الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде القصص сүресінің аудармасы
Verse 1
ﮝ
ﮞ
Та. Син. Мим.
Verse 2
ﮟﮠﮡﮢ
ﮣ
Бұл - анық Кітаптың аяттары.
Verse 3
Ей, Мұхаммед! / Біз сенетін адамдар үшін саған Мұса мен Фиръаунның хабарынан ақиқат бойынша оқып береміз.
Verse 4
Негізінде, Фиръаун жер бетінде / өз елінде / өзін жоғары қойып, оның халқын бөлді. Ол / Фиръаун / олардың бір тобын езгіге салып, ұлдарын бауыздап, ал әйелдерін тірі қалдыратын еді. Ақиқатында, ол бұзушы-бүлдірушілерден болды.
Verse 5
Ал, Біз ол жерде / Мысырда / әлсіз болғандарға игілік көрсетуді, оларды жетекші етуді әрі мұрагерлер етуді қалаймыз,
Verse 6
сондай-ақ оларға ол жерде билік беруді әрі Фиръаун мен Һаманға және екеуінің әскеріне олардың қорқып, сақтанған / қауіптенген / нәрселерін көрсетуді.
Verse 7
Әрі Біз Мұсаның анасына: «Оны еміз. Егер ол үшін / оны өлтіреді деп / қорықсаң, оны / сандыққа салып / өзенге таста. Қорықпа және қайғырма. Біз оны өзіңе, әлбетте қайтарамыз және оны елшілерден етеміз», - деп көкейіне салдық.
Verse 8
Сонда оны Фиръаунның әулеті өздеріне жау әрі қайғы болуы үшін тауып алды. Өйткені Фиръаун мен Һаман әрі екеуінің әскері біле-тұра қателесушілерден еді.
Verse 9
Әрі Фиръаунның әйелі: « / Бұл / менің де, сенің де көз қуанышымыз болсын. Оны өлтірмеңдер. Мүмкін ол бізге пайдасын тигізер немесе оны бала етіп алармыз», - деді. Сөйтіп, олар сезбеді.
Verse 10
Ал, Мұсаның анасының жүрегі / қайғыға батып / боп-бос болып қалды. Егер Біз оның жүрегін имандылардан болуы үшін бекітпегенімізде, ол білдіріп қоятын еді.
Verse 11
Әрі ол / Мұсаның анасы / оның әпкесіне: «Оның артынан жүр»,- деді. Сонда ол оларға байқатпай, сырттай бақылады.
Verse 12
Әрі Біз оған алғашында емізуші әйелдерді / емуден / тыйдық. Сонда / оның әпкесі / :«Сендерге, оны сендер үшін қамқорлығына алып әрі оған жақсы қарайтын бір үйді көрсетейін бе?» - деді.
Verse 13
Сөйтіп оны анасына оның көзайым болуы әрі қайғырмауы және Аллаһтың уәдесі шын екендігін білуі үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді.
Verse 14
Әрі ол ержетіп, жетілген кезде, оған үкім / даналық / және білім бердік. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз.
Verse 15
Ал ол қалаға, оның тұрғындары жайбарақат, қаперсіз болған / түскі демалыс / уақытта кірді. Ол жерде төбелесіп жатқан екі кісіні көрді. Бірі өз жағынан, ал өзгесі оған дұшпан жақтан еді. Өз жағынан болғаны, одан дұшпан жағынан болғанға қарсы көмек сұрады. Сонда Мұса оны жұдырығымен бір ұрып, өлтіріп қойды. Ол: «Бұл - шайтанның ісінен. Өйткені - ол жау, анық адастырушы», -деді.
Verse 16
Ол: «Раббым! Мен өзіме-өзім әділетсіздік істедім. Мені кешір», - деді. Сонда Ол оны кешірді. Өйткені Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
Verse 17
Ол: «Раббым! Маған берген игілігің үшін енді қылмыскерлерге ешқашан жақтасушы болмаймын», - деді.
Verse 18
Ал, таңертең ол қалаға қорқып, алаңдай кірді. Сонда кеше өзінен көмек сұраған адам, оны тағы да көмекке шақырды. Мұса оған: «Негізінде, сен анық адасқан екенсің»,- деді.
Verse 19
Сөйтіп ол екеуіне жау болғанды ұстағысы келгенде, / исраилдық оны түсінбей / :«Ей, Мұса! Кеше біреуді өлтіргеніңдей, мені де өлтіргің келе ме? Негізінде, сен бұл жерде өктем болуды ғана қалап, түзетушілерден / жарастырушылардан / болғың келмейді», - деді.
