الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде العنكبوت сүресінің аудармасы
Verse 1
ﮡ
ﮢ
Ұғымын Алла біледі.
Verse 2
Адамдар: "Сендік" деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма?
Verse 3
Рас олардан бұрынгыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі.
Verse 4
Немесе жамандық істегендер, Бізден қашып құтыламыз деп, ойлай ма? Олар нендей жаман үкім береді!
Verse 5
Кім Аллаға жолығуды үміттенсе, әрине Алланың белгілі мезгілі келеді. Ол, аса естуші, толық білуші.
Verse 6
Біреу игілік үшін күрессе, сөзсіз өзі үшін күреседі. Әрине Алла, әлемнен бай.
Verse 7
Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің жамандықтарын әлбетте жоямыз да өздерін істегендерінен көрі жақсырақ сыйлыққа бөлейміз.
Verse 8
Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық. Егер екеуі саған білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуыңа тырысса, онда ол екеуіне бағынба. Қайтар жерің Мен жақ. Сол уақытта сендерге не істегендеріңді түсіндіремін.
Verse 9
Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендерді игілерге қосамыз.
Verse 10
Адамдардың кейбірі: "Аллаға иман келтірдік" дейді де олар Алла жолында жапа тартса, адамдардың кесірін, Алланың азабындай көреді. Әлбетте Раббыңнан бір нүсырат келетін болса: "Әрине біз сендермен бірге едік" дейді. Алла әлемдегілердің көңілдеріндегіні жақсы біледі емес пе?
Verse 11
ﮠﮡﮢﮣﮤﮥ
ﮦ
Әлбетте Алла иман келтіргендерді де біледі. Әрине мүнафықтарды да біледі.
Verse 12
Сондай кәпірлер, иман келтіргендерге: "Біздіқ жолымызға ілесіңдер, қателіктеріңді біз көтерейік" деді. Негізінен олар, бұлардың күнәларынан еш нәрсе көтеруші емес. Расында олар суайт.
Verse 13
Әрине олар, өз жүктерін де онымен бірге басқа жүктер де көтереді. Әлбетте олар қиямет күні, жасама істерінен сұраққа тартылады.
Verse 14
Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда олардың ішінде тоғыз жүз елу жыл түрды. Сол уақытта оларды топан басып алды, олар; залым еді.
Verse 15
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
ﭗ
Оны және кемедегі жолдастарын құтқарып, ол уақиғаны әлемдерге ғибрат қылдық.
Verse 16
Ыбырайым (Ғ.С.) ды да. Сол уақытта еліне: "Аллаға құлшылық қылыңдар да Одан қорқыңдар. Егер білсеңдер, оларың сендер үшін хайырлы" деді.
Verse 17
"Алладан өзге табынғандарың, сендерге ризық бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар."
Verse 18
"Егер сендер жасынға шығарсаңдар, расында бұрынғы үмметтер де жасынға айналдырған. Пайғамбардың міндеті ашық жалғастыру ғана."
Verse 19
Олар көрмеді ме? Алла жаратуды қалай бастайды, сосын оны қайтарады. Расында Бұл Аллаға оңай.
Verse 20
(Мұхаммед Ғ.С.): "Жер жүзінде кезіңдер де жаратуды қалай бастап, сосын екінші жасауды да жасайды. Көріңдер! Расында Алланың әр нәрсеге күші жетеді" де.
Verse 21
Кімді қаласа, азап қылады да кімді қаласа, мәрхамет етеді. Сондай-ақ Сол жаққа бұрыласыңдар.
Verse 22
Сендер жерде де көкте де Алланы әлсірете алмайсыңдар. Сондай-ақ сендерге Алладан өзге не дос не жәрдемші жоқ.
Verse 23
Сондай Алланың аяттарына әрі өзіне қауышуға қарсы келгендер; міне солар, рахметімнен күдер үзді. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар.
Verse 24
Сонда елінің жауабы: "Ыбырайыиды өлтіріңдер немесе оны өртеңдер" деу ғана болды. Алла оны оттан құтқарды. Сөз жоқ, бұнда сенген елге ғибраттар бар.
Verse 25
(Ыбырайым Ғ.С.): "Шын мәнінде сендер дүние тіршілігінде өзара достық үшін Алладан өзге бұттар жасап алдыңдар. Сосын қиямет күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар да орындарың тозақ болып, сендерге ешбір жәрдемші болмайды" деді.
