الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде الأحزاب сүресінің аудармасы
Verse 1
Әй нәби! Аллаға тақуалық істе де кәпірлермен мұнафықтарға бағынба. Рас Алла тым білуші, аса дана.
Verse 2
Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ілес. Әрине Алла не істегендеріңді толық білуші.
Verse 3
Аллаға тәуекел ет. Ол, уәкіллікте жеткілікті.
Verse 4
Алла (Т.) ешбір адамның кеудесінде екі жүрек жасаған емес. (Анамның арқасындайсың деп,) серт қылған жұбайларың, аналарың болмайды. (Араптар; әйелін анасының бір мұшесіне ұқсатып, серт қылса; анам боп қалды деп, ажырасатын болған. Ислам дінінде садақа төленеді. Бұны "Зіһар" деп, атайды.) Және асырандыларың; бел балаларың бола алмайды. Бұларың ауызша сөздерің ғана. Алла шындықты айтады да Ол тура жол көрсетеді.
Verse 5
Оларды әкелерімен шақырыңдар. Сол Алланың қасында турарақ. Егер әкелерін білмесеңдер, сонда олар; дінде туыстарың, достарың. Ол жөнде қателессеңдер, сендерге кінә емес. Бірақ әтейге жүректеріңмен болса, (болмайды.) Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді.
Verse 6
Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық. Оның жұбайлары олардың аналары. Алланың Кітабында; туысқандар бір-біріне мүміндерден де мұһажірлерден де (мираста) жақын. Бірақ достарыңа (мүміндерге) қамқорлық жасауларыңа болады. Осылар Кітапта жазылған болатын.
Verse 7
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта, пайғамбарлардан уәде алған едік. Сенен, Нұх, Ыбырайым, Мұса және Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) лардан, солардан берік уәде алған едік.
Verse 8
Алла шыншылдардың шындығынан сүрау үшін еді. Кәпірлерге қинаушы азап әзірледі.
Verse 9
Әй мүміндер! Алланың сендерге болған нығметін еске алыңдар. Сендерге ләшкерлер келген еді. Сонда оларға боран және сендер көрмеген ләшкерлер жіберген едік. Алла не істегендеріңді толық көруші. (Ћіжіреттің бесінші жылы көптеген рулардан қүралған он екі мың кісілік қалың қол, Мединеге шабуыл жасайды. Мұхаммед (Ғ.С.) үш мың кісімен ор қазып, қорғаныс соғысын жасайды. Бір айға жақын болған соғыста, Мұсылмандар тым қүйзелгендіктен, Құдыретше қатты боран шығып, жау абыржып, қашады. Б.Ж.Р.М.К.)
Verse 10
Сол уақытта олар сендердің жоғарғы жақтарыңнан да төменгі жақтарыңнан да келген еді. Көздерің алайып, жүректерің ауызға келген еді. Сондай-ақ Аллаға байланысты әр түрлі ойлар ойланған еді.
Verse 11
ﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
ﮜ
Міне сол арада мүміндер сыналып, қатты теңселген еді.
Verse 12
Сол уақытта Мұнафықтармен жүректерінде дерті болғандар: "Бізге Алла да Елшісі де алдап қана уәде берген екен" деді.
Verse 13
Сол уақытта олардан бір бөлімі: "Әй Мединеліктер! Енді сендерге тұруға болмайды. Дереу қайтындар" десе, олардың тағы бір бөлімі, Пайғамбардан: "Үйлеріміз иен еді" деп, рұхсат сұрайды. Негізінде олар (үйлері) иен емес, олар қашуды ғана ойлайды.
Verse 14
Егер оларға әр тараптан кіріліп, сосын өздерінен пітіне талап етілсе, әрине кешіктірмей-ақ белсене кірісер еді.
Verse 15
Негізінде бұрыннан қайта қашпауға Аллаға уәде берген. Аллага берген уәдесіне жауапкер.
Verse 16
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Егер өлімнен немесе өлтіруден қашсаңдар, сендерге еш пайда бермейді. Қашқан уақытта да аз-ақ пайдаланасыңдар" де.
Verse 17
"Егер Алла сендерге бір жамандық қаласа немесе жақсылық қаласа, сендерді Алладан қорғайтын кім?",- де. Негізінде олар, өздеріне Алладан өзге бір дос не бір көмекші таба алмайды.
