الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде الزمر сүресінің аудармасы
Verse 1
ﭴﭵﭶﭷﭸﭹ
ﭺ
Бұл Қітаптың түсірілуі, тым үстем, аса дана Алла (Т.) дан.
Verse 2
(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған бұл Кітапты бір шындықпен түсірдік. Сонда Аллаға дінді нағыз арнап, құлшылық қыл.
Verse 3
Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән. Сондай Алладан өзгені дос тұтқандар: "Біз бұларға, Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз" (дейді.) Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Алла (Т.) үкім береді. Расында Алла, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды.
Verse 4
Егер Алла бала иемденуді қаласа еді, жаратқаньгаан тілегенін таңдар еді. Ол одан пәк. Ол Алла жалғыз, өте үстем.
Verse 5
Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге айналдырады, күндізді түнге айналдырады және күн мен айды меңгереді. Әрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Абайлаңдар! Ол тым үстем, аса жарылқаушы.
Алла (Т.) сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты. Тағы сендер үшін малдардан (түйе, сиыр, қой, ешкі.б-С. 143-А.) сегіз түр пайда қылды. Және сендерді аналарыңның ішіндегі (құрсақ, жатыр, қағанақ) үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. (22-С. 5-А. 23-С. 14-А.) Міне осы Раббыларың Алла (Т.) Патшалық Оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Қайтып бұрылып барасыңдар?
Verse 7
Егер қарсы келсеңдер, сонда Алла сендерден мұңсыз. Құлдарының қарсылығын ұнатпайды. Егер шүкірлік етсеңдер, сендерге разы болады. Ешбір Күнәкар, басқаның Күнәсын көтермейді. Сосын қайтар жерлері Раббылары жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді. Өйткені, Алла көкіректегілерді толық біледі.
Verse 8
Қашан адам баласына бір таршылық келсе, Раббына жалбарып, Оған бейім ынта байқатады. Сосын қашан Алла оған бір игілік берсе, бұрынғы Оған жалбарғанын ұмытады да жолынан адастыру үшін Аллаға теңдес жасайды. (Мұхаммед Г.С.) оларға: "Қарсылығыңмен біраз мәз бола түр. Сөз жоқ сен тозақтықсың" де.
Verse 9
(Ал осылар,) бой ұсынып, түн ішінде сәжде етіп, тіке тұрып, сондай-ақ ақиреттен қорқып Алланың рахметінен үміт еткен кісі сияқты ма? (Мұхаммед Г.С.) оларға: "Білгендер мен білмегендер тең бола ма?",- де. Шын мәнінде ақыл иелері ғана үгіт ала алады.
Verse 10
(Мұхаммед Ғ.С.): "Әй иман келтірген құлдарым! Раббыларыңнан қорқыңдар! Бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар. Алланың жері кең. Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады" деп айт.
Verse 11
(Мұхаммед Ғ.С.): "Шәксіз мен дінді нағыз Аллаға арнап, құлшылық қылуға бұйрылдым." де.
Verse 12
ﭛﭜﭝﭞﭟ
ﭠ
"Сондай-ақ бой ұсынушылардың алды болуға бұйрылдым"
Verse 13
"Шынында мен Раббыма қарсы келсем, ұлы күннің азабынан қорқамын" де.
Verse 14
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
ﭱ
"Дінімді нағыз Аллаға арнап құлшылық қыламын" де.
Verse 15
"Сендер Алладан өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында, зиянға ұшырағандар, қиямет күні өздерін де үй-іштерін де зиянға ұшыратқандар болады. Сақ болыңдар! Міне осы анық зиянға ұшырағандык" де.
Verse 16
Олардың үстерінде де оттан түнектер; астарынан да түнектер болады. Міне Алла құлдарын осы арқылы қорқытады. Әй құлдарым! Менен қорқыңдар.
Verse 17
Сондай бұттан, оларға табынудан аулақ болғандар, сондай-ақ Аллаға ынтамен бой ұсынғандар, олар үшін құаныш бар. сонда құлдарымды шүйіншіле.
