الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде الإسراء сүресінің аудармасы
Verse 1
Құлын (Мұхаммед Ғ.С. ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла,әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші. (Мұхаммед Ғ.С. бір түні Жебірейіл Ғ.С. арқылы Бұраққа мінгізіліп, Месжід Харамнан Месжід Ақсаға апарылып, ол арадан да көкке шығарылып, бір демде адам баласының өлшеулі сезімінен тыс дәрежеге ие болып қайтқан “Миғраж” уақиғасы. 53-С. 1-18-А.)
Verse 2
(Мұса )Ғ.С. ға Кітап бердік те оны Исраил ұрпақтарына: “Менен өзгені ие тұтпаңдар!”,-деп жолбасшы қылдық.
Verse 3
Әй Нұх (Ғ.С.) пен бірге (кемеге) түсіргендеріміздің ұрпақтары! Күдіксіз ол, шүкір етуші бір құл еді.
Verse 4
Кітапта Исраил ұлдарына: “Әрине жер жүзінде екі реет бұзғыншылық қылып, өте тәкаппарланасыңдар” деп ескерттік.
Verse 5
Екі уәденің алғашқысы келген кезде, оларға, қатты жауынгер құлдарымды жібердік те олар үйлердің араларына дейін кірді. Бұл орындалатын уәде еді.
Verse 6
Сонсоң сендерді оларға үстем қылдық. Әрі сендерді малдар, балалар арқылы қуаттап, сан жағынан да молайттық. (Олардың бірінші астамшылығы; Тәуратқа қарсы келу, Шағяны өлтіру. Екіншісі: Зәкерия, Яхияны өлтіру және Ғисаға қастандық. Жеңілістері: Санжарып, Бахтынасар, Жалұт дәуірлері. Жақсарған дәуірлері; Данял, Дәуіт дәуірлері. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.
Verse 7
Егер игілік істесеңдер, өздерің үшін; Жамандық істесеңдер тағы өздеріңе тән. Екінші уәделі мезгіл келген кезде ; беттеріңді бұзып, қынжылту үшін және алғашқы кіргендеріндей Месжід Ақсаға кіріп, тас талқан қылулары үшін (жібердік.)
Verse 8
Мүмкін Раббыларың мәрхамет етер. Егер қайталасаңдар, Біз де қайта жазалаймыз. Сондай-ақ жаћаннамды кәпірлерге зіндан қылдық.
Verse 9
Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін шүйіншілейді.
Verse 10
Рас ахиретке сенбегендер үшін күйзелтуші азап әзірледік.
Verse 11
Адам баласы жамандықты жақсылық тілегендей тілейді. Негізінен адам баласы тым шыдамсыз.
Verse 12
Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп, күндізді; Раббыларыңның кеңшілігінен несібе іздеулерің және жылдардың санын; заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық. Сондай-ақ әр нәрсені ашық баян еттік.
Verse 13
Әр адамның қылығын мойнына қоямыз. Сондай-ақ қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі.
Verse 14
“Кітабыңды оқы. Бүгін есеп беру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің” (делінді)
Verse 15
Кім тура жолда жүрсе, шын мәнінде өзі үшін тура жолда жүреді. Ал кім адасса, сонда ол өз зиянына ғана адасады. Ешкім басқаның күнәсін көтермейді. Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімге азап қылмаймыз.
Verse 16
Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (үкім) шындыққа айналады. Сөйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.
Verse 17
Нұх (Ғ.С.) тан соң ғасырлар бойы қаншалағанды жоқ еттік. (Мұхаммед Ғ.С. ) Раббың құлдарының қылмыстарын білу, көруде жетіп асады.
Verse 18
Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз Сонсоң оны жаћаннамға саламыз. Ол, оған қорланып, мәрхаметке зақ болған түрде кіреді.
Verse 19
Ал кім мүмін болған түрде, ахиретті қалап, сол үшін тырысса, міне солардың тырысулары шүкірге (қабылдануға) лайық.
Verse 20
(Мұхаммед Ғ.С.) дүние тілеген бұларға да ахирет тілеген оларға да Раббыңның мәрхаметінен береміз. Негізінен Раббыңның берері тыйылмайды.
