الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде المرسلات сүресінің аудармасы
Verse 1
ﮑﮒ
ﮓ
Жалғасты жіберілгендерге,
Verse 2
ﮔﮕ
ﮖ
Қатты есіп, ұшырушыларға,
Verse 3
ﮗﮘ
ﮙ
Тарқатқан сайын тарқатушыларға,
Verse 4
ﮚﮛ
ﮜ
Айырған сайын айырушыларға,
Verse 5
ﮝﮞ
ﮟ
Сосын зікір тастаушыларға,
Verse 6
ﮠﮡﮢ
ﮣ
Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт. (Бұл аяттардағы ант етілген нәрселерді Алла (Т.) ашық баян етпеген. Мүфәссірлер бұл жөнде түрлі көз қарастар білдірген. Мысалы: 1-Періштелер, 2-Желдер, 3-Құран Кәрим, 4-Пайғамбарлар. Не бәрі жел, не бәрі періштелер...)
Verse 7
ﮤﮥﮦ
ﮧ
Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады.
Verse 8
ﮨﮩﮪ
ﮫ
Жұлдыздар сөнген сәтте,
Verse 9
ﮬﮭﮮ
ﮯ
Көк жарылғанда,
Verse 10
ﮰﮱﯓ
ﯔ
Таулар үгітіліп, ұшырылғанда,
Verse 11
ﯕﯖﯗ
ﯘ
Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде;
Verse 12
ﯙﯚﯛ
ﯜ
Қайсы күнге кешіктіріліп еді?
Verse 13
ﯝﯞ
ﯟ
Шешім күніне.
Verse 14
ﯠﯡﯢﯣﯤ
ﯥ
Ол шешім күнін қайдан білесің?
Verse 15
ﯦﯧﯨ
ﯩ
Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш!
Verse 16
ﯪﯫﯬ
ﯭ
Бұрынғыларды жоқ етпедік пе?
Verse 17
ﯮﯯﯰ
ﯱ
Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын құштырамыз.
Verse 18
ﯲﯳﯴ
ﯵ
Күнәкарларға осылай істейміз.
Verse 19
ﯶﯷﯸ
ﯹ
Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш!
Verse 20
ﭑﭒﭓﭔﭕ
ﭖ
Сендерді болымсыз судан жаратпадық па?
Verse 21
ﭗﭘﭙﭚ
ﭛ
Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе?
Verse 22
ﭜﭝﭞ
ﭟ
Белгілі бір мерзімге дейін.
Verse 23
ﭠﭡﭢ
ﭣ
Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық күшке иеміз.
Verse 24
ﭤﭥﭦ
ﭧ
Жасынға шығарушыларға сол қүні нендей өкініш!
Verse 25
ﭨﭩﭪﭫ
ﭬ
Жер жүзін бір жиналыс жері қылмадық па?
Verse 26
ﭭﭮ
ﭯ
Тірілерге де өлілерге де.
Verse 27
Жер жүзінде асқар таулар жасап, сендерді дәмді сумен суардық.
Verse 28
ﭸﭹﭺ
ﭻ
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
Verse 29
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
ﮂ
(Ол күні оларға): "Өтірік деген нәрселеріңе қарай жүріңдер;"
Verse 30
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
ﮉ
"Үш бунақты түнекке қарай кетіңдер" (делінеді.)
Verse 31
ﮊﮋﮌﮍﮎﮏ
ﮐ
Ол, көлеңке болмайды да жалыннан қорғамайды.
Verse 32
ﮑﮒﮓﮔ
ﮕ
Өйткені тозақ сарайдай ұшқын атады.
Verse 33
ﮖﮗﮘ
ﮙ
Сары түйелердей.
Verse 34
ﮚﮛﮜ
ﮝ
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
Verse 35
ﮞﮟﮠﮡ
ﮢ
Ол күні олар сөйлемейді.
Verse 36
ﮣﮤﮥﮦ
ﮧ
Сондай-ақ олардың желеулетулеріне рұхсат берілмейді.
Verse 37
ﮨﮩﮪ
ﮫ
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
Verse 38
ﮬﮭﮮﮯﮰﮱ
ﯓ
Ол шешім күні, сендерді де бұрынғыларды да жинаймыз.
Verse 39
ﯔﯕﯖﯗﯘ
ﯙ
Бір әдістерің бар болса, Маған қолданыңдар.
Verse 40
ﯚﯛﯜ
ﯝ
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
Verse 41
ﯞﯟﯠﯡﯢ
ﯣ
Расында тақуалар, саяларда, бастауларда болады.
Verse 42
ﯤﯥﯦ
ﯧ
Көңілдері соққан жемістерде.
Verse 43
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
ﯮ
(Оларға): "Істеген ғамалдарың арқасында жеңдер, ішіңдер; сіңімді болсын" (делінеді.)
Verse 44
ﯯﯰﯱﯲ
ﯳ
Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз.
Verse 45
ﯴﯵﯶ
ﯷ
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!
Verse 46
ﯸﯹﯺﯻﯼ
ﯽ
(Әй кәпірлер!) Жеңдер, аздап пайдаланыңдар. Расында күнәкарсыңдар.
Verse 47
ﯾﯿﰀ
ﰁ
Жалғанға саюшыларға ол күні нендей өкініш!
Verse 48
ﰂﰃﰄﰅﰆﰇ
ﰈ
Оларға: "Иіліңдер" делінсе, иілмейді.
Verse 49
ﰉﰊﰋ
ﰌ
Жасынға шығарушыларға, ол күні нендей өкініш!
Verse 50
ﰍﰎﰏﰐ
ﰑ
Ал енді олар, бүл Құраннан кейін қайсы сөзге сенеді?
تقدم القراءة