الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде آل عمران сүресінің аудармасы
Verse 1
ﭑ
ﭒ
ӘлифЛәм Мим.
Verse 2
Аллаһ - одан басқа құдай жоқ. Ол - әл- Хайй / мәңгі Тірі / , әл-Қаййум / бәріне тіршілік беріп, Басқарушы /.
Verse 3
Ей, Мұхаммед! / Ол саған Кітапты / Құранды / , алдындағыны растаушы етіп, ақиқатпен түсірді. Әрі Ол Тәурат пен Інжілді түсірген,
Verse 4
адамдарға бұдан алдын тура жол етіп. Әрі Фурқанды / айырушыны / түсірді. Ақиқатында, Аллаһтың аят-белгілеріне күпірлік еткендерге / мойындамағандарға, қарсы келгендерге / қатты азап бар. Аллаһ - бәрінен Үстем, жазалау күшіне Ие.
Verse 5
Ақиқатында, Аллаһтан жердегі және аспандағы бірде-бір нәрсе жасырын қала алмайды.
Verse 6
Ол сендерге жатырларда Өз қалауынша бейне береді. Одан басқа ешбір құдай жоқ, Ол бәрінен үстем, аса Дана.
Ей, Мұхаммед! / Ол саған Кітапты түсірді. Оның ішінде мағынасы анық аяттар бар. Олар - Кітаптың анасы / негізі /. Әрі өзге, мағынасы астарлы / аяттар да бар / ? Жүректерінде ауытқу болғандар болса, бүлік / фитна / қалап және оны түсіндіруді қалап астарлы мағыналы аяттардың соңына түседі. Ал, оның түсінігін Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Әрі білімде орныққандар болса: «Біз оған сендік. Барлығы біздің Раббымыздан», - дейді. Ал, / ескертуді / тек ақыл иелері ғана еске алады / түсінеді /.
Verse 8
Раббымыз! Бізді тура жолға түсіргеннен кейін жүректерімізді ауытқытпа және бізге Өзіңнен бір мейірім сыйла. Ақиқатында, Сен - сый берушісің / әл-Уаһһаб /.
Verse 9
Раббымыз! Сен, адамдарды болуы күмәнсіз бір Күнге Жинаушысың. Ақиқатында, Аллаһ уәдені бұзбайды.
Verse 10
Күмәнсіз, күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / мал-дүниелері де, балалары да Аллаһтан болатын ешбір нәрседен құтқара алмайды. Міне, солар - Оттың отыны,
Verse 11
солар / Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендер секілді. Олар біздің аят-белгілерімізді өтірік санады. Сонда Аллаһ оларды күнәлары себепті ұстады / жазалады /. Аллаһ жаза беруде қатты.
Verse 12
Ей, Мұхаммед!! Күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / айт: «Таяуда сендер жеңілесіңдер және Жаһаннамға жиналып әкелінесіндер. Ол - неткен жаман орын»,-деп.
Verse 13
Ақиқатында, / Бәдір соғысында / бір-біріне кездескен екі топта сендер үшін бір белгі-ғибрат болды. Бір топ Аллаһ жолында соғысты, ал басқасы кәпірлер болатын. Олардың көздеріне / мұсылмандар / өздерінен екі есе көрінген еді. Аллаһ Өз жәрдемімен қалағанын қолдайды. Анығында, мұнда көре алатындар үшін ғибрат бар.
Verse 14
Әйелдерге, перзенттерге деген, үйме-үйме алтын-күміске, жақсы аттарға, шаруа малдарына және егіндікке деген құмарлықты жақсы көру адамдарға әдемі етіліп көрсетілді. Бұл - осы өмірдің қызығы. Ал, қайтатын жердің көркемі - Аллаһта.
Verse 15
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге осы нәрселеріңнен қайырлысын хабарлайын ба? Тақуа болғандарға / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / олардың Раббысынан астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын Жәннат бақтары, әрі пәк жұбайлар және Аллаһтың ризалығы бар»,- деп. Әрі Аллаһ - құлдарын Көруші,
Verse 16
солар: «Раббымыз! Ақиқатында, біз иманға келдік, біздің күнәларымызды кешір әрі бізді От / тозақ / азабынан сақта»,- дейтіндер,
Verse 17
ﭝﭞﭟﭠﭡﭢ
ﭣ
солар - сабыр етушілер, шыншылдар, / Аллаһқа / берілушілер, мал-дүние жұмсаушылар және сахарда / таңсәріде / кешірім тілеушілер.