Verse 18
Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесетіңдер, міне солар, Алла өздерін тура жолға салғандар. Ал міне солар, ақыл иесі.
Verse 19
(Мұхаммед Ғ.С.) өзіне азап лайық болу сөзі бекіген біреуді және тозақтағы біреуді сен құтқарасың ба?
Verse 20
Раббыларынан қорыққандар үшін астарынан өзендер ағатын қабат-қабат салынған сарайлар бар. Бұл Алланың уәдесі, Алла (Т.) уәдесінен таймайды.
Verse 21
Көрмейсің бе? Алла көктен жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіндегі қайнарларға салды. Сосын ол арқылы түрлі-түсті егіндер шығарды. Сосын қуқыл тартып, оның сарғайғанын көресің. Сосын оны қоқымға айналдырады. Бұнда ақыл иелеріне үгіт бар.
Verse 22
Алла (Т.) әлде кімнің көкірегін Ислам үшін ашса, сонда ол, Раббы тарапынан нұр үстінде емес пе? Жүректері Алланы еске алудан қатайғандар құрысын! Міне олар, ашық адасуда.
Verse 23
Алла (Т.); аяттары бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің ең көркемін Кітап түрінде түсірді. Одан Алладан қорыққандардың түктері үрпиеді. Сосын олардың терілері, жүректері Алланың зікіріне жұмсайды. Бұл (Құран) Алланың тура жолы. Онымен кімді қаласа, тура жолға салады. Алла әлде кімді адастырса, сонда оған тура жол көрсетуші болмайды.
Verse 24
Қиямет күні, жүзін жаман азаптан қоруға тырысқан кісі қандай?... Залымдарға: "Істегендеріңнің жазасын татыңдар" делінеді.
Verse 25
Олардан бұрынғылар да жасынға шығарған. Сонда оларға күтпеген жерден апат келген.
Verse 26
Егер олар білген болса, Алла оларға дүние тіршілігінің қорлығын тарттырған. Әрине ахирет азабы тағы зор.
Verse 27
Расында Біз бұл Құранды адам баласына әр түрлі мысалды, олар үгіт алу тшін келтірдік.
Verse 28
Бүл мүлтіксіз бір арапша Құран. Әрине олар сақсынар.
Verse 29
Алла бір мысал берді: Өзара шығыса алмаған ортақтардың меншігіндегі біреумен бір адамның меншігіндегі біреу; мысалда, екеуі тең бе? Барлық мақтау Аллаға лайық. Бірақ олардың көбі түсінбейді.
Verse 30
ﰁﰂﰃﰄ
ﰅ
(Мұхаммед Ғ.С.) шынында сен де өлесің. Олар да өледі.
Verse 31
Сосын сендер, қиямет күнінде Раббыларыңның хұзырында дауласасыңдар.
Verse 32
Ал енді Аллаға өтірік айтқан, сондай-ақ өзіне шындық келген кезде, оны жасынға шығарған біреуден залымырақ кім бар? Қарсы келушілерге тозақта орын бар емес пе?
Verse 33
Сондай шындықты әкелген және оны мойындаған міне солар; тақуалар.
Verse 34
Оларға Раббыларының қасында қалағандары бар. Жақсылық істеушілердің сыйлықтары осы.
Verse 35
Өйткені Алла (Т.) олардың істеген істерінің жаманын жояды да оларды істеген істерінің ең жақсысымен сыйлайды.
Verse 36
Алла құлына жеткілікті емес пе? (Мұхаммед Ғ.С.) олар сені Алладан өзгелермен қорқытады. Кімді Алла адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ.
Verse 37
Ал кімді Алла тура жолға салса, сонда оны адастырушы жоқ. Алла (Т.) өте үстем, өш алу күшіне ие емес пе?
Verse 38
(Мұхаммед Ғ.С.) расында олардан: "Көктерді жерді кім жаратты" деп сұрасаң, әрине олар: "Алла" дейді. "Көрдіңдер ме? Егер Алла маған бір зиян беруді қаласа, Алладан өзге шоқынғандарың Оның апатын айықтыра ала ма? Немесе Алла маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?",- де. "Алла маған жетеді. Тәуекел етушілөр Оган тәуекел етсін" де.
