الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде لقمان сүресінің аудармасы
Verse 1
ﭑ
ﭒ
Әлйф. Ләм. Мим.
Verse 2
ﭓﭔﭕﭖ
ﭗ
Міне бұл, хикметті Кітаптың аяттары.
Verse 3
ﭘﭙﭚ
ﭛ
Тура жол; мәрхамет, жақсылық істеушілер үшін.
Verse 4
Сондай олар намазды толық орындап, зекет береді. Сондай-ақ олар ахиретке толық нанады
Verse 5
Міне солар, Раббылары тарапынан тура жолда, сондай-ақ олар құтылушылар.
Verse 6
Адамдардың түк білмесе де Алланың жолынан адастыру және тәлкекке алу үшін ертегіге айырбастап алғандар бар. Міне солар, үшін қорлаушы азап бар.
Verse 7
Оған аяттарымыз оқылған сәтте, оны естімегендей тіпті құлақтарында тығып бардай паңсып теріс айналады. Оны күйзелтуші азаппен қуандыр.
Verse 8
Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендер, олар үшін нығметі түгемейтін бақшалар бар.
Verse 9
Онда олар мәңгі қалады. Алланың уәдесі хақ. Ол, өте үстем, хикмет иесі.
Verse 10
Сендер, тіреусіз көрген көкті жаратты да сендерді теңселтеді деп, жер бетіне асқар тауларды қойды. Сондай-ақ бүкіл жандықты өргізді де көктен жаңбыр жаудырып, онда әр түрлі көркем парымен өсімдіктерді өсірдік.
Verse 11
Бұл Алланың жаратқаны. Ал Алладан өзгенің не жаратқанын Маған көрсетіңдерші! Әрине залымдар апық адасуда.
Verse 12
Рас Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік. Кім шүкір етсе, өзі үшін шүкір етеді. Ал кім нәсүкірлік етсе, сонда да Алла мұңсыз, мақтауға лайық. (Лұқман аса дана, табип болған кісі. Жалпы көз қарас бойынша, Лүқман пайғамбар емес, дәрігер. Б.Ж.М.Р.)
Verse 13
Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: "Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық" деді.
Verse 14
Адамдарға; ата-анасына қарайласуды бүйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ.
Verse 15
Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, Оларға бағынба! Олармен дүниеде дұрыс жолдас бол да Маған құштар адамдардың жолына түс. Сосын барар орындарың Мен жақ; сонда істеген істеріңді баян етемін.
Verse 16
(Лұқман): "Әй ұлым! Тарының салмағындай болса да бір жар тастың ішінде болса да көктерде не жерде болса да Алла оны (қиямет күні) келтіреді. Расында Алла өте мұлайым, толық білуші."
Verse 17
"Әй ұлым! Намазды толық орында. Дүрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет. Рас бұлар маңызды істерден."
Verse 18
"Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп, жүрме. Расында Алла, бүкіл дандайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді."
Verse 19
"Жүрісіңде орташа бол да даусықды бәсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың ең жаманы есектің дауысы."
Verse 20
Көрдіңдер ме? Рас Алла (Т.) сендерге көктердегі, жердегі нәрселерді бой тсындырды. Және сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтасырды. Сонда да ешбір білімі, тура жолы не нтрландырупш кітабы болмаған кейбір адамдар, Алла жайында таласады.
Verse 21
Қашан оларға: "Алланың түсірген нәрсесіне ілесіңдер" делінсе, олар: "Жоқ, аталарымызды тапқан нәрсеге ілесеміз" дейді. Егер шайтан оларды жалындаған азапқа шақырса да ма?
Verse 22
Кім өзін Аллаға тапсырып, игілік істесе, сонда ол; расында берік тұтқаны ұстаған болады. Бұкіл істердің соңы Аллаға тән.
Verse 23
(Мұхаммед Ғ.С.) кім қарсы келсе, сонда оның қарсылығы сені кейітпесін. Олардың қайтар жері Біз. Сонда оларға не істегендерін баян етеміз. Расында Алла, көкіректегілерді толық біледі.
Verse 24
Оларды аз пайдаландырып, сосын ауыр азапқа зорлаймыз.
Verse 25
(Мұхаммед Ғ.С.) Егер олардан: "Көктер мен жерді жаратқан кім?",-деп, сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. "Барлық мақтау Аллаға тән" де. Әрине олардың көбі түсінбейді.
Verse 26
Көктер мен жерде болған нәрселер Алланікі. Рас Алла бай, мақтауға лайық.
Verse 27
Рас егер жер жүзіндегі ағаш атаулы; қалам, тәңіз (сия болып), одан кейін оған тағы жеті теңіз көмектесіп, (жазса да) Алланың сөздері таусылмайды. Күдіксіз Алла, өте үстем, хикмет иесі.
Verse 28
Сендердің жаратылуларың да тірілтілулерің де бір-ақ кісідей ғана. Расында Алла, аса естуші, тым көруші.
Verse 29
Көрмедің бе? Расында Алла, түнді күндізге қосып, күндізді түнге қосады. Сондай-ақ күн мен айды бағындырды. Барлығы белгілі бір мерзімге дейін жүреді. Рас Алла, олардың істегендерін толық білуші.
Verse 30
Міне шәксіз Алла Ол, хақ. Сөз жоқ, олардың Алладан өзге жалбарынғандары босқа. Күдіксіз Алла, Ол өте жоғары, аса ұлы.
Verse 31
Көрмедің бе? Рас кеме теңізде Алланың ілтипатымен сендерге Оның деректерін көрсету үшін жүреді. Рас осыларда тым сабырлы, өте шүкір етушілердің барлығына белгілер бар
Verse 32
Қашан оларды таулардай толқын орап алса, дінге деген нағыз ықыласпен Алладан тілейді. Ал қашан Алла, оларды құтқарып, қырға шығарса, олардың кейбіреуі орташа болады. Негізінде аяттарымызға біртұтас опасыз қасарысқандар ғана қарсы келеді.
Verse 33
Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар және ешбір әке; баласы тарапынан бодау төлемейтін сондай-ақ ешбір бала да; әкесі тарапынан түк бермейтін күннен де қорқыңдар. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ. Сондықтан сендерді дүние тіршілігі әсте алдамасын. Сондай-ақ өте алдаушы ол, (шайтан да) Алла турасында алдамасын.
Verse 34
Әрине қиямет мерзімінің мәліметі Алланьің қасында. Жаңбырды Ол жаудырады, Ол жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Алла (Т.) толық білуші, хабар алушы.
تقدم القراءة