Т.) жасырын және көрнеу не істегендеріңді біледі.
Verse 20
Сондай Алладан басқа жалбарғандары еш нәрсені жарата алмайды. Олар жаратылғандар.
Verse 21
Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ қашан тірілетіндерін білмейді.
Verse 22
Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондай ақиретке нанбаушылардың жүректері қарсы. Сондай олар менменсушілер.
Verse 23
Дау жоқ! Алла , олардың жасырғандарын көрнеу істегендерін біледі. Расында Алла өзін жоғары санағандарды жақсы көрмейді.
Verse 24
Қашан оларға: “Раббыларың не түсірді?”,-дейді.
Verse 25
Өстіп олар қиямет күні, өз күнәларының кейбіреуін көтереді. Байқаңдар! Үстіне алған нәрселері нендей жаман.
Verse 26
Расында бұлардан бұрыңғылар да айлакерлік істеген. Сондықтан Алла, олардың құрылыстарының ірге тастарынан келіп, төбесі жоғарыдан үстеріне құлады. Сондай-ақ оларға аңғармаған жерден апат келді. (Бұл, Намрұттың Бабылда жасатқан, Алла тарапынан жібеілген жел құлатқан мұнараның мысалы. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.)
Verse 27
Сонсоң қиямет күні Алла оларды қорлайды да: “Сендердің сол жайында таласқан ортақтарым қайда?”, - дейді.
Verse 28
Сондай өздеріне зұлымдық еткендердің періштелер жандарын алрда: “Ешбір жамандық істемеп едік” деп мойынсал болады. Олай емес. Рас Алла сендердің істегендеріңді жақсы біледі.
Verse 29
Сондықтан ішінде мүлдем қалатын жаћаннамның есіктерінен кіріңдер. Өзін жоғары санағандардың орны нендей жаман.
Verse 30
Сондай Алладан қорыққандарға: “Раббыларың не түсірді?”, - делінсе, олар: “Игілік” дейді. Сондай-ақ жақсылық істегендерге бұл дүниеде жақсылық бар. Әрине ақирет жұрты тағы жақсы. Әлбетте тақуалардың қонысы нендей жақсы.
Verse 31
Олар, астарынан өзендер ағатын Ғадын бақшасына кіреді. Сондай-ақ олар онда нені қаласа бар. Осылайша, тақуаларды Алла сыйлайды.
Verse 32
Ол сондай тақуалар, жақсы жағдайда періштелер жандарын алып: “Сендерге есендік болсын, ғамалдарыңа орай жаннатқа кіріңдер” дейді.
Verse 33
Қарсы болғандар, өздеріне (жан алғыш) періштелердің келуін немесе Раббыңның бұйрығының келуін ғана күте ме? Бұлардан бұрыңғылар да осылайша істеген болатын. Сондай-ақ Алла оларға зұлымдық қылмады. Бірақ олар, өздеріне зұлымдық қылған еді.
Verse 34
Сондықтан істеген кесірлері өздеріне тиіп, сондай-ақ сайқы-мазақ қылған нәрселері өз бастарына жетті.
Verse 35
Аллаға шерік қосқандар: “Егер Алла қаласа еді, біз де аталарымыз да Алладан өзге ешбір нәрсеге табынбас едік. Әрі Оның бұйрығынсыз еш нәрсені арам етпес едік” деді. Осылайша, бұлардан бұрыңғылар да істеген. Сонда елшілерге ашық жалғастыру ғана міндет.
Verse 36
Расында әр үмметке; “Аллаға құлшылық қылыңдар, тағуттан (тағут деп шайтанды және адамдардың Аллаһ Таъаладан өзге табынған барлық нәрселерін айтады) аулақ болыңдар” дейтін елші жібердік. Олардың кейбіреулерін Алла оңғарып, кейбіреулеріне адасу тиісті болды. Ал енді жер жүзінде кезіңдер де жасынға шығарушылардың не болғанын көріңдер.
Verse 37
(Мұхаммед Ғ.С.) егер олардың оңғарылуына құштар болсаң да рас Алла адастырған біреуді оңғармайды. Әрі олар үшін жәрдемші жоқ.
Verse 38
Және де олар; “Алла, өлген біреуді тірілтпейді” деп,Алланың атымен қатты ант ішті. Олай емес. (Өлікті тірілту) Алланың шын уәдесі. Бірақ адамдардың көбі білмейді.
