الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде الإسراء сүресінің аудармасы
Verse 1
Құлын бір түнде әл-Харам мешітінен белгілеріміздің кейбірін көрсетуіміз үшін, Біз төңірегін берекелі еткен әл-Ақса мешітіне алып барған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Күмәнсіз, Ол бәрін Естуші, әрбір нәрсені.
Verse 2
Біз Мұсаға Кітапты бердік әрі оны / Кітапты / Исраил ұрпақтарына / тура жолды ұстануға / басшылық етіп: «Сендер Менен басқаны өздеріңді сеніп тапсыратын Ие / Уакил / етіп алмаңдар!» - дедік.
Verse 3
Ей, Нұхпен бірге / кемеде / алып жүргендеріміздің ұрпағы! Негізінде, ол / Нұх / шүкір етуші / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдіруші / құл еді.
Verse 4
Біз Исраил ұрпақтарына Кітапта: «Сендер бұл жерде екі рет бұзғыншылық істейсіңдер және тым өрескел астамшылық етесіңдер», -деп алдын ала жаздық / белгіледік /.
Verse 5
Бұл екеуінің алғашқысының уәдесі келген кезде Біз сендерге қарсы өте қуатты құлдарымызды жібердік те олар үйлердің арасын шарлады. Сөйтіп ол орындалған бір уәде болды.
Verse 6
Содан кейін сендер үшін оларға қарсы қайта жеңіс беріп әрі сендерді байлық және ұлдармен қолдап, жасақтарыңды көбейттік.
Verse 7
Жақсылық жасасаңдар, өздерің үшін жасадыңдар. Ал жамандық жасасандар, ол да өздеріңе. Соңғы уәде келген кезде, жүздеріңе қайғы орнату үшін / жауларың / мешітке алдын кіргендей кіреді де, өздері басып алғанды қиратады.
Verse 8
Сендерге Раббыңыз рақым етер. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Біз Жаһаннамды кәпірлерге қамалатын орын етеміз.
Verse 9
Анығында, бұл Құран ең тура / дұрыс / болғанға бастайды әрі ізгі амал істейтін имандыларға - оларға үлкен сый болатыны жайлы қуанышты хабар жеткізеді.
Verse 10
Әрі соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер үшін қинаушы азап әзірледік.
Verse 11
Ал, адам жамандықты жақсылықты тілейтіндей тілейді. Әрі адам баласы асыққыш.
Verse 12
Әрі түн мен күндізді екі белгі еттік. Өздеріңнің Раббыңның кеңшілігін іздеулерің және жылдардың саны мен есепті білулерің үшін Біз түннің белгісін кетіріп, күндіздің белгісін жарық етеміз. Әрі Біз барлық нәрсені анықтап түсіндірдік.
Verse 13
Әрі Біз әрбір адамның мойнына оның амалдарын ажырамайтындай етіп бекіттік және Қайта тірілу күні оған бір кітап шығарамыз, ол оны ашылған түрде көреді.
Verse 14
Оған / :«Өз кітабыңды оқы, бүгін сен өз есебіңді есептеуде жеткіліктісің»,-делінеді.
Verse 15
Кім тура жолмен жүрсе, тек өзі үшін / өз пайдасына / жүреді. Ал, кім адасса, өз зиянына адасады. Ешбір жан басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Әрі Елші жібермей тұрып, Біз ешкімді де азаптаушы емеспіз.
Verse 16
Ал, бір елді мекенді / күнәлары үшін / жоюды қаласақ, ондағы сән-салтанатта, рахатта шалқып / дәулетте мастанып / жүргендерін көбейтеміз, сонда олар бұзық істер таратып, оларға қатысты / жазылған / сөз жүзеге асады. Сөйтіп оны / күнәғабатқан елді мекенді / біржола күйретеміз.
Verse 17
Біз Нұхтан кейін де қаншама халықтарды жойдық. / Ей, Мұхаммед! / Раббың, құлдарының күнәларынан Хабардар болуда, оны көруде жеткілікті.
Verse 18
Кім тез өте шығатынды / осы өмірді / қаласа, Біз Өзіміз бергіміз келгенге қалаған нәрсемізді осы өмірде жедел береміз. Кейін Біз оған Жаһаннамды әзірледік. Ол оған айыпталған, / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылған түрде түседі.