Verse 39
(Мұхаммед Ғ.С.): "Әй елім! Өз орындарыңда істей беріңдер. Әрине мен де істеймін. Жақында білесіңдер" де.
Verse 40
"Қорлаушы азап кімге келеді? Үстіне тұрақты азап түсетін кім? (Жақында білесіңдер" де.)
Verse 41
(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған Құранды адам баласы үшін шындық бойынша түсірдік. Сонда кім тура жолға түссе, өзі үшін. Ал кім адасса, ол өз зиянына. Сен оларға кепіл емессің.
Verse 42
Өлер уақытта жанды Алла алады. Сондай-ақ өлмегендердің жанын ұйқыда алады. (Сезім қабілеттері тоқтайды.) Сосын өлуіне үкім берілгендердікін тоқтатады да басқалардікін белгілі бір мерзімге дейін жібереді. Сөз жоқ, мұнда түсінетін елге ғибраттар бар.
Verse 43
Немесе олар Алладан өзгені шапағатшы етіп алды ма? (Мұхаммед Ғ.С.): "Егер олар өш нәрсеге ие болмаса да әрі еш нәрсені түсінбесе де ме?",- де.
Verse 44
(Мұхаммед Ғ.С.): "Барлық шапағат Алла үшін. Көктер мен жердің иелігі Онікі. Сонсоң Ол жаққа қайтарыласыңдар" де.
Verse 45
Бір Алла зікір етілсе, ахиретке сенбегендердің жүректері жиренеді. Ал қашан Алладан өзгелер зікір етілсе, олар куанады.
Verse 46
(Мұхаммед Ғ.С.): "Әй көктерді және жерді жаратушы, көрнеу, көместі білуші Алла! Қайшылыққа түскен нәрселерде құлдарыңның арасына Сен төрелік етесің" де.
Verse 47
Егер біртұтас жер жүзінде болған нәрселер және онымен бірге сондай тағы залымдардікі болса еді, қиямет күнінің қатты азабынан (құтылу үшін) оны төлеуге берер еді. Олар, Алла тарапынан еш күтпеген нәрселерді көреді.
Verse 48
Оларға істеген жамандықтары мәлім болады. Әрі олардың ажыуалаған нәрселері өздерін баурап алады.
Verse 49
Адам баласына бір қиыншылық душар болса, Бізге жалбарады. Сосын оған жанымыздан бір игілік берген сәтте: "Бұл маған білгіштігіме ғана берілді" дейді. Жоқ олай емес, ол бір сынақ. Бірақ олардың көбі түсінбейді.
Verse 50
Расында олардан бұрынғылар да соны айтқан болатын. Бірақ олардың істегендері кәдеге жарамады.
Verse 51
Сонықтан олардың кесірлері өздеріне тиеді. Сондай-ақ олардан залым болғандардың сұмдығы жедел өз бастарына жетеді. Олар Алланы осалдата алмайды.
Verse 52
Олар білмей ме? Расында Алла (Т.) кімді қаласа, оның несібесін кеңітеді де тарайтады. Сөз жоқ, осыларда сенген ел үшін өнегелер бар.
Verse 53
(Мұхаммед Ғ.С.): "Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді" де.
Verse 54
"Өздеріңе апат келуден бұрын Раббыларыңа қайтыңдар, Оған бой ұсыныңдар. Кейін жәрдем көре алмайсыңдар."
Verse 55
"Сендерге кенеттен, хабарсыз азап келуден бұрын өздеріңе түсірілген жақсы нәрсеге еріңдер!"
Verse 56
Біреудің: "Алла туралы кемшілік еткендігіме және мазақтаушылардан болғандығыма маған нендей өкініш" • дейтін (күнді еске алыңдар.)
Verse 57
Немесе: "Егер Алла, мені тура жолға салса еді, әрине мен тақуалардан болар едім" (дейтұғын.)