Verse 26
Сонда Лұт (Ғ.С) оған иман келтірді. (Ыбырайым Ғ.С.): "Шын мәнінде мен Раббым жаққа жөнелемін. Күдіксіз Ол, үстем, хикмет иесі" деді.
Verse 27
Оған Ысхақты, Яғқұпты бердік те оның ұрпақтарына кітап, пайғамбарлық мәрхамет еттік. Әрі өзіне Дүние сыйлығын бердік. Әрине ол, ахиретте де ізгілерден.
Verse 28
Лұт (Ғ.С.) қа да (Пайғамбарлық бердік.) Сол уақытта еліне: "Рас өздеріңнен бұрын әлемде ешкім істемеген арсыздықты істедіңдер" деді.
Verse 29
"Рас сендер еркектерге жақындасасыңдар да жол кесіп, және мәжілістеріңде жамандық істейсіңдер ме?" (27-С. 54-А.) Сонда елінің жауабы: "Егер шыншылдардан болсаң, қане бізге Алланың азабын келтірші" дегеннен басқа болмады.
Verse 30
ﯱﯲﯳﯴﯵﯶ
ﯷ
(Лұт Ғ.С.); "Раббым! Бұзақы елге қарсы маған жәрдем бере көр!",- деді.
Verse 31
Елшілеріміз (періштелер), Ыбырайым (Ғ.С.) ға шүйіншімен келген сәтте: "Осы халқы залым болған кентті рас жоқ етеміз" десті.
Verse 32
(Ыбырайым Ғ.С.): "Әрине онда Лұт та бар" деді. (Елшілер): "Ол жерде кімнің болғанын жақсы білеміз; кейін қалушылардан болатын қатынынан басқа өзін де ұй-ішін де әлбетте құтқарамыз" деді.
Verse 33
Елшілеріміз Лұт (Ғ.С.) қа келген сәтте, олардың салдарынан қынжылып, көңлі тарайды. (Періштелер; көркем жас жігіттер стретінде еді. Б.Ж.Р.) Олар: "Қорықпа да кейіме. Сөз жоқ, кейін қалушылардан болатын жұбайыңнан басқа өзіңді де семьяңды да құтқарамыз" деді.
Verse 34
"Бұл кент халқына бұзықтықтарының салдарынан көктен пәле жаудырамыз."
Verse 35
Расында ойлаған елге; одан ашық өнеге қалдырдық.
Verse 36
Мәдянға туыстары Шұғайып (Ғ.С.) ты жібердік те: "Әй елім! •Аллаға құлшылық қылыңдар да ахирет күнінен үміт етіңдер. Жер жүзінде бұзақылық істеп, жүрмеңдер" деді.
Verse 37
Сонда елі оны жасынға шығарды. Сондықтан жер қатты сілкініп, жұрттарында типыл болды.
Verse 38
Сондай-ақ Ғад, Сәмүд (елі де жоқ болған). Расында сендерге олардың жұрттарынан-ақ байқалады. Шайтан олардың қылықтарын әдемі көрсетіп, оларды жолдан тосты; олар көріп, біліп тұрса да.
Verse 39
Қарүн, Перғауын және Ћаманды да (жоқ еттік.) Расында Мұса (Ғ.С.) оларға ашық белгілер келтірген еді де олар жер жүзінде дандайсыған еді. Сонда да олар қашып құтыла алмады.
Verse 40
Олардың күнәларының салдарынан кейбіреулерін; үстіне тас жаудырып, кейбіреулерін; ащы дауыспен, кейбірлерін; жерге жұттырып және кейбіреулерін де суға батырып, бәрін қолға алдық. Алла оларға зұлымдық етпеді. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті.
Verse 41
Алладан өзгені ие етіп алғандар; ұя жасап алған өрмекшінің мысалы сияқты: Шын мәнінде ұйлердің ең осалы өрмекшінің ұясы. Егер олар білетін болса.
Verse 42
Сөз жоқ, Алла (Т.) олардың өзінен өзге кімге жалбарынғанын біледі. Ол, өте үстем, хикмет иесі.
Verse 43
Міне осы мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ оларды білгендер ғана түсінеді.
Verse 44
Алла көктер мен жерді хақиқат бойынша жаратты. Расында бұнда иман келтіргендер үшін бір дәлел бар.
Verse 45
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла (Т.) не жасағандарыңды біледі.