Verse 21
Олардың кейбіоеулерін, кейбіреулерінен қалайша үстем қылғанымызға қара! Әрине ақирет, дәрежелер тұрғысынан тағы ірі, артықшылық жағынан да тағы зор.
Verse 22
Алламен бірге басқа тәңір жасама ! Онда қорланған түрде отырып қаласың.
Verse 23
Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Тұћ” деме. (Кейіс білдірме.) Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле.
Verse 24
Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!”,-де.
Verse 25
Раббыларың іштеріңдегі нәрселерді жақсы біледі. Егер игілерден болсаңдар, негізінде Алла, бойсұнушыларды жарылқайды.
Verse 26
Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар.
Verse 27
Шынында ысырапқорлар шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббыңа өте қарсы.
Verse 28
Рабыңның мәрхаметін іздеп, үміт еткен түрде жалтақтасаң , (қола болғандықтан бере алмасаң ,) онда оларға сыпайы сөйле.
Verse 29
Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа. (Өте сараң болма да бір-ақ берме.) Онда сөгіске ұшырап, таршылықта қаласың.
Verse 30
Шынында Раббың қалаған кісісіне несібесін кеңітіп, тарылтады. Күдіксіз Ол құлдарынан толық хабар алушы, көруші.
Verse 31
Бір де кедейшіліктен қорқып, баларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да сендерді де көректендіреміз. Расында оларды өлтіру зор қателік. (Жаћилиет дәуірінде, араптар қыз балаларын тірідей көміп тастайтын болған.. 16-С.59-А.)
Verse 32
Зинаға жоламаңдар. Өйткені, Ол анық арсыздық және жаман жол. (Зинаға жұуымаңдар: “Соған бейімделетін әр түрлі әрекеттерден аулақ болыңдар!”,- деген маңызда. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.
Verse 33
Арам , арам еткен кісіні өлтірмеңдер! Бірақ тиісті болса өлтіріледі. Ал біреу жазықсыз өлтірсе, сонда өліктің иесін ерікті еттік. Өлтіруде шектен аспасын. Өйткені, оған жәрдем етіледі. (Өш әперіледі.)
Verse 34
Жетімнің малына жоламаңдар. Бірақ ол, ержеткенге дейін жақсылап шығысуға болады. Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады.
Verse 35
Өлшегенде тура өлшеп, тура таразамен тартыңдар! Осы хайырлы нәтиже тұрғысынан да жақсы.
Verse 36
Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады.
Verse 37
Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді әсте жара алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың.
Verse 38
Осы барлық жаман нәрселер, Раббыңның қасында жек көрілген.
Verse 39
(Мұхаммед Ғ.С.) міне осы, Раббыңның саған уахи еткен хикіметінен; Алла мен бірге басқа тәңір жасама: Сөгіс берілген, мәрхаметтен қуылған түрде тозаққа тасталасың.
Verse 40
Раббыларың сендерге ұлдарды арнап, өзіне періштелерден қыз етіп алды ма? Шынында әлбетте ауыр сөз сөйлейсіңдер.
Verse 41
Расында бұл Құранды насихат үшін қайта-қайта баян еттік. Дегенмен олардың жиреніштерін ғана арттырды.
Verse 42
(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Алла мен бірге олардың айтқандарындай тәңір болса еді, онда әрине ғаршының иесіне бір жол іздер еді. (Не қарсы шығар еді, немесе бой ұсынар еді.)
Verse 43
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
ﮑ
Алла (Т.) олардың айтқан нәрселерінен пәк, үстем, ірі.
Verse 44
Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар. Шынында Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы.
Verse 45
(Мұхаммед Ғ.С.) сен қашан Құран оқысаң сенімен ахиретке сенбегендердің арасына көмес бір перде жасаймыз.
Verse 46
Олардың жүректеріне Құранды түсінулеріне кедергі және құлақтарына қаға беріс жасадық. Құранда Раббыңды бір ғана деп еске алған кезіңде, олар жирен түрде арттарына бұрылып кете береді.
Verse 47
Біз, олар сені тыңдағанда, қайтып тыңдағандарын және өзара сыбырласқанда залымдардың: “Сендер, жадыланған біреуге ғана ілесесіңдер” дегендіктерін жақсы білеміз.