Verse 20
Қаланың шет жағынан бір адам жүгіріп келіп: «Ей, Мұса! Уәзірлер саған қатысты, сені өлтіру үшін кеңесіп жатыр. / бұл жерден / кет! Ақиқатында, мен -саған адал кеңес берушілерденмін», - деді.
Verse 21
Сонда ол / Мұса / қорқып, жан-жағын байқаған күйде ол жерден шықты. Әрі ол: «Раббым! Мені әділетсіз адамдардан құтқар», - деді.
Verse 22
Әрі Мәдиянға қарай бет алған кезде, ол: «Раббымның маған тура жол көрсетуін үміт етемін», - деді.
Verse 23
Ол мәдияндықтардың суатына келген кезде, оның басында / мал / суғарып жүрген бір топ адамдарды кездестірді. Әрі олардан басқа, / қойларын / қайырып, оқшауланып тұрған екі әйелді көрді. Ол: «Сендер не істеп тұрсыңдар?» - деді. Ол екеуі: «Біз бақташылар суғарып болғанға дейін су ала алмаймыз. Ал, әкеміз жасы үлкен қария», - деді.
Verse 24
Сонда ол екеуіне / қойларын / суғарып берді. Кейін көлеңкеге қайтты да: «Раббым! Ақиқатында мен Өзің маған түсірген кез келген жақсылыққа мұқтажбын»,- деді.
Verse 25
Сонда оған екі әйелдің бірі ұялған халде келіп: «Бізге / қойларды / суғарып бергенің үшін әкем сені ақы беруге шақырып жатыр», деді. Ол оған келген соң, болған оқиғаны баяндап берді. Ол / қыздардың әкесі / :«Қорықпа! Сен әділетсіз адамдардан құтылдың»,- деді.
Verse 26
Екі әйелдің бірі: «Уа, әкетайым! Оны жалдап / жұмысқа / ал. Өйткені жалдап алғандарыңның ең қайырлысы - күшті әрі сенімді болғаны»,- деді.
Verse 27
Ол / әкесі / :«Сен маған сегіз жыл жұмыс істеп беретін болсаң, мына екі қызымның біріне сені үйлендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, онда ол өзіңнен / бір қайыр /. саған бір ауыртпашылық түсіруді қаламаймын. Инша Аллаһ / Аллаһ қаласа / , менің түзулерден екенімді көресің», - деді.
Verse 28
Мұса / :«Бұл - мені мен сенің арамыздағы / келісім /. Екі мерзімнің қайсысын
өтесем де маған қарсылық болмасын. Айтқанымызға / келісімімізге / Аллаһ кепіл»,
- деді.
өтесем де маған қарсылық болмасын. Айтқанымызға / келісімімізге / Аллаһ кепіл»,
- деді.
Verse 29
Мұса / келісілген / мерзімді аяқтап, үй-ішімен / еліне қарай / жолға шыққанда, тау жақтан бір от көрді. Ол үй-ішіне: «Тұра тұрыңдар. Мен бір от көрдім. Мүмкін ол жерден бір хабар немесе жылынуларың үшін оттан бір тамызық әкелермін»,- деді.
Verse 30
Ол оған / отқа / барған кезде, қасиетті жердегі жазықтың оң жағындағы ағаштан: «Ей, Мұса! Мен әлемдердің Раббысы - Аллаһпын.
Verse 31
Таяғыңды таста», - деп үн қатылды. Ол / таяғын тастағанда / оның жылан тәрізді ирелеңдегенін көріп, теріс бұрылып қашты да, артына қарамады. / Аллаһ: / «Ей, Мұса! Бері кел, қорықпа! Ақиқатында, сен - амандықта болғандар қатарындасың.
Verse 32
Қолыңды қойныңа кіргіз, ол мінсіз, аппақ болып шығады. Қорқудан / арылу үшін / қанатыңды / қолыңды / өзіңе тартып қыс. Бұл / мұғжиза / - Раббыңнан Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне / жіберілген / екі дәлел. Анығында, олар жаман істерді істейтін адамдар», - / деді /.
Verse 33
Мұса / :«Раббым! Менолардыңбіреуін өлтірдім. Енді олардыңмені өлтіруінен қорқамын.
Verse 34
Әрі бауырым Һарунның тілі маған қарағанда анық. Сондықтан оны менімен бірге мені растайтын көмекші етіп жібер. Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын», -деді.