Verse 19
Ал, кім соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / қаласа және иманды болған күйде оған лайықты түрде ұмтылса, міне, солардың талпынысы / Аллаһтың алдында / алғысқа бөленеді.
Verse 20
Ей, Мұхаммед! / Біз Раббыңның сыйынан барлығына - аналарға да / осы өмірді көксегендерге / , мыналарға да / мәңгілік өмірді қалағандарға / береміз. Әрі Раббыңның сыйына шектеу қойылмайды.
Verse 21
Біз оларды / бұл дүниеде / бір-бірінен қалай артық еткенімізді қара. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / , күдіксіз, дәрежелер тұрғысынан да өте үлкен әрі артықшылықта да ең үлкен.
Verse 22
Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алма. Онда айыпталып, көмексіз қалдырылған боласың.
Verse 23
Әрі Раббың Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді және ата-анаға жақсылықты ықыласпен жасауларыңды бұйырды. Егер сенің қасында олардың біреуіне не екеуіне де кәрілік жетсе, оларға «уһ», - деме / көңіл толмаушылық білдірме / , әрі оларға зекіме және оларға жылы сөз сөйле.
Verse 24
Әрі оларға, мейіріммен кішірейе қанатыңды иіп: «Раббым! Мені' кішкентайдан бағып, тәрбиелеп өсіргендеріндей оларға мейірім ет», - де.
Verse 25
Сендердің Раббың жан-дүниелеріңдегіні жақсы біледі. Егер түзу болатын болсаңдар, күмәнсіз, Ол - күнәсынан қайтатындарға өте Кешірімді.
Verse 26
Сондай-ақ жақындарға, кедейлерге және / жолда қалған / жолаушыға хақысын бер, бірақ тым шашылма,
Verse 27
негізінде, ысырапшылар - шайтанның ағайындары. Ал, шайтан Раббысының игіліктерін мүлдем мойындамайды.
Verse 28
Ал, егер олардан Раббыңның мейірімін үміт еткен халде бет бұратын болсаң / бір нәрсе бере алмасаң / , оларға жұмсақ сөз сөйле.
Verse 29
Әрі қолыңды мойныңа байлаулы етпе және оны барынша жайып та жіберме. Онда жазғырылып, тарыққан хәлде қаласың.
Verse 30
Ақиқатында, Раббың ризықты кімге қаласа кеңітеді не шектеп қояды / тарылтады /. Ол - құлдарынан Хабардар және Көріп тұрушы.
Verse 31
Әрі балаларыңды жоқшылықтан қорқып өлтірмеңдер. Оларға да, сендерге де ризықты Біз береміз. Ақиқатында, оларды өлтіру үлкен - күнә.
Verse 32
Әрі зинаға жақындамаңдар, өйткені ол жиіркенішті іс және жаман жол.
Verse 33
Әрі құқықты / заңды / түрде болмаса, Аллаһ / өлтіруге / тыйым салған жанды өлтірмеңдер. Кім әділетсіздікпен өлтірілсе, Біз оның / өлгеннің / ең жақын туысына билік бердік. Бірақ ол өлтіруде / кек алуда / шектен шықпасын. Негізінде, оған жәрдем беріледі.
Verse 34
Және жетімнің дүниесіне ең жақсы жолмен болмаса, ол балиғатқа толғанша жоламаңдар. Келісімді орындаңдар. Өйткені уәдесұралады.
Verse 35
Сондай-ақ, өлшеген кездеріңде өлшемді толық орындаңдар және тура таразылармен тартыңдар. Бұл қайырлы әрі нәтиже тұрғысында да жақсы.
Verse 36
Әрі өзіңде білімі болмаған нәрсеге ерме. Анығында, есту, көру және жүрек - бұлардың әрқайсысысұраққа тартылады.
Verse 37
Әрі жер бетінде өзіңді жоғары санап, кердеңдеп жүрме, өйткені сен жерді тесіп жібере алмайсың және биіктікте де тауларға жете алмайсың.
Verse 38
Осылардың / қайтарылған амалдардың / барлығы жаман, Раббыңның алдында жеккөрінішті.