Verse 48
Қара! Олар қандай мысалдар берді. (Ақын, сиқыршы, бақсы, жынды деді.) Олар, сөйтіп адасты. Олар енді жол таба алмайды.
Verse 49
Олар: “Біз, сүйектер және қоқыс болған кезде, жаңа бір жаратылыспен қайта тірілеміз бе? ”,-деді.
Verse 50
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
ﭗ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Тас болыңдар” де
Verse 51
“Әлде тіпті ойларыңдағы ең зор жаратылыс болыңдар. (Қайта тірілтілесіңдер.) ”Сонда олар: “Бізді кім қайта тірілтеді?”,-дейді. “Жақында болатын шығар” де.
Verse 52
Сендерді шақырған күні, Оны дәріптей қабылдап, (қабырда) аз ғана жаттық деп ойлайсыңдар.
Verse 53
Құлдарыма айт! “Ең сыпайы түрде сөйлесін. Өйткені, шайтан араларына бұзақылық салар. Расында шайтан адамдар үшін ашық дұшпан”
Verse 54
Раббыларың сендерді жақсы біледі. Қаласа, мәрхамет етеді де қаласа, азап етеді. Сені оларға қорғаушы етіп, жібермедік.
Verse 55
Раббың көктер мен жердегі әркімді жақсы біледі. Расында пайғамбардың біреулерінен,біреулерін артық қылдық. Сондай-ақ Дауытқа Зәбұрды бердік.
Verse 56
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Алладан өзге (тәңір деп) ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың, қиыншылықтарыңды айықтыруға, сендерден бұрып, жіберуге шамалары келмейді” де.
Verse 57
Олардың сиынғандары; (періштелер, пайғамбарлар, жындар. К. Б.Ж.М.Р. ) Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді. (5-С. 35-А.) Рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде Раббыңның азабы сескенуге тиісті.
Verse 58
Біз қиямет күнінен бұрын жоқ етпеген немесен қатты азапқа ұшыратпаған ешбір кент болмас. Бұлар, Кітапта (Лаухыл Махфұзда ) жазулы.
Verse 59
Біздің мұғжизалар жібермеуіміз бұрынғылардың мұғжизаны жасынға шығаруы ғана болды. Сондай-ақ Сәмүд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ оған зұлымдық қылып, өлтірді. Негізінде мұғжизаларымызды үрейлендіру үшін ғана жібереміз.
Verse 60
(Мұхаммед Ғ.С. ) бір кезде саған: “Негізінде Раббың адамдарды баураған” деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді (Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.) және Құрандағы қарғалған ағашты (44-С.43-А.) адамдарға бір сынақ қылдық. (Өйткені, Миғраж уақиғасына да тозақтағы Заққұм ағашына да сенбеген.) Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырады.
Verse 61
Сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар!”,-дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай: “Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба?”,-деді.
Verse 62
Ібіліс: “Осы, менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені қиямет күніне дейін кешіктірсең, әлбетте ұрпақтарыңның өте азынан басқасын қырыма бір аламын” деді.
Verse 63
(Алла): “ Кет! Енді олардан кім саған ерсе, сонда рас жазаларың жаћаннам болады. Толық бір жаза ” деді.
Verse 64
“Олардан шамаң келгенін даусыңмен әуліктір. Және оларға, атты, жаяу түрде келіп, байбаламдап, дүрліктір. Сондай-ақ олардың малдарына, балаларына (арамдық араластырып) ортақ бол. Оларға жалған уәде бер. ” Негізінде шайтан оларға алдаудан басқа уәде бере алмайды.
Verse 65
“Шынайы құлдарым болса, оларға ықпалың жүрмейді. Раббым уәкілдікте жетік.”
Verse 66
Раббыларың сондай Алла; өзінің кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін теңізде кеме жүргізеді. Өйткені, Ол, сендерге өте мейірімді.
Verse 67
Сендер теңізде бір қиыншылыққа душар болған сәтте, Алладан басқа сиынғандарың жоқ болады. Ал енді сендерді құтқарып, қырға шығарса, жалт бересіңдер. Негізінде адам баласы тым нәсүкір.
Verse 68
Алланың құрылықта да сендерді жерге жұттыруынан немесе сендерге тасты боран жіберуінен хауіпсізсіңдер ме? Соңыра өздеріңе бір болысушы таба алмайсыңдар.