Verse 35
Аллаһ / айтты: «Біз сенің қолыңды бауырыңмен қуаттаймыз және олар екеуіңе жете алмайтындай сендерге мықты дәлел / үстемдік / береміз. Біздің белгілерімізбен екеуің әрі сендерге ергендер жеңіске жетушісіңдер», - деді.
Verse 36
Мұса оларға / фиръаундықтарға / анық белгілерімізбен келген кезде, олар: «Бұл - бар болғаны жасанды бір сиқыр ғана. Біз алдыңғы бабаларымыздан мұндайды естімеппіз», -деді.
Verse 37
Әрі Мұса: «Раббым кімнің Оның Өзінен болған тура жолмен келгенін және көркем нәтиженің кімдікі болатынын жақсы біледі. Шын мәнінде, әділетсіздер мұратына жетпейді», - деді.
Verse 38
Ал, Фиръаун: «Ей, уәзірлер! Мен сендер үшін өзімнен басқа құдай бар екенін білмеймін. Ей, Һаман! Лайды оттың үстіне салып / кірпіш құйып / , маған Мұсаның құдайына көтерілуім үшін биік мұнара тұрғыз. Анығында, мен оны өтірікшілерден деп ойлаймын»,- деді.
Verse 39
Әрі ол және оның әскері ешқандай құқығы болмаса да өздерін жоғары санады әрі олар Бізге қайтарылмаймыз деп ойлады.
Verse 40
Сонда Біз оны және оның әскерін ұстап / жазалап / , теңізге тастадық. Әділетсіздердің соңы не болғанына назар сал.
Verse 41
Әрі Біз оларды Отқа / тозаққа / шақырушы жетекшілер еттік, ал Қайта тірілу күні Оларға көмек берілмейді.
Verse 42
Әрі осы өмірде Біз олардың соңынан қарғыс еретін етіп қойдық, ал Қайта тірілу күні олар / Аллаһтың мейірімінен / шеттетілгендерден /ұсқынсыз, жиіркеніштілерден / болады.
Verse 43
Біз алдыңғы ұрпақтарды жойғанымыздан кейін, Мұсаға адамдар үшін көрнеу дәлелдер, жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / және мейірім ретінде, олардың еске алулары үшін Кітапты бердік.
Verse 44
Ей, Мұхаммед! / Біз Мұсаға істі әмір еткенімізде, сен / таудың / батыс жағында емес едің және көріп тұрушылардан да болған жоқсың.
Verse 45
Алайда, Біз / Мұсадан кейін көптеген / ұрпақтарды пайда еттік әрі оларға ұзын өмірлер / замандар / өтті. Сен Мәдиянтұрғындары арасында тұрып, Оларға аяттарымызды оқыған жоқсың, бірақ Біз жіберушіміз.
Verse 46
Біз / Мұсаға / үн қатқан кезде, сен сол таудың жанында болған жоқсың. Алайда, сенен бұрын ескертуші келмеген қауымға ескертуің үшін және олар еске алулары үшін Раббыңнан бір мейірім / ретінде сені жібердік / ?221
Verse 47
Оларға / Мекке мүшріктеріне / қолдарымен жасаған істеріне орай бастарына бір қасірет келгенде: «Раббымыз! Егер бізге бір Елші жібергеніңде, аяттарына ерер едік жәнеиманға келгендерден болар едік!» деп айтпауы үшін.
Verse 48
Оларға Бізден ақиқат келгенде, олар: «Егер Мұсаға берілгендер / мұғжизалар / оған да берілгенде еді?» - деді. Олар бұрын Мұсаға берілгенді теріске шығармаған ба еді? Олар / Мекке мүшріктері / :«Бұл - бірін-бірі қолдаған екі сиқыр», - деді. Әрі: «Біз / бұлардың / ешқайсысына сенбейміз», - деді.
Verse 49
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, Аллаһтан екеуінен де тура болған бір кітап келтіріңдерші, мен соған ерейін», -деп.
Verse 50
Егер олар саған жауап бермесе, біл, анығында олар көңілқұмарлығына ғана ереді. Аллаһтың тура жолынсыз көңілқұмарлығына ергеннен өткен адасушы бар ма? Ақиқатында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды.
Verse 51
Біз Оларға еске алулары үшін Сөзді / Құранды / жеткіздік.
Verse 52
Бұдан бұрын Кітап бергендеріміз бұған сенеді.