Verse 18
Әрине Алла, сендерден (соғысқа шығуға) кедергі болғандарды да туыстарына: "Бізге келіңдер" деушілерді де біледі. Олардың өте азы ғана соғысқа қатынасады.
Verse 19
Сендерге(келсе де) тым сараң. Ал қашан бір хауіп төнсе, олардың саған, өздерін өлім есірігі басып бара жатқандай көздері төңкеріліп қарағаның көресің. Сонда хауіп-қатер кетсе, қылған хайырларына іштері ашып, сендерге өткір тілдерін тигізеді.. (100-С. 8-А.) Міне осылар иман келтірмегендер. Сондықтан Алла, олардың ғамалдарын жойды. Бұл Аллаға оңай.
Verse 20
Олар руларды (жауларды) кетпеді деп, ойлады. Егер ол рулар келсе, өздері сахарадағы бәдеуилердің ішінде болып, сендердің хабарларыңды сұрап тұруды көксейді. Егер олар іштеріңде болса да өте аз соғысады.
Verse 21
Расында сендер үшін, Алланы да ахирет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар.
Verse 22
Мүміндер жау топтарын көрген сәтте: "Міне бізге Алланың да Елшісінің де уәде еткен нәрсесі. Алла да Елшісі де рас айтқан" десті. Сондай-ақ олардың сенімдерін, бой ұсынуларын одан ары арттыра түсті.
Verse 23
Мүміндерден, Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі кұтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады.
Verse 24
Алла шыншылдарды шыншылдықтарыменен сыйлар. Ал мұнафықтарды қаласа, азаптайды да немесе оларға тәубе нәсіп етеді. Күдіксіз Алла, өте жарылқаушы, тым мейірімді.
Verse 25
Алла ол кәпірлерді долданған бойларынша қайтарады. Олар игілікке жете алмады. Алла соғыста Мүміндерге жетіп асады. Алла аса күшті, тым үстем. (Бұрынғы тоқтамды бұзып, бұл соғыста жауға болысқан Якуди Қүрайза тайпасының бекіністері қоршалып, кейі өлтіріліп, кейі тұтқынға алынады. Б.Ж.М.К.)
Verse 26
Алла (Т.) кітап иелерінен жауға болысқандарды бекіністерінен түсірді. Сондай-ақ олардың жүректеріне үрей салды. Бір бөлімін өлтіріп, бір бөлімін тұтқынға алып жаттыңдар.
Verse 27
Олардың жерлеріне, үйлеріне, малдарына және сендер аяк баспаған жерге сендерді мұрагер қылды. Әр нәрсеге Алланың толық күші жетеді. (Бұл аяқ баспаған жерден мақсат; Иран, Рұм т.б. қияметке дейін алынатын мемлекеттер. Б.Ж.М.Р.Х.)
Verse 28
Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа: "Дүние тіршілігін оның сәнін көксесеңдер, дереу келіңдер, сендерге бір нәрселер беріп, көркем түрде ажыратайын" де.
Verse 29
"Егер Алланы, Елшісін және ахирет жұртын қаласаңдар, әрине Алла сендерден жақсылық істегендерге зор сыйлық дайындайды."
Verse 30
Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендерден біреу ашық бір ұятсыздық істесе, оның азабы екі есе арттырылады. Бұл Аллаға оңай.
Verse 31
Сендерден кім Аллаға, Пайгамбарына бой ұсынып, ізгі іс істесе, оған да екі есе сыйлық береміз. Сондай-ақ оған мол несібе береміз.
Verse 32
Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендер әйелдерден әлде біреу сияқты емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар, қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар әлде кім дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер.
Verse 33
Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәурінше ашылмаңдар. Сондай-ақ намазды орындап, зекет беріп, Аллаға, Пайғамбарына бағыныңдар. Әй Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды.
Verse 34
Үйлерінде оқылған Алланың аяттары мен хикметтерін еске алыңдар. Шәксіз Алла (Т.) өте жұмсақ, толық білуші.
Verse 35
Сөз жоқ, Мұсылман ерлер және Мұсылман әйелдер, мүмін ерлер және мүмін әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер және ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза тстаушы ерлер және ораза тстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Алланы көп зікір етуші ерлер және әйелдер; Алла (Т.) бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі.
