الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде الفرقان сүресінің аудармасы
Verse 1
Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары.
Verse 2
Көктер мен жердің патшалығы Онікі. Ол, ешкімді бала қылып алмады да Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ. Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі.
Verse 3
(Сонда да) олар Алладан өзге, бір нәрсені жарата алмайтын, өздері жаратылатын, сондай-ақ өздеріне де пайда, зиян келтіру күшіне және өлтіру, тірілту тагы өлгенді қайта тірілту күшіне ие болмағандарды тәңір жасап алды.
Verse 4
Сондай кәпірлер: "Бұл Құран мүлде жасанды. Оны өзі шығарды, оған басқа ел де көмектесті" деп, олар орынсыз жала жапсырды.
Verse 5
Және олар: "Ол Құран бүрынғылардың аңызы. Оны, бұл жаздырып алады да, ертелі-кеш өзіне оқылады" деді.
Verse 6
(Мұхаммед Ғ.С.): "Құранды көктер мен жердің сырын білетін Алла түсірді. Рас Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді" де.
Verse 7
Тағы олар: "Бұл қалай Пайғамбар? Тамақ жейді, базарларда жүреді. Неге оған, онымен бірге жүріп, қорқытатын періште түсірмейді?",-десті.
Verse 8
"Немесе оған (шаңырактан) бір қазына тасталса не оның бір коректенетін бақшасы болса еді." Сөйтіп залымдар: "Сендер мүлде жадыланған кісіге ересіңдер" деді.
Verse 9
(Мұхаммед Ғ.С.) Қара! Сен үшін қалай мысалдар берді. Енді олар жол таба алмайтын түрде адасты.
Verse 10
Сондай молшылық иесі Алла қаласа, бұлардан да жақсы, астарынан өзендер ағатын бақшалар бере алады. Тағы сен үшін; сарайлар жасай алады.
Verse 11
Бірақ олар қияметті жасынға шығарады. Қияметті жасынға шығарғандар үшін; қайнаған тозақты әзірледік.
Verse 12
Тозақ, оларды ұзақ бір жерден көрген сәтте, олар оның қайнап, күркірегенін естиді.
Verse 13
Олар, тозақтың тар бір жеріне қолдары, мойындарына байлаулы тасталғанда, сол жерде жоқ болуды қалайды.
Verse 14
"Бүгін бір-ақ жоқ болуды тілемеңдер! Көптеген жоқ болуды тілеңдер" (делінеді)
Verse 15
(Мұхаммед Ғ.С.): "Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жаннат жақсы ма?",- де.
Verse 16
Олар мәңгі қалатын жаннаттта, не тілесе бар. Бұл, Раббың міндетті түрде орындайтын бір уәде.
Verse 17
Ол; сол күні, оларды және Алладан өзге табьінғандарын жинайды. Сонда олардан: "Осы қүлдарымды сендер адастырдыңдар ма? Немесе жолдан өздері адасты ма?",- деп, сұрайды.
Verse 18
(Ол табынылғандар): "Сен пәксің. Бізге Сенен өзгені ие қылуымыз лайық емес. Бірақ Сен, оларды да аталарын да қамтамасыз еттің. Тіпті Сені еске алуды ұмытты да жоғалуға лайық бір ел болды" деді. (5-С.П6-П7-А. 34-С.40-41-А.)
Verse 19
(Табынғандарың); рас айтқандарыңды жасынға айналдырады. Сонда оны қайтара алмайсыңдар да бір көмек те таба алмайсыңдар. Сендерден кім зұлымдық қылса, ірі азап таттырамыз.
Verse 20
(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін ғана пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені көруші.
Verse 21
Сондай бізге кездесуді күтпегендер: "Бізге періштелер неге түсірілмейді? Немесе Раббымызды көрсек" деді. Расында олар өздерін-өздері жоғары санады да тым шектен шығып кетті.
Verse 22
Олар періштелерді көрген күні, күнәкарлар үшін қуанышты күн болмайды. Періштелер: "Жоқ, сендерге қуаныш жоқ" дейді. (Не өздері: "Махрұм қалдық" дейді.)