Verse 39
Алла, оларға қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау, қарсы болғандардың өтірікші екенін білдіру үшін (өліктерді тірілтеді.)
Verse 40
Бір нәрсенің болуын қалағанда, сөзіміз тек қана оған: “Бол” деу; сонда бола қалады.
Verse 41
Сондай зұлымдыққа ұшырағаннан кейін Алла жолында босқандарды, дүниеде жайлы қонысқа орналастырамыз. Егер олар білетін болса, Ақиреттегі сыйлығы тағы үлкен.
Verse 42
ﰄﰅﰆﰇﰈ
ﰉ
Олар, сондай сабыр етіп, Раббыларыңа тәуекел еткендер.
Verse 43
(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана өзіне елдші етіп, жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар.
Verse 44
Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік.) Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олар түсінер.
Verse 45
Сондай мекерліктің жаманын істегендер, Алланың, өздерін жерге жұттыруынан немесе ойламаған жерден өздеріне азап келуінен хауіпсіз бе?
Verse 46
Немесе олар кезіп жүргенде, өздерін апат алуынан бейбіт болды ма? Онда олар қашып құтыла алмайды.
Verse 47
Яки олар, өздері қорыққан апаттың алуынан алаңсыз болды ма? Шынында Раббыларың аса жұмсақ, ерекше мейірімді.
Verse 48
(Сәжде аяты) олар Алланың жаратқан нәрселерінің оң және сол жақтардан ауытқып, Алла бас қойған түрде, олардың бой ұсынғанын көрмей ме?
Verse 49
Көктерде және жерде болған әр жандық әрі періштелер, тәкапарланбай Аллаға сәжде қылады.
Verse 50
Олар өздерінен жоғарыдағы / үстеріндегі / Раббысынан қорқады және өздеріне бұйырылғанды орындайды.
Verse 51
Алла (Т.): “Екі тәңір жасап алмаңдар. Шын мәнінде, Ол, бір-ақ Тәңір. Ендеше. Менен ғана қорқыңдар” деді.
Verse 52
Көктерде және жерде болған нәрселер Оның иелігінде. Ұдайы құлшылық Аллаға тән. Алладан басқадан қорқасыңдар ма?
Verse 53
Сендердегі әр нығмет Алладан. Сонан кейін сендерге зиян жетсе, сонда оған жалбарынасыңдар.
Verse 54
Сонан соң Ол, қиыншылықты айықтырған сәтте, бір бөлімдерің, Раббыларына ортақ қосады.
Verse 55
Олар берген нығметтерімізге нашүкіршілік етеді. Әзірше пайдалана тұрыңдар, жедел білесіңдер!
Verse 56
(Мүшіріктер) өздеріне берген нәсібемізден, не екенін білмейтін бұттарға сыбаға арнайды. Аллаға серт! Бұл жасама қылықтарыңнан әлбетте сұраққа тартыласыңдар.
Verse 57
Тағы олар, Аллаға қыздарды ұйғарды. (Періштелерді Алланың қыздары дейді.) Алла, одан пәк. Өздері үшін қалағанын (ұлды) арнайды.
Verse 58
Егер, олардың біреуі қызбен шүйіншіленсе, (әйелінің қыз тапқанын естісе,) оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды.
Verse 59
Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан, елден жасырынады. Оны қордыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау ке рек пе? Ал, олар, нендей жаман үкім береді.
Verse 60
Сондай ахиретке сенбеген үшін мысалдың жаманы болады. Мысалдың жоғарысы, Аллаға тән. Ол, үстем, хикмет иесі.
Verse 61
Алла, адам баласын, олардың кесірлері себепті қолға алатын болса, жер жүзінде ешбір жәндік қалмас еді. Бірақ оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. Ал, қашан олардың олардың мерзімі келсе, Олар оны, бір сәтке кейіндете алмайды да ілгерілете алмайды.
Verse 62
Олар өздері жек көрген (қыздар)ді Аллаға ұйғарып, тілдерімен, “Жақсы нәрселер өздеріне тән” деп өтірік айтады. Шәк жоқ! Оларға тозақ бар. Рас олар, сүйреліп барушылар.