Verse 36
Алла (Т.) және Елшісі, қашан бір іске үкім берсе, Мүмін ер және мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан болады. (Жахыш қызы Зейнеп Мұхаммед Г.С ның әкесімен туысқан апайының қызы еді. Ал Харис үлы Зәйіт құлдықтан азат еткен асыранды ұлы еді. Пайғамбар Ғ.С. Зейнепті Зәйітпен үйлендіргенде, Зейнеп те жақындары да қаламаған еді. Аралары жараса алмай Зәйіт Пайғамбар Р.С. ға келіп, айрылатындығын айтады. К.Х.А.Ж.Қ.Т-Қ.)
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта өзіне Алла да бақ берген, сен де бақ берген Зәйітке: "Жұбайыңды ажыратпа, Алладан қорық!",- деуде едін; Алланың жариялайтын нәрсесін көңліңде жасыруда едің. Адамдардан қорқасың. Негізінде қорқуға Алла лайық. Сонда одан Зәйітгің жұмысы біткен (ажыраған) кезде оны саған некелендірдік; мүміндерге, асырандыларынан босаған әйелдерді алуда бір кінә болмауы үшін. Алланың әмірі орындалады.
Verse 38
Пайғамбарға Алланың оған парыз еткен нәрсесінде оған айып жоқ. Бұрынғы өткендерге де Алланың жолы осы еді. Алланың әмірі тұжырымды бір үкім.
Verse 39
Сондай пайғамбарлар, Алланың нұсқауларын жалғастырып, Одан қорқады да Алладан басқа ешбіреуден қорықпайды. Алла есеп көруде жетіп асады.
Verse 40
Мұхаммед (Ғ.С.) сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Алланың Елшісі және пайғамбарлардың соңы. Алла әр нәрсені толық білуші.
Verse 41
Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер.
Verse 42
ﰂﰃﰄ
ﰅ
Оны ертелі-кеш пәктеңдер.
Verse 43
Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығу үшін өзі рахмет қыяып, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ мүміндерге ерекше мейірімді.
Verse 44
Олар Аллаға жолыққан күні амандары, "сәлем" болады. Және оларға қымбатты сыйлық әзірледі.
Verse 45
Әй Пайғаибар! Сөз жоқ, сені бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп, жібердік.
Verse 46
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
ﭩ
Алла жаққа, Оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік.
Verse 47
(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерді рас оларға Алладан, ірі игілік барлығын шүйіншіле.
Verse 48
Кәпірлер мен мұнафықтарға бой ұсынба. Олардың жәбір-жапаларын елеме. Аллаға тәуекел ет. Алла кепілдікте жетеді.
Verse 49
Әй мүміндер! Егер мүмін әйелдерді; некеленіп, оларға қосылмай тұрып ажыратсаңдар, сонда оларға сендердің санайтын бір мерзімдерің болмайды. (Ғиддат күтпей-ақ үйлене беруіне болады.) Онда олардың мәһер хақтарын беріп, көркем түрде ажыратыңдар. (Егер мәһер белгіленген болса, жартысы, болмаса азды-көпті бір нәрсе беріледі.2-С. 236-237-А.)
Әй Пайғамбар! Расында саған мәһерлерін берген жұбайларыңды, Алла саған нәсіп етіп, иелігіңде болған күңдерді, сенімен бірге көшіп келген әкеңмен туысқан ерлердің, әкеңмен туысқан әйелдердің, шешеңмен туысқан ерлердің әрі шешеңмен туысқан әйелдердің қыздарын халал қылдық. Сондай-ақ егер мүмін бір әйел езін Пайғамбарға бағыштаса; Пайғамбар оны некеленгісі келсе, бұны; өзге мүміндерден ерекше саған халал еттік. Мұсылмандарға жұбайлары, қол астарындағы күңдері хаққында нені парыз еткенімізді білдік; Саған тарлық болмауы үшін. Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Verse 51
(Мұхаммед Ғ.С.) жұбайларыңнан кімді кейін қалдырып, қалағаныңды жаныңа аласың. Бөлек қойғандарыңнан біреуін қаласаң да саған бір кінә жоқ. Бұл олардың көзайым болып, кейімеулеріне және оларға берген нәрсеңде түгел разы болуларына тағы жақын. Алла жүректеріңдегіні біледі. Алла (Т.) толық білуші, тым жұмсақ.