Verse 23
Олар нендей бір іс істеген болса, рас оны қолға алып, шашылған тозаңға айналдырамыз.
Verse 24
Ол күні, жаннаттықтардың тұрар жері жақсы, тынығар жерлері өте көркем болады.
Verse 25
Ол күні, аспан бұлттарша жарылып, періштелер жалғасты түрде түсіріледі.
Verse 26
Ол күні, шын патшалық Алланікі. Ол кәпірлер үшін өте ауыр күн болады.
Verse 27
Ол күні әр залым өз қолын шайнап: "Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді" дейді.
Verse 28
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
ﮩ
"Нендей өкініш маған; Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім..."
Verse 29
"Шынында ол, Құран келгеннен кейін мені одан адастырды. Негізінде шайтан адам баласы үшін опасыз болады."
Verse 30
Пайғамбар: "Раббым! Рас менің елім бұл Құранды тастап қойды" деді.
Verse 31
Сол сияқты әр пайғамбар үшін күнәкарларды дүшпан қылдық. Раббың жетекшілік және көмекшілікте саған жетіп, асады.
Verse 32
Тағы кәпірлер: "Оған Құран бір-ақ жолда неге түсірілмеді?",-деді. Осылайша, көкейіңе қондыру үшін оны анықтап оқыдық.
Verse 33
Олар саған бір мысал келтірсе; әрине саған шындьіқты және көркем түсінікті әкелеміз.
Verse 34
Тозаққа бетімен жер бастырылып жиналатындар; міне солар, орындары жаман, жолдары қаңғырыс болатындар.
Verse 35
Рас Мұсаға Кітап беріп, Онымен бірге туысы Һарүнды уәзір қылдық.
Verse 36
Сонда оларға: "Екеуің аяттарьімызды жасынға шығарған елге барыңдар" дедік. Ақыры ол елді мүлде типыл қылдық.
Verse 37
Нұх (Ғ.С.) тың елін де пайғамбарларды жасынға шьіғарған кезде суға батырып, оларды адам баласы үшін бір ғибрат қылдық. Сондай-ақ залымдар үшін күйзелтуші азап дайындадық.
Verse 38
Ғад, Сәмүд және Рес елін; бұлардың арасында көптеген нәсілдерді де...
Verse 39
Барлығына да мысалдар берген едік те мүлде жоқ еттік.
Verse 40
Расында (Меккеліктер) сондай пәлекет жаңбырға ұшыраған кентке келген еді. Олар оны көрмеді ме? Олай емес. Олар қайта тірілуді де үміт етпейді.
Verse 41
(Мұхаммед Ғ.С) Олар сені көрсе-ақ болды: "Алланың жіберген Елшісі осы ма?",- деп тәлкекке алады.
Verse 42
Олар: "Егер оған шыдамасақ, тәңірлерімізден адастыра жаздады" дейді. Олар азапты көрген сәтте, кімнің жолдан адасқаын біледі.
Verse 43
(Мұхаммед Ғ.С.) ойын, тәңір жасап алғанды (ойының құлы болғанды) көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба?
Verse 44
Немесе олардың көбін; тыңдайды я түсінеді деп, ойлайсың ба? Олар мүлде хайуандар тәрізді. Бәлкім олар жолдан тым адасқан.
Verse 45
Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егер қаласа, оны тұрақты қылар еді. Сосын күнді көлеңкеге бір дәлел қылдық. (Көлеңке; күннің барлығының дәлелі. Әр нәрсе өзінің терісімен анықталады. Ж.М.Р.)
Verse 46
ﭳﭴﭵﭶﭷ
ﭸ
Сосын ұзын көлеңкені өз жағымызға қолай алдық.
Verse 47
Ол сондай Алла, сендерге түнді; киім, ұйқыны; тынығу етіп, күндізді; (кәсіпке) тарқау мезгілі қылды.
Verse 48
Ол сондай Алла; рахметінің (жаңбырдың) алдында қуандырып, самалдарды жіберді. Аспаннан тап-таза жаңбыр жаудырдық.