Verse 53
Оларға / Құран / оқылғанда, олар: «Біз бұған сендік. Шын мәнінде, бұл - Раббымыздан / келген / ақиқат. Негізінде, біз бұған дейін Мұсылман / бойсұнушы / болғанбыз», -дейді.
Verse 54
Сабыр еткендіктері үшін Оларға сый екі есе беріледі. Олар жамандықты жақсылықпен кетіреді әрі Біз өздеріне ризық етіп бергендерімізден жұмсайды.
Verse 55
Қашан олар бос сөз естісе, одантеріс бұрылып: «Біздің амалдарымыз өзімізге, ал сендердің амалдарың өздеріңе. Сендерге бейбітшілік болсын! Біз надандардан болуды қаламаймыз», - дейді.
Verse 56
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, сен жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың, ал Аллаһ қалағанын тура жолға салады. Әрі Ол тура жолмен жүрушілерді жақсы біледі.
Verse 57
Әрі олар / меккеліктер / :«Егер біз сенімен бірге тура жолға ерсек, онда жерімізден ұсталып әкетілеміз», дейді. Біз оларды Бізден ризық ретінде әрбір нәрсенің өнімдері жиналатын осы қасиетті әрі қауіпсіз орынға орналастырып бекітпедік пе? Бірақ олардың көбі білмейді.
Verse 58
Өздеріне берілген тіршілікке масайраған қаншама елді мекендерді жойып жібердік. Міне, олардың қоныстары, - олардан кейін онда ешкім тұрмайды, тек олардың азы ғана болмаса. Әрі / соңында бәрі / Бізге қалады.
Verse 59
Ей, Мұхаммед! / Раббың елді мекендердің анасына / Меккеге / , аяттарымызды оқитын Елші жібермейінше, оларды жоюшы емес. Біз тек халқы әділетсіз болған елді мекендерді ғана жойдық.
Verse 60
Сендерге берілгендердің барлығы бар болғаны осы өмірде пайдаланатын нәрселер әрі оның сәні ғана. Ал Аллаһтағы қайырлы әрі тұрақты. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма?
Verse 61
Біз өзіне көркем уәде беріп, әрі оған кездесетін бір адам, Біз оны осы өмірдің қызығына кенелтіп, ал кейін Қайта тірілу күні / жазаға / келтірілетіндердің қатарындағы біреумен тең бе?
Verse 62
Әрі сол / қайта тірілу / күні / Аллаһ / оларды шақырғанда:«Маған серік деп есептегендерің қайда?» - дейді.
Verse 63
Өздеріне / жаза туралы / Сөз орындалғандар: «Раббымыз! Мыналар - біздің адастырғандарымыз. Біз оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан бас тартып, саған бет бұрамыз. Олардың табынғаны біз емес», - дейді.
Verse 64
Әрі, оларға / серік қосушыларға / :«Серік етіп қосқандарыңды шақырыңдар», -делінеді. Сонда олар шақырады, алайда олар / серік етіп қосқандары / жауап бермейді және олар азапты көреді. Егер олар тура жолда болғанда.
Verse 65
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
ﮨ
Әрі, сол күні Ол / Аллаһ / оларға: «Елшілерге не жауап бердіңдер?» - деп үндейді.
Verse 66
Сол күні Оларға хабарлар жасырын болады және олар бір-бірінен ешнәрсе сұрамайды.
Verse 67
Ал, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және иманға келсе әрі ізгі амал істесе, сол мұратына жетушілерден болады.
Verse 68
Әрі Раббың қалағанын жаратады және таңдайды. Оларда таңдау жоқ. Аллаһ - пәк және олардың серік етіп қосқандарынан жоғары.
Verse 69
Әрі Раббың олардың көкіректері нені жасыратынын және олардың нені әшкере істейтіндерін біледі.
Verse 70
Ол - Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Алдыңғы әрі соңғы, мәңгілік өмірдегі барлық мақтау Оған. Үкім шығару билігі - Онікі. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.
Verse 71
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сендерге түнді Қайта тірілу күніне дейін ұзартып қойса, сендерге жарықты Аллаһтан басқа қандай құдай әкеле алады? Сендер естімейсіңдер ме?»- деп.
Verse 72
Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сендерге күндізді Қайта тірілу күніне дейін ұзартып қойса, сендерге тынығатын түнді Аллаһтан басқа қандай құдай әкеле алады? Сендер көрмейсіңдер ме?» - деп.