Verse 52
Саған бұдан кейін әйелдер халал емес, сұлулықтары қызықтырса да. Жұбайларыңнан ауыстыруыңа; (бұлардан бірін ажыратып, орнына басқа әйел алуыңа) болмайды. Бірақ қол астындағы күңдер бір сәрі. Алла барлық нәрсені бақылаушы.
Әй мүміндер! Пайғамбардың үйлеріне сендерге рұхсат берілмейінше кірмеңдер де тамақтың пысуын күтпеңдер. Бірақ қашан шақырылсаңдар; кіріңдер де тамақ жеген кезде, дереу тарқандар, сөзге айналмаңдар. Расында бұларың Пайғамбарды қынжылтады әрі сендерден ұялады. Бірақ Алла (Т.) шындықтан ұялмайды. Егер Пайғамбар (Ғ.С.) дың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, далданың артынан сұраңдар; бұларың, сендердің де олардың да жүректерінің тазалығы. Сондай-ақ сендердің Алланың Елшісін қынжылтуларыңа және одан кейін жұбайларымен әсте некеленулеріңе болмайды. Сондай істеулерің Алла қасында зор күнә.
Verse 54
Бір нәрсені әшкерелесеңдер де жасырсаңдар да әрине Алла (Т.) әр нәрсені толық біледі.
Verse 55
(Пайғамбар Ғ.С. ның) жұбайларына; әкелері, ұлдары, туыстары, олардың ұлдары, қыз туыстарының ұлдары, Мұсылман әйелдер және қол астарындағы күңдері жайында бір айып жоқ. (Бұларға көрінулеріне болады.) (Әй әйелдер!) Алладан қорқыңдар! Алла (Т.) әр нәрсені көреді.
Verse 56
Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер.
Verse 57
Расында Аллаға, Елшісіне ренш бергендер, соларға диние, ахиретте Алла қарғыс беріп, оларға қорлаушы азап дайындады.
Verse 58
Сондай мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар; жала жауып, ашық күнә жүктеп алды.
Verse 59
Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: "Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла (Т.) аса жарылқаушы, тым мейірімді.
Verse 60
Егер мұнафықтар, жүректерінде дерті болғандар және қалада уайымды өсек тарқатқандар тыйылмаса, әрине сені оларға үстем етеміз. Сосын олар қалада саған аз заман көрші бола алады.
Verse 61
Олар қарғысқа ұшырап, қайдан табылса да ұсталып, өлтіріледі.
Verse 62
Алланың бұрынғы өткендерге жолы осы. Алланың жолынан әсте ауыс-күйіс таба алмайсың.
Verse 63
(Мұхаммед Ғ.С.) адамдар сенен қиямет мерзімінен сұрайды. Оларға: "Оның білімі Алланың қасында; қайдан білесің, мүмкін мерзімі жақын шығар" де.
Verse 64
Расында Алла кәпірлерге лағынет етті. Және оларға жалындаған тозақты әзірледі.
Verse 65
Олар онда мәңгі қалады. Не дос не көмекші таба алмайды.
Verse 66
Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: "Әттең! Бізге не болды? Аллаға бой ұсынып, Елшісіне көнген болсақ еді" дейді.
Verse 67
"Раббымыз! Басшыларымызға, үлкендерімізге бой ұсындық та бізді солар адастырды" дейді.
Verse 68
"Раббымыз! Оларға азаптан екі есе бер. Және оларды рахметіңнен мүлде аулақ қыл."
Verse 69
Әй Мүміндер! Сендер де Мұса (Ғ.С.) ны ренжіткендер сияқты болмаңдар. Бірақ оны Алла, олардың айтқандарынан ақтады. Ол, Алланың қасында беделді еді.
Verse 70
Әй Мүміндер! Алладан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер.
Verse 71
Алла істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне бой ұсынса, әрине ол; ұлы табысқа ие болады.
Verse 72
Рас аманатты, (дінді. Ж-Қ.Ж.М.К.Р.Х.) көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы жүктелді. Өйткені ол, өте залым, тым білімсіз...
Verse 73
Нәтижеде Алла мұнафық ерлер мен әйелдерді және мүшрік ерлермен әйелдерді азапқа салады да мүмін ерлер мен әйелдердің тәубесін қабыл етеді. Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
تقدم القراءة