Verse 39
Ей, Мұхаммед! / Бұл - Раббың саған уахи еткен даналықтан. Аллаһпен қатар басқаны құдай етіп алма, онда жазғырылып,ь / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылған түрде Жаһаннамға тасталасың.
Verse 40
Сендердің Раббың ұл балаларды тек сендерге беріп, ал Өзіне періштелерден қыздар алды ма? Негізінде, сендер өте үлкен / ауыр / сөз айтудасыңдар.
Verse 41
Ақиқатында, Біз осы Құранда / үкімдер мен насихаттарды / олар еске алулары үшін түсіндірдік. Бірақ бұл олардың безінуін ғана арттырды.
Verse 42
Айт: «Егер де олар айтып жүргендей, Онымен / Аллаһпен / бірге басқа құдайлар болғанда, ол құдайлар Аршының иесіне қарай бір жолды / табуды / қалар еді.
Verse 43
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
ﮑ
Ол / Аллаһ / - олардың айтып жатқандарынан пәк әрі өте жоғары.
Verse 44
Жеті аспан мен жер және онда болғандар Оны / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптейді. Оны мақтап, / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың дәріптеулерін түсінбейсіңдер. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді.
Verse 45
Ей, Мұхаммед! / Сен Құранды оқыған кезіңде сені мен соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер арасында көрінбейтін бір шымылдық жасадық.
Verse 46
Біз олардың ұқпаулары үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. Сен Құранда Раббыңның жалғыз екенін еске алған кезіңде, олар жиренген күйі арттарына бұрылады.
Verse 47
Біз, олардың сені тыңдаған кездерінде нені тыңдайтындарын жақсы білеміз. Олар құпия сөйлескендерінде, әділетсіздер: «Сендер сиқырланған кісіге еріп жүрсіңдер», -дейді.
Verse 48
Олардың саған қалай мысалдар келтіргенін назар сал. Олар сөйтіп адасты, енді жол таба алмайды.
Verse 49
Әрі олар: «Біз сүйек және күйреп қоқым болып кеткен кезімізде, жаңадан жаратылып, қайта тірілтілеміз бе?» - деді.
Verse 50
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
ﭗ
Ей, Мұхаммед! / Оларға: «Тас не темір болыңдар,
Verse 51
не көңілдеріңде үлкен көрінген бір жаратылыс болыңдар / бәрібір тірілтілесіңдер / », -де. Олар: «Бізді кім қайта тірілтеді?» дейді. Айт: «Өздеріңді алғашқы ретте жаратқан», - деп. Олар саған бастарын шайқап: «Ол қашан?» - дейді. Айт: «Ол жақында болады », -деп.
Verse 52
Ол сендерді шақырған / Есеп / күні, сендер Оған мақтау айтып жауап бересіңдер әрі / дүниеде / аз ғана болдық деп ойлайсыңдар.
Verse 53
Құлдарыма айт, олар ең жақсыны сөйлесін. Шын мәнінде, шайтан олардың арасына наз'ғ қылады / іріткі салып, бұзады /.Анығында, шайтан адам баласына анық дұшпан.
Verse 54
Сендерді Раббың жақсы біледі. Қаласа, сендерге мейірім етеді, қаласа азаптайды. Біз сені олар үшін жауапты етіп жібермедік.
Verse 55
Сондай-ақ, сенің Раббың аспандардағы және жердегілерді жақсы біледі. Біз пайғамбарлардың кейбіріне өзгелерінен артықшылық бердік. Әрі Дәуітке Забурды бердік.
Verse 56
Ей, Мұхаммед / / Оларға: «Одан өзге / құдай деп / ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың сендерден зиянды кетіруге, бұрып жіберуге шамасы жоқ», - деп айт.
Verse 57
Олардың табынғандарының өздері Раббысына қарай жақындататын жол іздеп, Оған жақынырақ болуға ұмтылады. Олар Оның мейірімін үміт етеді әрі азабынан қорқады. Ақиқатында, Раббыңның азабы - қорғанып, сақтануға тиіс / қажетті / болған нәрсе.