Verse 49
Ол арқылы өлі жерді жандандырып, біз жаратқан хайуандар менен көптеген адамдарды суару үшін.
Verse 50
Расында үгіт алулары үшін; жаңбырды араларына айналдыра жаудырдық. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді.
Verse 51
Егер қаласақ; әр кентке бір ескертуші жіберер едік.
Verse 52
(Мұхаммед Ғ.С.) енді кәпірлерге бағынба! Олармен Құран арқылы ұлы күрес жаса!
Verse 53
Ол сондай Алла, екі теңізді қоя берді; мынау тәтті сүйкімді және анау тұзды, ащы. Екі арасына (қосылып, араласпайтын) бөгет жасады.
Verse 54
Ол сондай Алла, судан адам жаратып, оны ұрпақ және жегжат қылды. Раббың күшті.
Verse 55
Олар, Алладан өзге өздеріне пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге шоқынады. Сондай-ақ кәпірдер Раббына қарсы шыққанға жәрдем етеді.
Verse 56
ﭑﭒﭓﭔﭕ
ﭖ
(Мұхаммед Ғ.С.) негізінде сені қуандырушы, қорқытушы, ғана қылып жібердік.
Verse 57
Оларға: "Бүған сендерден ақы емес, Раббыларыңның жолын ұстағысы келген кісіні ғана қалаймын" де.
Verse 58
Сондай еш өлмейтін тірі Аллаға тәуекел ет. Оны дәріптей мақта. Ол құлдарының күнәларынан хабар алуға жетіп асады.
Verse 59
Ол, сондай көктер мен жерді және екі арасындагыларды алты күнде жаратып сосын ғаршына көтерілді. Ол, тым қамқор, оны білгеннен сұра.
Verse 60
(Сәжде аяты бар.) Оларға: "Рахманға сәжде қылыңдар" делінсе: "Рахман деген не? Сен әмір еткен нәрсеге сәжде қыла берейік бе?",-десті. Бұл, олардың жиренішін қоздырды.
Verse 61
) Сондай мол игілік иесі Алла, аспандагы жұлдыздардың орнын жаратып, онда бір жарық (күн) және сәуле беруші айды жаратты.
Verse 62
Ол, сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісі үшін түн мен күндізді, бірін-біріне ертіп қойды.
Verse 63
Рахманың қүлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: "Сәлеметшілік" деп, дұрыс жауап береді.
Verse 64
ﯟﯠﯡﯢﯣ
ﯤ
Олар түнді, Раббыларына сәжде қылу, тіке түрумен өткізеді.
Verse 65
Олар: "Раббымыз! Тозақ азабын аулақ қыл! Рас оның азабы тұрақты" дейді.
Verse 66
ﯲﯳﯴﯵ
ﯶ
Шынында ол; орынның да мекеннің де жаманы.
Verse 67
Олар мал сарып қылғанда, ысрап та қылмай, сараңдық та істемей, осы орталықта тұрады.
Verse 68
Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кім оларды істесе, күнәға жолығады.
Verse 69
Қиямет күні, еселеніп азап болады. Олар онда қор болып, мүлде қалады.
Verse 70
Бірақ кімде-кім тәубе қылса, Сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Verse 71
Кімде-кім тәубе қылып, түзу іс істесе, рас ол, Аллаға лайықты түрде қайтқан болады.
Verse 72
Олар өтірікке айғақ болмайды да бос (пайдасыз) сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді.
Verse 73
Қашан оларға Раббыларының аяттары арқылы тгіт берілсе, оған құлақ салмай, көз жұмып, кете бермейді.
Verse 74
Олар: "Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, үрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!",- дейді.
Verse 75
Міне бұлар, сабыр еткендіктері себепті жоғарғы сыйлыққа бөленеді. Аман-сәлеммен қарсы алынады.
Verse 76
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
ﯢ
Олар онда мәңгі қалады. Ол нендей көркем тұрақ, жақсы орын!
Verse 77
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерді неге бағаласын? Рас сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтан азапқа душар боласыңдар" де.
تقدم القراءة