Verse 58
Не олар азапты көрген сәтте: "Әттеген-ай! Маған қайта қайту болса еді, сонда жақсылық істеушілерден болар едім" (дейтұғын күннен сақтаныңдар.)
Verse 59
"Олай емес, расында саған аяттарымыз келді де оны жасынға шығардың. Сондай-ақ менменсіп, қарсы келгендерден болдың" (делінеді.)
Verse 60
(Мұхаммед Ғ.С.) қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың беттері қап-қара болғанын көресің. Менменсігендердің орны тозақ емес пе?
Verse 61
Алла (Т.) тақуаларды табысты болғандықтары себепті құтқарады. Оларға жамандық тиіспейді де олар күйзелмейді.
Verse 62
Алла (Т.) әр нәрсеге кепіл.
Verse 63
Көктер мен жердің кілттері Оның иелігінде. Алланың аяттарына қарсы келгендер, міне солар; зиянға ұшыраушылар.
Verse 64
(Мұхаммед): "Маған Алладан басқаға құлпшлық қылуды бұйырасыңдар ма? Әй надандар!",- де.
Verse 65
Расында саған да сенен бұрынғыларға да: "Егер Аллаға ортақ қоссаң әлбетте ғамалың жойылып кетеді де анық зиянға ұшыраушылардан боласың" деп уахи етілді.
Verse 66
ﯟﯠﯡﯢﯣﯤ
ﯥ
Жоқ олай емес, Аллаға ғана құлшылық қыл. Және шүкірлік етушілерден бол.
Verse 67
Олар Алланы шын мәнінде қадырлай алмады. Негізінде қиямет күні жер бүтіндей Оның уысында. Және көктерде оң қолымен бүктеледі. (Алланың құдыреті бойынша ашса; алақанында, жұмса; уысында. БЖМ.) Ол олардың қосқан ортақтарынан пәк. Әрі жоғары.
Verse 68
Сұр үрілгенде Алланың қалағанынан басқа көктердегі жан иелері, жердегі жан иелері жығылып өледі. Бірақ Алланың қалағандары қалады. (Б.Ж.М.) Сосын екінші рет сұр үріледі де сонда олар тұрған бойда қарап қалады. (Немесе не істелетіндігін күтеді. Ж.)
Verse 69
Жер жүзі Раббының нұрымен жарық болады. Кітап (ғамал дәптер ортаға) қойылады. Пайғамбарлар, куәлер келтіріледі. Олардың араларына хақиқат бойынша үкім егіледі. Олар әділітсіздікке ұшырамайды.
Verse 70
Әркімге не істегені толық төленеді. Алла олардың не істегендерін жақсы біледі.
Verse 71
Қарсы келгендер топ-топ тозаққа айдалады. Сондай-ақ оған барғандарында оның есіктері ашылады. Оларға оның күзетшілері: "Сендерге іштеріңнен, өздеріңе Раббыларыңның аяттарын оқитын және Бұл күнге жолығатындықтарыңды ескертетін елшілер келмеді ме?",- дейді. Олар: "Әрине келді. Бірақ азап үкімі қарсы болушыларға шындыққа айналды" дейді.
Verse 72
Оларға: 'Ішінде Мәңгі қалатын тозақтың есіктерінен кіріңдер" делінеді. Тәкаппарлардың орны нендей жаман.
Verse 73
Ал Раббыларына қарсы келуден сақсынғандар, топ-топ жаннатқа жолданады. Сондай-ақ олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: "Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жаннатқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер" дейді.
Verse 74
Олар: "Бізге берген уәдесін шынға шығарған және бізді жаннаттың жеріне мұрагер еткен Аллаға барлық мақтау лайық. Жаннаттан қалағанымызша орын аламыз. Ғамал қылушылардың сыйлығы қандай жақсы" дейді.
Verse 75
(Мұхаммед Ғ.С.) періштелерді ғаршының айналасында Раббыларын дәріптеген түрде көресің. Олардың арасында хақиқат бойынша үкім етіледі. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббына лайық делінеді.
تقدم القراءة