Verse 73
Ол сендерге түн мен күндізді, онда / түнде / тынығуларың және / күндіз / Оның игілігін / ризық, несібесін / іздеулерің әрі игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін беруі - Оның мейірімінен.
Verse 74
Сол / қайта тірілу / күні / Аллаһ / оларға: «Маған серік деп есептегендерің қайда?» -деп үндейді.
Verse 75
Біз / ол күні / әрбір қауымнан бір куәні шығарып: «Дәлелдеріңді келтіріңдер», - дейміз. Сонда олар ақиқаттың Аллаһ жағында екенін біледі және ойдан шығарғандары / құдайлары / олардан жоғалады.
Verse 76
Ақиқатында, Қарун Мұсаның елінен болып, оларға тәкаппарлық танытты. Біз оған күш-қуаты мол бір топ адамға кілттері ауыр жүк болатындай қазыналар бердік. Сол кезде елі оған: «Масаттанба, анығында, Аллаһ масаттанушыларды ұнатпайды.
Verse 77
Аллаһтың өзіңе бергенімен / жақсылықтарымен / мәңгілік тұрақ мекенін ізде әрі осы өмірдегі үлесіңді де ұмытпа. Аллаһтың саған жақсылық жасағаны секілді, сен де жақсылық ет. Жер бетінде бүлдірушілікке ұмтылма, күмәнсіз Аллаһ бұзушы-бүлдірушілерді ұнатпайды», - деді.
Verse 78
Ол / Қарун / :«Бұл / мал-дәулет / маған білімім үшін берілді», - деді. Ол білмеді ме, Аллаһтың одан бұрынғыұрпақтардан күш-қуаты одан мықты әрі жинағаны да көбірек болғандарды жойып жібергенін? Қылмыскерлер күнәлары жайлы сұралмайды.
Verse 79
Сонда ол елінің алдына сән-салтанатымен көріктеніп шықты. Әрі осы дүние тіршілігін қалағандар: «Әттең! Қарунға берілгендей нәрсе бізге де берілгенде еді! Ол - сөзсіз, үлкен үлес иесі», - деді.
Verse 80
Ал, өздеріне білім берілгендер: «Сорларың бар болғыр! Иманға келген және ізгі амал жасағандар үшін Аллаһтың сыйы қайырлы әрі ол сабыр етушілерге ғана бұйырады»,- деді.
Verse 81
Сонда Біз оны және оның үй-жайын жерге жұтқыздық. Оны Аллаһтан құтқаратын ешбір топ болмады әрі ол өз-өзін де құтқара алмады.
Verse 82
Кеше ғана оның орнында болуды көксегендер ертесіне: «Міне, ғажап! Аллаһ ризықты құлдарынан қалағанына кеңітіп және тарылтып қояды екен. Егер Аллаһ бізге игілік етпегенде, бізді де жерге жұтқызар еді. Иә, солай, кәпірлер мұратқа жетпейді екен»,- деді.
Verse 83
Міне, бұл - соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тұрағы. Біз оны жер бетінде өзін жоғары қоюды және бұзу-бүлдірушілікті қаламайтындарға береміз. Ал, нәтиже - тақуалардікі /Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандардікі!,
Verse 84
Кім жақсылықпен келсе, ол үшін одан да қайырлысы бар. Ал кім жамандықпен келсе, жамандық істегендерге жасаған істерінің ғана қайтарымы беріледі.
Verse 85
Ей, Мұхаммед! / Кім саған Құранды / жеткізуді / міндеттесе, Сол сені қайтар орынға қайтарады. Айт: «Раббым кімнің / тура жолды көрсететін / басшылықпенкелгенін және кімнің анық адасуда екенін жақсы біледі», - деп.
Verse 86
Сен өзіңе Кітаптың түсуін үміт етпеген, күтпеген едің. Алайда, ол Раббыңнан бір мейірім ретінде / түсірілді /. Сондықтан кәпірлерге болысушы / көмек беруші / болма.
Verse 87
Өзіңе Аллаһтың аяттары түсірілгеннен кейін, олар сені одан тоспасын, Раббыңа шақыр және Оған серік қосушылардан болма.
Verse 88
Аллаһпен қатар басқа құдай шақырма / Одан өзгеге құлшылық етпе / ,Одан басқа ешбір құдай жоқ. Оның дидарынан / Өзінен / басқа барлық нәрсе жоқ болады. Үкім ету -Оған тән әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.
تقدم القراءة