سورة عبس

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде عبس сүресінің аудармасы

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

Verse 1
Ол қабағы түсіп, бұрылды,
Verse 2
оған соқыр кісінің келгендігінен.
Verse 3
Ей, Мұхаммед! / Сен қайдан білесің, мүмкін ол тазаратын шығар?
Verse 4
Немесе еске алар, сөйтіп еске салу оған пайда берер.
Verse 5
Ал, қажетсінбейтін біреу болса,
Verse 7
Ал, оның тазармауында тұрған саған еш нәрсе жоқ.
Verse 9
әрі / Раббысынан / қорыққан халде,
Verse 10
сен одан / басқаға / көңіл аударасың.
Verse 11
Жоқ, олай емес! Анығында, бұл - бір еске салу.
Verse 12
Кім қаласа, оны есіне алады,-
Verse 13
құрметті жазбаларда / сухуфтарда / ,
Verse 14
жоғары бағаланған тап-таза,
Verse 15
елшілердің / періштелердің / қолында,
Verse 17
Сенбеген / адамның жаны шықсын! Күпірлік етуде / игіліктерді мойындамауда / ол
қандай қатты.
Verse 18
Ол / Аллаһ / оны не нәрседен жаратты?
Verse 19
Бір тамшыдан жаратты, әрі белгіледі.
Verse 20
Содан соң оған жолды оңайластырды.
Verse 21
Одан кейін оның жанын алып, / мүрдесін / қабірге қойдырды.
Verse 22
Кейін оны Өзі қалаған кезде қайта тірілтеді.
Жоқ! Ол болса, Оның бұйрығын орындамады.
Verse 24
Ал, енді адам өзінің тамағына, бір көз салып қарасын:
Verse 25
Біз суды мол етіп құйдық / жаудырдық / ,
Verse 26
содан кейін жерді тілімдеп айырдық.
Verse 27
Сөйтіп одан дәнді / дақылдар / өсірдік,
Verse 28
әрі жүзім мен жоңышқаны,
Verse 29
және зәйтүн мен құрманы,
Verse 30
және қалың бау-бақтарды,
Verse 31
сондай-ақ, жемістер мен шөптерді,
Verse 32
сендердің пайдалануларыңа әрі малдарың үшін.
Verse 33
Ал енді Сохха келген кезде,
Verse 35
және анасы мен әкесінен,
Verse 36
әрі әйелі мен балаларынан.
Verse 38
Ол күні / кейбір / жүздер жарқын,
Verse 39
күлімсіреген, қуанышты.
Verse 40
Әрі ол күні / кейбір / жүздерді шаң басып,
Verse 41
олар қарайған болады.
Verse 42
Міне, солар - кәпірлер, бұзықтар.
تقدم القراءة