Verse 63
Аллаға серт! (Мұхаммед Ғ.С.) Расында сенен бұрын да үмметтерге елшілер жіберген едік. Сонда да шайтан, оларға, өз қылықтарын әйбет көрсетті. Сондықтан бүгін де ол, олардың досы. Оларға күйзелтуші азап бар.
Verse 64
Саған Құранды, олардың қайшылыққа түскен нәрселерін анықтауың және иман келтірген ел үшін тура жол әрі игілік түрінде ғана түсірдік.
Verse 65
Алла аспаннан жаңбыр жаудырып, өлген жерді кейін онымен жандандырды. Негізінде бұнда тыңдаған қауым үшін әрине үлгі бар.
Verse 66
Шын мәнінде сендер үшін малдар да, ғибрат бар. Малдың қарнындағы қанымен жынның арасынан шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүтті сендерге ішкіземіз.
Verse 67
Құрма ағаштарының жемістерінен және жүзімдерден арақ әрі көркем көрек жасап аласыңдар. Рас мұнда ойлаған елге анық үлгі бар. (Араққа тыйым салынудан бұрын түскен аят. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.)
Verse 68
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың, араға: “Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал!”, - деп нұсқады. (Жаратылыс қабылет берді.)
Verse 69
“Сонсоң әр түрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайластырған жолына түс!” Араның қарындарынан түрлі-түсте бал шығакды. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қаумы үшін ғибрат бар.
Verse 70
Алла (Т.) сендерді жаратты және сендерді өлтіреді. Кейбіреулерің, білгеннен кейін білмейтін өмірдің қорына қайтарылады. Күдіксіз Алла (Т.) толық білуші, аса күшті.
Verse 71
Алла (Т.) несібеде, біріңнен-біріңді артық қылды. Сондай несібелері артық етілгендер, қол астындағыларға бермейді. Сондай-ақ несібеде олар тең. Олар Алланың нығметіне қарсы келе ме?
Verse 72
Алла (Т.) өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратты. Жұбайларыңнан сендерге балалар, немерелер пайда қылды. Сондай-ақ сендерді тап-таза нәрселеден ризықтандырды. Сонда да олар, бос нәрселерге сеніп, Алланың нығметіне шүкірсіздік ете ме?
Verse 73
Олар, Алладан өзге өздері үшін жер мен көктен бір ризыққа ие болмайтын, және дәңеңеге шамалары келмейтін нәрсеге (пұтқа) шоқынады.
Verse 74
Аллаға мысал бермеңдер. (Алланы еш нәрсеге теңемеңдер.) Негізінде Алла әр нәрсені біледі, сендер білмейсіңдер.
Verse 75
Алла бір мысал берді; біреудің иелігіндегі еш нәрсеге шамасы келмейтін құл мен өзіне бізден көркем ризық берген, сонда ол, одан көрнеу, көмес жұмсайтын біреулер тең бола ала ма? Барлық мақтау Аллаға тән. Бірақ олардың көбі білмейді.
Verse 76
Тағы Алла (Т.) екі кісіні мысал келтірді; екеуінің бірі сақау, шамасы түкке келмейді. Ол, қожайынына жүк. Оны қайда жұмсаса да хайыр келтірмейді. Міне осы, әділетті әмір етіп, тура жолмен жүрген кісімен тең бе?
Verse 77
Көктердегі және жердегі сыр Аллаға тән. Қиямет сағаты кірпік қаққандай, тіпті одан да жақынырақ. Сөзсіз, Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші.
Verse 78
Алла (Т.) сендеді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабылетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер.
Verse 79
Олар аспан бостығындағы бағынышты құсты көрмей ме? Оларды Алладан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Негізінен сонда иман келтірген қауым үшін әлбетте белгілер бар.
Verse 80
Алла (Т.) сендерге үйлеріңді тұрақ қылды. Әрі сендер үшін малдардың терілерінен, тасынған күндеріңде, отыррған күндеріңде жеңіл пайдалануларыңа болатын баспаналар, жүндерінен, жабағыларынан әм қылдарынан бір мерзімге дейін тұтыну бұйымдарын, сауда заттарын пайда қылды.
Verse 81
Алла жаратқандарынан көлеңкелер жасап, және таулардан ықтасындар пайда қылды. Сондай-ақ сендер үшін ыстықтан қорғайтын киімдер және соғыста қорғанатын сауыттар пайда қылды. Осылайша сендерге нығметтерін тамамдады. Әрине бой ұсынарсыңдар.