Verse 58
Біз Қайта тірілу күніне дейін / күнәларының себебінен / жойып жібермейтін немесе қатты азапқа ұшыратпайтын бірде-бір елді мекен жоқ. Бұл - Кітапта / Ләухул-Махфузда / жазылып қойылған.
Verse 59
Әрі Біз мұғжизаларды алдыңғы өткендердің оны / мұғжизаны / өтірікке шығарғандығы үшін жібермедік. Біз Сәмүд еліне анық көрінетін / мұғжиза ретінде / түйе бердік, бірақ олар оған әділетсіздік жасады. Әрі Біз мұғжизаларды / кереметтерді / тек қорқыту үшін ғана жібереміз.
Verse 60
Ей, Мұхаммед!! Кезінде саған: «Ақиқатында, Раббың адамдарды барлық жағынан қамтыған», -дедік. Әрі саған / Исра кешінде! көрсеткенімізді адамдар үшін сынақ еттік. Сондай-ақ, Құрандағы лағнеттелген ағашты да. Біз оларды қорқытамыз, бірақ бұл олардың қатты шектен шығуларын ғана арттырады.
Verse 61
Әрі кезінде періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер!» - дедік. Сонда олар сәжде етті. Тек Ібіліс / сәжде етпей / :«Сен лайдан жаратқан біреуге сәжде жасаймын ба?» - деді.
Verse 62
Ібіліс / :«Маған хабар берші, Өзің менен құрметті еткенің мынау ма? Егер маған Қайта тірілу күніне дейін уақыт берсең / кешіктірсен / , мен оның ұрпағының азынан басқасын жүгендеп аламын», - деді.
Verse 63
Аллаһ: «Кет! Олардан кім саған ерсе, сендердің қайтарым жазаларың - Жаһаннам, ол - / іс-амалдардың / қайтарымы ретіндегі толық жаза.
Verse 64
Олардан әлің келгенді дауысыңмен еліктіріп қозғау сал. Оларға қарсы атты және жаяу әскеріңді сал. Әрі олардың мал-дүниелері және перзенттеріне араласып, ортақ бол. Әрі оларға уәде бер», - деді. Негізінде, шайтан оларға жалған нәрсеге үміттендіруден / алдаудан / басқа нәрсені уәде ете алмайды.
Verse 65
Ақиқатында, құлдарыма / Маған шынайы құл болғандарға /- олардың үстінен сенде билік жоқ. Әрі Раббың - қорғап, сақтаушы ретінде жеткілікті.
Verse 66
Сендердің Раббың, Өзінің кеңшілігін іздеулерің үшін кемелерді теңізде жүргізеді. Шын мәнінде, Ол сендерге Мейірімді.
Verse 67
Сендерге теңізде бір зиян келген кезде, Одан / Аллаһтан / өзге жалбарынғандарың жоқ болып кетеді. Ал, Ол өздеріңді құрлыққашығарып құтқарған кезде, сендер теріс бұрыласыңдар. Сондай-ақ, адам баласы / өзіне / берілген игіліктерді мойындамаушы.
Verse 68
Оның сендерді құрлықта жерге жұттыруынан немесе сендерге тасты дауыл жіберуінен қауіпсіз бе едіңдер? Кейін өздерің үшін қорғаушы таба алмайсыңдар.
Verse 69
Әлде Оның сендерді оған / теңізге / тағы да қайтарып әрі қатты дауыл жіберіп, күпірліктерің / қарсы келгендіктерің / үшін суға батыруынан қауіпсіз бе едіңдер? Кейін Бізге қарсы кектеріңді даулаушы таппайсыңдар.
Verse 70
Ақиқатында, Біз Адамның ұрпақтарын қадірледік. Оларды құрлықта және теңізде жүргіздік әрі оларға жақсы нәрселерден ризық бердік және оларға жаратқандарымыздың көбінен басым артықшылық бердік.
Verse 71
Сол / ақирет / күні барлық адамдарды басшыларымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оң жағынан берілсе, солар кітаптарын оқиды. Әрі оларға құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік жасалмайды.
Verse 72
Кім / бүл дүниеде / соқыр болса, ол кейінгі мәңгілік өмірде де / ақиретте де / соқыр әрі жолдан ең қатты адасушы болады.
