الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде الملك сүресінің аудармасы
Verse 1
Сондай бүкіл әкімшілік қолында болған Алла, аса ұлы әрі Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші.
Verse 2
Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы.
Verse 3
Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан. Рахманның жаратуында еш мүлтік көре алмайсың. Қайта көз сал. Ешбір ақау көре аласың ба?
Verse 4
Тағы көзіңді екі қайтарып қара. Көзің саған шаршап, талған түрде айналады. (50-С. 6-А.)
Verse 5
Расында Біз дүние аспанын шамдар (жұлдыздар) мен безедік. Оны шайтандарды атуға жасадық. Сондай-ақ оларға жалындаған азап әзірледік. (15-С. 16-18-А., 37-С. 6-10-А.)
Verse 6
Сондай Раббыларына қарсы келгендер үшін тозақ азабы бар. Нендей жаман орын.
Verse 7
Ішіне тасталған сәтте, оның қайнап, күжілдеген дауысын естиді.
Verse 8
Долданғандығынан жарылып кете жаздайды. Қашан оған бір топ (қылмысты) тасталса, оларға оның сақшылары: "Сендерге ескертуші келмеді ме?",- деп, сұрайды.
Verse 9
Олар: "Расында бізге ескертуші келді. Сонда оларды жасынға айналдырдық та Алла сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендер зор адасудасыңдар деп едік" дейді.
Verse 10
"Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік" дейді.
Verse 11
ﯷﯸﯹﯺﯻ
ﯼ
Сөйтіп, олар күнәларын мойындайды. Ендеше, жалындаған тозақтықтар оңбасын!
Verse 12
Дүрысында сондай Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандар, олар үшін жарылқау әрі зор сыйлық бар.
Verse 13
Сөздеріңді жасырсаңдар немесе әшкерелесеңдер де шәксіз Алла, көңілдегіні толық біледі.
Verse 14
Жаратқан білмей ме? Ол тым жұмсақ, әр нәрсені толық білуші.
Verse 15
Ол сондай Алла, сендер үшін жерді көнпіс қылып жаратты. Ендеше оның айналасында жүріңдер. Сондай-ақ Оның ризығынан жеңдер. Және барар жерлерің Сол жақ.
Verse 16
Жер теңселген сәтте аспандағының сендерді жерге жұттыруынан бейбітсіңдер ме?
Verse 17
) Немесе көктегінің сендерге тас жаудыруынан қауіпсізсіңдер ме? Ескертуімнің қалай екенін таяуда білесіңдер
Verse 18
Расында олардан бұрынғылар да жасынға айналдырған еді. Маған қарсы келу қалай екен?
Verse 19
Үстеріндегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, әр нәрсені толық көруші.
Verse 20
Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың кім? Кәпірлер аллдануда ғана.
Verse 21
Алла ризығын тоқтатса, сендерді көректендіретін кім? Әрине олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда.
Verse 22
Етпеттеп жүрген біреу турарақ ба? Даңғыл жолда тік жүрген біреу турарақ па?
Verse 23
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Ол сондай Алла, сендер үшін есту, көру және сезу жаратқан. Сонда да аз шүкір етесіңдер" де.
Verse 24
Оларға: "Ол сондай Алла, сендерді жер жүзіне таратқан және Сол жаққа жиналасыңдар" де.
Verse 25
Олар: "Егер айтқандарың рас болса, осы уәде қашан?",- дейді.
Verse 26
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде оның мәліметі Аллаға тән. Мен ашық ескертуші ғанамын" де.
Verse 27
Олар оны жақыннан көрген сәтте, қарсы болғандардың жүздері бұзылып кетеді. Оларға: "Міне осы сендердің тілегендерің" делінеді.
Verse 28
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Көрдіңдер ме? Егер Алла, мені әрі менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе мәрхамет етсе, сонда кәпірлерді кім күйзелтуші азаптан құтқарады?",- де.
Verse 29
Оларға: "Ол Алла, аса қамқор. Оған иман келтірдік әрі Оған тәуекел қылдық. Кімнің ашық адасуда екенін таяуда білесіңдер" де
Verse 30
Оларға: "Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге, бір аққан суды кім келтіреді?",- де.
تقدم القراءة