Verse 69
Не сендерді қайтадан теңізге қайтарып, қарсылықтарыңның салдарынан бір құйын жіберіп, суға батыруынан бейбітсіңдер ме? Сонда сендерге болысып, бізді қуалаушы таба алмайсыңдар.
Verse 70
Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды қрылықта да теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық.
Verse 71
(Мұхаммед Ғ.С.) бір күні бүкіл адам баласын бастықтарымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оңынан берілсе, міне солар, кітаптарын оқиды. Оларға қылдай қиянат болмайды.
Verse 72
Бұл дүниеде шындықты көрмегендер, ақиретте соқыр әрі жолдан адасқан болды.
Verse 73
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені, саған уахи еткенімізден басқа нәрсені, бізге жала жапсыртып бұзуға жақындады. Сол уақытта олар, сені дос тұтады.
Verse 74
Егер біз сені бекемдемесек еді, әрине оларға біраз бейімдеуге жақындар едің.
Verse 75
Егер ондай болса, саған тіршілікте де қайтыс болғаннан кейін де әлбетте еселеп азап таттырар едік. Сосын өзіңе, бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің. (Бұл аяттар, мүшріктердің Мұхаммед Ғ.С. ға келіп, кейбір діни ережелердің өз қалауларына сәйкес орындалуын талап еткендіктеріне байланысты түскен. Б.Ж.Р.Х.Т.Ж-Қ.)
Verse 76
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені, түрткі салып, жерден (Меккеден) шығара жаздады. Сонда олар, сенен кейін өте аз тұрады. (Оларға Меккенің баяны болмайды.)
Verse 77
Расында сененбұрын жіберегн елшілерімізде де жол осы еді. (Елшілерді қуғандар, опа таппаған еді.) Біздің жолымызда ешбір өзгеріс таппайсың.
Verse 78
Түс қиғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз оқы. (Бесін, екінті, ақшам және жашыйық намаздары.) Әрі таң намазын оқы. Күдіксіз таң намазына періштелер де қатынасады. (Ж.М.К.Р. т.б.)
Verse 79
(Мұхаммед Ғ.С.) Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі. (Бұл зор шапағат орны. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.)
Verse 80
(Мұхаммед Ғ.С.): “Раббым! Мені (кірер жеріме) шындықпен кіргіз де (шығар жерімнен) шындықпен шығар. Әрі маған өз қасыңнан жеңіс көмек ет” де.
Verse 81
“Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады” де.
Verse 82
Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.
Verse 83
Біз адам баласына нығмет берген кезде, жалтайып, бір жағына қыңырайып алды. Қашан оған бір сәтсіздік жетсе, мүлде күдер үзеді.
Verse 84
(Мұхаммед Ғ.С.): “Әркім өз жөн көргенін істейді. Сонда Раббың, кімнің тура жолда екенін жақсы біледі” де.
Verse 85
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен (рұх) жан туралы сұрайды: “Ол, Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді” де.
Verse 86
Әрине қаласақ, саған уахи еткен Құранды алып алар едік. Кейін Бізге қарсы бір жар таба алмас едің.
Verse 87
Бірақ Раббыңның мәрхаметі бойынша қалдырдық. Өйткені, саған, Раббыңның кеңшілігі тым зор.
Verse 88
(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер адамдар, жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар, бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды” де.
Verse 89
Расында Біз бұл Құранда адам баласы үшін әр нәрсенің мысалын ашалап, баян еттік. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді.
Verse 90
Олар: “Бұл жерден сен бізге, бастау ағызғанға дейін саған әсте сенбейміз” деді.
Verse 91
“Немесе сенің құрмадан, жүзімнен бір бақшаң болсын. Сонда оның араларынан өзендер ағызып қоярсың”
Verse 92
“Не ойлағаныңдай аспанды үстімізге кесек түрінде түсірерсің. Яки Алланы, періштелерді бетпе-бет келтірерсі.”
Verse 93
“Не болмаса, алтыннан бір үйің болсын. Яки аспанға шығарсың. Сонда да бізге оқитын бір Кітап түсірмейінше, көкке шыққандығыңа әсте сенбейміз” деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Раббымды пәктеймін! Мен бір адам баласы Пайғамбар ғанамын.” де.