Verse 73
Ей, Мұхаммед! / Әрі олар Бізге қатысты басқа нәрсені құрастыруың үшін сені өзіңе уахи еткенімізден бұруға жақын тұрды. Сонда олар сені жақын дос етіп алар еді.
Verse 74
Егер Біз сені бекітпегенде, оларға аздап болса да келісім танытуға жақын болған едің.
Verse 75
Онда Біз саған өмірдің де, өлімнің де / азабының / екі есесін таттырар едік. Содан кейін өзіңе Бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің.
Verse 76
Әрі олар сені, ол жерден шығарып жіберу үшін орныңнан қозғауға жақын тұрды. Сонда сенен кейін олар аз ғана тұратын еді.
Verse 77
Бұл сенен бұрын жіберген елшілеріміздің жолы. Ал, Біздің жолымызға / бекіткендерімізге / өзгерту таба алмайсың.
Verse 78
Күн ауғаннан түннің қараңғылығына дейін / бесін, аср, ақшам, құптан / ' намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / орында. Әрі таңның Құранын / намазын /. Анығында, таңның Құранына қатысады.
Verse 79
Және түннің бір бөлігін ұйықтамай, өзіңе қосымша намазға тұр, Раббың сені бір мақтаулы орынға жібереді.
Verse 80
Әрі айт: «Раббым! Мені кіретін орныма шындықпен кіргізіп және шығатын орнымнан шындықпен шығар. Әрі Өз қасыңнан маған көмек беретін күш бер», - деп.
Verse 81
Әрі: «Ақиқат келді және жалған / негізсіз нәрселер / жойылды. Анығында, жалған / негізсіз нәрселер / сөзсіз жойылушы», - деп айт.
Verse 82
Біз Құраннан имандылар / мүміндер / үшін шипа және мейірім түсіреміз. Ал әділетсіздер үшін ол / Құран / тек зиянға ұшырауларын ғана арттырады.
Verse 83
Әрі қашан Біз адам баласына игілік берсек, ол теріс бұрылып, менменси түседі. Ал оған жамандық келсе, ол мүлде күдер үзеді.
Verse 84
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Әркім өзіне лайықты амал істейді. Сендердің Раббың жолда кімнің ең тура екенін жақсы біледі», - деп.
Verse 85
Әрі олар / иудейлер / сенен рух жайында сұрайды. «Рух - Раббымның әмірінен. Ал сендерге білімнен аз ғана берілді», - деп айт.
Verse 86
Ал, егер қаласақ, саған уахи етіп бергенімізді алып қояр едік. Кейін бұған байланысты Бізге қарсы қорғаушы таба алмас едің.
Verse 87
Бірақ, Раббыңнан бір мейірім ретінде / оны алмады /. / Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Оның саған деген кеңшілігі үлкен.
Verse 88
Егер адамзат пен жын осы Құранға ұқсасты келтіруге жиналып, бір-біріне көмекші болса да оған ұқсас нәрсе әкеле алмайды.
Verse 89
Негізінде, Біз адамдарға осы Құранда әрбір мысалды жан-жақты етіп түсіндірдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірлік етуден / қарсы келуден / басқаның бәрін теріске шығарды.
Verse 90
Олар: «Бізге жерден бір бұлақ жарып шығармағаныңша, саған сенбейміз.
Verse 91
Не болмаса сенде құрмадан әрі жүзімнен бір бағың болып, олардың арасынан өзендер ағызып қоймағаныңша,
Verse 92
не болмаса айтқанындай, аспанды үстімізге бөлшектеп түсірмегеніңше, не Аллаһты және періштелерді қарсы алдымызға әкелмегеніңше;
Verse 93
не болмаса сенде алтынмен әшекейленген бір үй болғанға дейін, не сен аспанға көтерілгеніңше. Алайда, бізге оқитын бір кітап түсірмейінше, көтерілгеніңе де сенбейміз», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым - / барлық кемшіліктерден / пәк! Мен бар болғаны Елші етіп жіберілген адам емеспін бе?»- деп.
Verse 94
Адамдарға тура жол келген кезде, олардыңиманға келуіне: «Аллаһ Елші етіп адамды жіберді ме?» -деп айтулары кедергі болды.