Verse 82
ﮆﮇﮈﮉﮊﮋ
ﮌ
Сонда да егер олар жалтайса, саған ашық түрде жалғастыру ғана міндет. (Әй Елшім!)
Verse 83
Олар Алланың нығметтеріне мойындайды да кейін оған қарсы келеді. Негізінен олардың көбі қарсы.
Verse 84
Қиямет күні, әр үмметтен бір айғақ жібереміз. Қарсы болғандарға рұхсат берілмейді де олардан жақсылық күтілмейді.
Verse 85
Зұлымдық қылғандар, азапты көргенде, олардан жеңітілмейді де оларға мұрса берілмейді.
Verse 86
Аллаға шерік қосқандар, қосқан ортақтарын көрген сәтте: “Раббымыз! Сенен өзге сиынған ортақтарымыз осы” дейді. Олар: “Тіпті сендер мүлде өтірікшісіңдер” деп, сөзді оларға тастайды.
Verse 87
Олар, ол күні Аллаға бой ұсынады. Олардың жасанды тәңірлері олардан ғайып болады.
Verse 88
Сондай қарсы болғандарға және Алланың жолынан тосқандарға, бұзықтық қылғандықтары үшін; қинау үстіне қинау арттырамыз.
Verse 89
Қиямет күні әр үмметтің ішінде, өздерінен бір айғқ әкелеміз. (Мұхаммед Ғ.С.) сені осы үмметке айғақ қылып келтіреміз. Сондай-ақ саған әр нәрсені ашықтайтын және Мұсылмандар үшін тура жол, игілік әм қуаныш түрінде Құранды түсірдік.
Verse 90
Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер.
Verse 91
Қашан серттессеңдер, Аллаға берегн серттеріңді орындаңдар. Анттарыңды, Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі.
Verse 92
Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды.
Verse 93
Егер Алла қаласа еді, сендерді бір-ақ үммет қылар еді. Алайда, Алла кімді қаласа, адастырып кімді қаласа, тура жолға салады. Әлбетте істегендеріңнен сұраласыңдар.
Verse 94
Анттарыңды алдауға сылтау қылмаңдар. Аяқ берік басылғаннан кейін тайып, Алланыңң жолынан тосқандықтарың үшін жамандығын татасыңдар. Әрі сендерге зор азап бар.
Verse 95
Алланың антын арзымайтын нәрсеге айырбастамаңдар. Білетін болсаңдар, Алланың қасындағы ғана жақсы.
Verse 96
Сендердің жандарыңдағы дүниелік түгейді де Алланың қасындағы қалады. Әрине сабыр еткендердің сыйлығын, істеген істерінен де жақсырақ береміз.
Verse 97
Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз.
Verse 98
Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаға сиын.
Verse 99
Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды.
Verse 100
Шынында оның үстемдігі, оны дос тұтып Аллаға шерік қатушыларға ғана жүреді.
Verse 101
Біз, бір аяттың орнына басқа аятты ауыстырған кезде, Алла нені түсіргенін жақсы біледі. Алайда олар Пайғамбарға: “Сен анық жалақорсың” дейді. Олай емес. Олардың көбі түсінбейді.
Verse 102
(Мұхаммед Ғ.С.) Жебірейіл, Құранды; шынайы түрде иман келтіргендерді бекемдеу әм Мұсылмандар үшін туралық әрі қуаныш түрінде Раббың тарапынан түсірді.
Verse 103
Рас білеміз. Өйткені, олар: “Құранды Мұхаммедке бір Адам үйретеді ” дейді. Олардың ұйғарған адамының тілі бөгде. Ал бұл Құран ашық Арап тілінде.
Verse 104
Шынында Алланың аяттарына сенбегендерді, Алла оңғармайды. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар.
Verse 105
Шын мәнінде Алланың аяттарына сенбегендер, орынсыз жасынға шығарады. Міне солар, жалғаншылар.
Verse 106
Жүрегі иманнан орныққаннан кейін зорлық көрген біреуден басқа біреу; иман келтіргеннен кейін Аллаға қарсы келсе, сондай-ақ біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Алланың ашуы және оларға зор азап бар. (Бұл аят бойынша, жүрегіндегі Аллаға сенімі мықты біреудің зорлық көргенде қарсылық сөз айтуына болады. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.)
