الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде المزّمّل сүресінің аудармасы
Verse 1
ﭑﭒ
ﭓ
Әй бүркеніп жатушы (Мұхаммед Ғ.С.)!
Verse 2
ﭔﭕﭖﭗ
ﭘ
Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта;
Verse 3
ﭙﭚﭛﭜﭝ
ﭞ
Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт.
Verse 4
ﭟﭠﭡﭢﭣﭤ
ﭥ
Не оған бігаз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп тұруда еріктісің.) Сондай-ақ Құранды өте анықтап оқы. (Намаз парыз болудан бұрын, түнде ояу тұру парыз болған. А.Т.Х.)
Verse 5
ﭦﭧﭨﭩﭪ
ﭫ
Әрине саған салмақты (маңызды) Құранды түсіреміз.
Verse 6
Шын мәнінде түнде тұру, нәпсіге әсерлі, оқуға қолайлы...
Verse 7
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
ﭻ
Расында күндіз сенің ұзын жұмысын бар.
Verse 8
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
ﮂ
Раббыңның атын дәріптеп, әр нәрседен аулақ болып, Оған нағыз жөнел.
Verse 9
Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Оны ие тұт.
Verse 10
Олардың айтқандарына сабыр ет. Олардан сыпайы түрде айрыл.
Verse 11
ﮕﮖﮗﮘﮙﮚ
ﮛ
Жасынға шығүрушы ырыс иелерін Маған таста. Оларға біраз мұрсат бер. (43-С. 23-А.)
Verse 12
ﮜﮝﮞﮟ
ﮠ
Расында Біздің алдымызда боғаулар және тозақ бар.
Verse 13
ﮡﮢﮣﮤﮥ
ﮦ
Қақалатын тамақ әрі жан түршігерлік азап бар.
Verse 14
Сол күні, жер мен таулар қозғалады да таулар құм боп жиналады.
Verse 15
Расында Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге де куә түрінде Пайғамбар жібердік.
Verse 16
ﯝﯞﯟﯠﯡﯢ
ﯣ
Сонда Перғауын пайғамбарға қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық.
Verse 17
Егер қарсы келсеңдер, балалардың да шашын ағартатын күннен қайтып сақтанасыңдар.
Verse 18
Ол күннің зардабынан көк жарылады, Алланың уәдесі орындалады.
Verse 19
Расында бұл бір насихат. Ал енді кім қаласа, Раббының жолын ұстайды.
Verse 20
(Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, ттнімен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. (Түнде тұруды қалдырды. Б.Ж.М.) Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. Және өздерің үшін алдын ала хайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
تقدم القراءة