Verse 46
Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. (Сыпайы, дәлелді түрде қанағаттандырыңдар.) Оларға: "Бізге түсірілгенге де сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Тәңіріміз де сендердің Тәңірлерің де біреу-ақ. Біз оған бой ұсынғандармыз" деңдер.
Verse 47
(Мұхаммед Ғ.С.) осылайша саған Кітап түсірдік. Сондықтан өздеріне кітап бергендеріміз оған сенеді. Және осылар (араптар) дан да оған сенетіндер бар. Аяттарымызға кәпірлер ғана қарсы келеді.
Verse 48
Сен бұдан бұрын бір кітап оқымаған едің де оны қолың мен жазбаған едің. Егер ондай болса еді, әрине бұзықтар; күдіктенер еді.
Verse 49
Олай емес. Негізінде Құран, өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді.
Verse 50
Олар: "Оған Раббынан неге мұғжизалар түсірілмейді?",- десті. "Мұғжизалар; Алланың ғана жанында. Шын мәнінде мен ашық ескертуші ғанамын" де.
Verse 51
Әрине оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? (Одан артық мұғжиза бола ма?) Сөз жоқ. Құранда, иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар.
Verse 52
Алла, мені мен сендердің арамызда куәлікте жеткілікті. Өйткені Ол, көктердегі әрі жердегі нәрселерді біледі. Сондай бос нәрсөлерге сеніп, Аллаға қарсы келгендер, міне солар; зиянға ұшыраушылар.
Verse 53
(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен азапты тездетіп тілейді. Егер мерзім белгіленген болмаса, әлбетте оларға апат келер еді. Әрине, олар сезбеген түрде азап келеді.
Verse 54
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
ﭥ
Олар, өзіңнен апаттың жедел келуін сұрайды. Сөз жоқ! Тозақ кәпірлерді әрине орап алады.
Verse 55
Сол күні апат, оларды төбелерінің үстінен де аяқтарының астынан да қоршап алады да: "Қылықтарыңның дәмін татыңдар" дейді.
Verse 56
Әй иман келтірген құлдарым! Әрине жерім кең. Сондықтан Маған ғана ғибадат қылыңдар.
Verse 57
Әрбір жан иесі өлімді татады. Сосын Біз жаққа қайтарылады.
Verse 58
Иман келтіріп, ізгі іс істегендер, әлбетте оларды жаннаттың астынан өзендер ағатын жоғарғы орындарына орналастырамыз да олар онда мәңгі қалады. Ғамал істеушілердің сыйлығы нендей әйбет.
Verse 59
ﮙﮚﮛﮜﮝ
ﮞ
Сондай сабыр етіп, Раббыларына тәуекел етеді.
Verse 60
Қаншалаған жан-жаныуар бар; көрегін көтеріп жүрмейді. Алла (Т) оларды да сендерді де көректендіреді. Ол тым естуші, білуші.
Verse 61
Егер олардан: "Көктер мен жерді кім жаратты және күн мен айды кім іске қосты?",- деп сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. Сонда олар қайда лағып барады.
Verse 62
Алла құлдарынан кімді қаласа, несібесін кеңітеді де тарылтады. Күдіксіз Алла әр нәрсені толық біледі.
Verse 63
Ал егер олардан: "Көктен жаңбыр жаудырып, онымен жерді өлімнен кейін жандандырған кім?",-деп сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. (Мұхаммед Ғ.С.): "Барлық мақтау Аллаға лайық" де. Бірақ олардың көбі түсінбейді.
Verse 64
Бұл Дүние тіршілігі бір ойыншық, ермек ғана. Күдіксіз ахирет жұрты анық тіршілік. Әттең! Олар білсе.
Verse 65
Қашан олар кемегө отырса, дінін Аллаға арнаған түрде жалбарынады да, оларды құтқарып қырға шығарса, сол уақытта олар; Аллаға серік қосады.
Verse 66
Өздеріне берген нәрселерімізге қарсы бола тұрсын әрі олар пайдалана тұрсын. Бірақ жедел олар біледі.
Verse 67
(Мекке халқы) маңындағы адамдар қағып әкетіліп тұранда, Меккені ардақты және бейбіт орын еткенімізді кермеді ме? Сонда бос нәрсеге сеніп Алланың нығметіне нәсүкірлік қыла ма?
Verse 68
Аллаға жасанды жала жапқаннан немесе келген шындыққа қарсы болғаннан залым бар ма? Кәпірлердің орны тозақ емес пе?
Verse 69
Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз. Рас Алла жақсылық істеупшілермен бірге.
تقدم القراءة