Verse 107
Бұл жағдай, олардың дүниені, ақиретке балап жақсы көрулерінің салдарынан. Шынында Алла, қарсы болған елді оңғармайды.
Verse 108
Міне, бұлар сондай; Алла, олардың жүректерін, құлақтарын және көздерін бітеп қойған. Тағы олар мүлде кәперсіз.
Verse 109
Сөз жоқ! Олар ахиретте зиян тартушылар.
Verse 110
(Мұхаммед Ғ.С.) негізінен Раббың; қапа көргеннен кейін босқандардың , соғысқандардың және сабыр еткендердің (жары.) Күдіксіз Раббың бұдан кейін аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Verse 111
Қиямет күні әркім өзін құтқаруға тырысады. Сондай-ақ әркімге істегенінің бодауы беріледі.
Verse 112
Алла сендерге бейбітшіліктегі жайбарақат бір кентті мысал берді: Оған әр тараптан мол ризық келуші еді. Ақырында, Алланың нығыметіне қарсы келді. Сондықтан Алла оларға қылықтарының салдарынан ашаршылық және хауіп-қатердің тонын кидіріп жапа тарттырды. (Бұл Мекке кенті. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.)
Verse 113
Расында оларға өздерінен пайғамбар келді де олар оны жасынға шығарды. Сондықтан ол залымдарды азап қолға алды.
Verse 114
Ал, енді Алланың сендерге берген ризығының халал,тазасынан жеңдер. Сондай-ақ егер Оған ғана құлшылық қылатын болсаңдар, Алланың нығметіне шүкіршілік қылыңдар.
Verse 115
Шын мәнінде сендерге жемтік, қан, доңыз еті және Алладан басқаның атын алып бауыздалғанды арам етті. Сонда біреу зорланса, бас тартпаса, шектен шықпаса, күдіксіз Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (2-С.173-А.)
Verse 116
Тілдеріңнің “бұл арам,бұл халал” деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар Аллаға өтірік жала жапсырған боласыңдар. Шынында Аллаға өтірік, жала жапсырғандар, құтылмайды.
Verse 117
ﯤﯥﯦﯧﯨ
ﯩ
Дүние аз бір күн көрініс. Олар үшін күйзелтуші азап бар.
Verse 118
(Мұхаммед Ғ.С.) Яћудилерге арам етілген нәрселерді бұрын саған баян қылған едік. (6-С. 146-А.) Біз оларға әділетсіздік істемедік. Олар өздеріне зұлымдық қылды.
Verse 119
(Мұхаммед Ғ.С.) сонсоң расында Раббың, білмей жамандық істеп, істерін түзелткендер жағында. Рас Раббың бұдан кейін де әлбетте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Verse 120
Шынында Ыбырайым (Ғ.С.) нағыз Аллаға бойсұнушы, хаққа бейім бір басшы еді.
Verse 121
Алланың нығметтеріне шүкір етуші еді. Алла, оны таңдап, тура жолға салды.
Verse 122
Оған дүниеде жақсылық бердік. Сондай-ақ ол, ахиретте де әлбетте игілерден болады.
Verse 123
(Мұхаммед Ғ.С.) Сонан соң саған, хаққа бейім Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолын қуыңды уақи еттік. Ол шерік қатушылардан болған емес.
Verse 124
Шын мәнінде сенбі; ол жайында таласқандарға (мереке) күні қылынды. (Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың, қиямет күні, олардың араларындағы таластарға үкім береді. (7-С.163-А.)
Verse 125
Адамдарды Рабыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз, Раббың Ол, тура жол тапқандарды да жақсы біледі.
Verse 126
Егер дұшпанға жаза берсеңдер, өздеріңе істелген тәрізді ғана істеңдер. Егер сабыр қылсаңдар, әрине Ол, сабырлылар үшін хайырлы болады.
Verse 127
(Мұхаммед Ғ.С.) сабыр ет! Сабыр етуің Алланың ғана мәрхаметі. Оларға кейіме де олардың істеген мекерлеріне тарылма!
Verse 128
Шынында Алла, тақуалармен сондай-ақ жақсылық істеушілермен бірге.
تقدم القراءة