Verse 95
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер де жер бетінде жайбарақат жүргендер періштелер болғанда, Оларға аспаннан Елші етіп періште түсіретін едік»,- деп.
Verse 96
Айт: «Аллаһ мені мен сендердің араларыңа куә болуда жеткілікті. Ақиқатында, Ол - құлдарынан Хабардар, бәрін Көруші», деп.
Verse 97
Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, олар үшін Одан өзге қамқоршылар таппайсың. Оларды Қайта тірілу күні жүзімен / етпеттеп / жатқан күйлерінде соқыр, мылқау әрі керең етіп жинаймыз. Олардың орны - Жаһаннам. Ол толастаған сайын, оның жалынын арттыра түсеміз.
Verse 98
Бұл - олардың аяттарымызға күпірлік еткендері / сенбегені, теріске шығарғандықтары / және: «Біз сүйек әрі уатылған қоқым болған кезімізде, жаңадан жаратылып, тірілтілеміз бе?» - деп айтқандықтары үшін берілген қайтарым жазасы.
Verse 99
Олар аспандарды және жерді жаратқан Аллаһтың, олар сияқтыны да жаратуғақұдіреті жететінін білмей ме? Әрі Ол олар үшін бір мерзім белгіледі. Оның болуында күмән жоқ. Бірақ әділетсіздер күпірліктен / имансыздықтан / басқаны теріске шығарады / қаламайды /.
Verse 100
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер сендер Раббымның мейірімінің қазыналарына ие болғандарыңда да оның жұмсалып кетуінен қорқып, өздерінде ұстап қалатын едіңдер. Адам баласына сараңдық тән»,- деп.
Verse 101
Ақиқатында, Біз Мұсаға тоғыз анық белгі-мұғжиза бердік. Исраил ұрпақтарынан сұра, ол / Мұса / оларға келген кезде, Фиръаун: «Ей, Мұса, мен сені сиқырланған деп есептеймін», - деді.
Verse 102
Мұса / :«Негізінде, сен бұларды көрнекі белгілер етіп, аспандардың және жердің Раббысы түсіргенін білдің. Анығында, мен сені, ей Фиръаун, құриды деп ойлаймын»,- деді.
Verse 103
Ол / Фиръаун / оларды ол жерден шығарып / жойып / жіберуді қалады. Сонда Біз оны және онымен бірге болғандардың барлығын суға батырдық.
Verse 104
Әрі одан кейін Исраил ұрпақтарына: «Осы жерде тұрыңдар. Ал, қашан соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / уәдесі келген кезде, барлығыңды бірге жинаймыз», - дедік.
Verse 105
Әрі Біз оны / Құранды / ақиқатпен түсірдік және ол ақиқатпен түсті. Ал сені қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші ғана етіп жібердік.
Verse 106
Әрі Құранды адамдарға асықпай, анықтап оқып беруің үшін оны / бұл уаһиларды / бөліктерге бөлдік. Әрі Біз оны біртіндеп / рет-ретімен / түсірдік.
Verse 107
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Оған сеніңдер не сенбеңдер. Ақиқатында, бұданбұрын өздеріне білім / Кітап / берілгендер, оларға ол / Құран / оқылған кезде иектерімен / жүздерімен / сәждеге жығылады», - деп.
Verse 108
Олар!: «Раббымыз / барлық кемшіліктен / пәк. Раббымыздың уәдесі әлбетте орындалды», - дейді.
Verse 109
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
ﮉ
Олар жылап, иектерімен / жүздерімен / жығылады және ол / Құран / олардың бойсұна берілуін арттырады.
Verse 110
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ деп тілеңдер / шақырыңдар / не әр-Рахман деп тілеңдер, қайсысымен тілесеңдер де ең көркем есімдер - Онікі. Намаз оқығаныңда дауысыңды көтеріп те және сыбырлап та оқыма, осының арасынан бір жол таңда», - деп.
Verse 111
Және айт: «Барлық мақтау ешбір бала иемденбеген және билікте ешбір серігі болмаған әрі әлсіздіктен көмекшіге мұқтаж болмаған - Аллаһқа!» - деп. Әрі Оны дәріптей ұлықта.
تقدم القراءة