Verse 94
Адам баласына; Пайғамбар, тура жол (Құран) келтірген кезде, олардың: “Алла; адамды, пайғамбар қылып, жіберді ме?”, - деген сөздері ғана иман келтірулеріне бөгент болды.
Verse 95
(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер жер жүзінде бейбіт жүргендер, періштелер болса еді, әрине оларға көктен періште елші жіберер едік” дегенді, айт.
Verse 96
Оларға: “Алла сендер мен менің арамда куәлік тұрғысынан жетіп асады. Шын мәнінде Ол, құлдарынан толық хабар алушы, аса қырағы” де.
Verse 97
Алла кімді оңғарса, сонда ол тура жолда. Алла кімді адастырса, оған Алладан өзге жәрдемші таба алмайсың. Біз оларды қиямет күні, бетімен жер басқан, сақау және саңырау түрде жинаймыз. Орындары тозақ, толастаған сайыноларға жалынын арттыра түсеміз.
Verse 98
Бұл олардың сазайы. Өйткені, олар аяттарымызға қарсы келді. Және: “Біз сүйектер тіпті қоқым топырақ болып кеткен кезде; жаңадан жаратылып, тірілеміз бе?”, - деді.
Verse 99
Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың; өздері сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар үшін бір белгілі мерзім жасаған; онда әсте шек жоқ. Сонда да залымдар бас тартып, мүлде қарсы келді.
Verse 100
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер сендер Раббымның рахметінің қазынасына ие болсаңдар, сол уақытта да оның жұмсалып кетуінен қорқып, әрине үнемшілік істер едіңдер. Өйткені, адам баласы тым сараң” де.
Verse 101
Расында Мұса (Ғ.С.) ға тоғыз ашық мұғжиза берген едік. (Таяқ, қолдың жарқырауы шегіртке, бит, қан, тастан су шығару, теңіздің жарылуы және Тұр тауының көтерілуі. Б.М.К...) (Мұхаммед Ғ.С.) Исраил ұрапқтарынан сұра: Мұса оларға келегн кезде; Перғауын: “Әй Мұса! Әрине сені сиқырлаған деп ойлаймын” деген еді.
Verse 102
Мұса (Ғ.С.): “Расында сен бұлардың; көктер мен жердің Рабы түсірген көрнеу мұғжизалары бар екенін білесің. Әй Перғауын? Шын мәнінде мен, сені типыл болады деп ойлаймын”, - деген еді.
Verse 103
Ақыр (Перғауын) Исраил ұрапқтарын мемлекеттен шығарғысы келді. Сонда оны, онымен бірге болғандарды суға батырып жібердік.
Verse 104
Одан кейін Исраил ұрапақтарына: “Бұл жерге (Мысырға) орналасыңдар. Қашан қиямет уәдесі келсе, Сендерді жинап әкелеміз” дедік.
Verse 105
Біз Құранды шындықпен түсірдік. Ол, шындық бойынша түсті. (Мұхаммед Ғ.С.) сені қуанту, ескерту үшін ғана жібердік.
Verse 106
Біз Құранды адамдарға тоқырап оқуың үшін бөлімдерге айырып, аз-аздап түсірдік.
Verse 107
(Сәжде аяты бар.) “(Мұхаммед Ғ.С.): Құранға мейлі сеніңдер мейлі сенбеңдер; бұдан бұрын өздеріне ғылым берілгендер, оларға Құран оқылған заман, етпеттерінен сәждеге жығылады.
Verse 108
Олар: “Раббымызды пәктейміз. Әрине Раббымыздың уәдесі орындалады” дейді.
Verse 109
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
ﮉ
Олар жылап, етпеттерінен түседі. Бұл олардың ықыласын арттырады. (Бұлар; Кітап иелерінен Мұсылман болғандар. Ж.Р.Х.Ж-Қ.)
Verse 110
(109) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Мейлі Алла деп немесе Рахман деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән” де. Намазда; жариялап тақұпиялап та оқыма да осының арасындағы жолды ұста
Verse 111
“Барлық мақтау, бала иемденбеген әрі мүлкінде еш серігі болмаған сондай-ақ әлсіздіктен көмекшісі болмаған Аллаға лайық” де. Және Оны, өте ұлықта.
تقدم القراءة