Verse 18
Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне Аллаһтың Өзі әрі періштелер және білім иелері де куәлік береді. Ол - әділдікті Орнатушы, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол бәрінен Үстем, аса Дана.
Verse 19
Ақиқатында, Аллаһтың алдындағы дін - Ислам. Кітап берілгендер өздеріне білім келгеннен кейін өзара іштарлық және әділетсіздіктері себебінен ғана қайшылыққа түсті. Кім Аллаһтың аяттарына күпірлік етсе / сенбесе, қарсы келсе / ақиқатында, Аллаһ - есепті жылдам алушы.
Verse 20
Ей, Мұхаммед! / Егер олар сенімен тартысса: «Мен жүзімді Аллаһқа бойсұндырдым әрі маған ергендер де», - деп айт. Әрі Кітап берілгендер мен білімсіздерге: «Сендер бойсұндыңдар ма?» - де. Егер олар бойсұнса онда тура жолда. Ал теріс айналса, шын мәнінде, саған - жеткізу ғана міндет. Аллаһ - құлдарын Көруші.
Verse 21
Ақиқатында, Аллаһтың аяттарына күпірлік етушілерді / сенбей, теріске шығарушыларды / , құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтіретін және әділдікке бұйырушы адамдарды өлтіретіндерді күйзелтуші азаппен «қуандыр».
Verse 22
Міне, солар - осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / амалдары зая болғандар. Оларға ешбір жәрдем беруші жоқ.
Verse 23
Ей, Мұхаммед! / Кітаптан үлес берілгендерді көрмедің бе? Олар араларына үкім шығару үшін Аллаһтың Кітабына шақырылады. Содан кейін, олардан бір топ бас тартқан күйде, теріс айналады.
Verse 24
Бұл олардың: «Бізге От / тозақ / ешқашан тимейді, тек санаулы күндер болмаса»,- деп айтқандықтары себепті. Оларды ойдан шығарғандары / өтіріктері / діндеріне қатысты / өздерін / алдады.
Verse 25
Біз оларды болуында күмән жоқ Күн үшін жинап, әрбір жанға тапқаны толық берілген кезде / жағдайы / қалай болмақ? Оларға әділетсіздік етілмейді.
Verse 26
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Йа, билік иесі - Аллаһ! Сен билікті қалағаныңа беріп, қалағаныңнан билікті алып қоясың. Қалағаныңды үстем етіп, қалағаныңды қор қыласың. жақсылық / барлық қайырлы нәрсе / - Сенің қолыңда. Ақиқатында, Сен барлық нәрсені Жасай алушысың.
Verse 27
Сен түнді күндізге ендіріп, күндізді түнге ендіресің. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Әрі қалағаныңа сансыз ризық бересің», - деп.
Verse 28
Имандылар / мүміндер / имандылардың орнына кәпірлерді дос тұтпасын. Кім осыны істесе, оның Аллаһпен ешқандай байланысы қалмайды. Тек, олардан / имансыздардан / қауіптеніп, әлдебір сақтану үшін болса, онда басқа. Аллаһ сендерді Өзінен / Өзінің жазасынан / сақтандырады. Әрі қайтуларың - Аллаһқа / Оған қайтасыңдар /.
Verse 29
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Көкіректеріңдегіні жасырсаңдар да, не оны жарияласаңдар да Аллаһ оны біледі. Әрі Ол аспандардағыны да, жердегіні де біледі. Аллаһтың барлық нәрсені Жасай алушы», - деп.
Verse 30
Сол күні әрбір жан істеген жақсылығын әрі істеген жамандығын ұсынылған түрде табады. Ол өзі мен оның / жаман амалдарының / арасы алыс болуын тілейді. Аллаһ сендерді Өзінен / Өзінің жазасынан / сақтандырады. Аллаһ - құлдарына өте Мейірбан.
Verse 31
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер Аллаһты жақсы көретін болсаңдар, онда маған еріңдер. Сонда Аллаһ сендерді жақсы көреді әрі күнәларыңды кешіреді. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді », - деп.
Verse 32
Айт: «Аллаһқа және Елшіге бойсұныңдар», - деп. Егер теріс бұрылсаңдар, ақиқатында Аллаһ кәпірлерді жақсы көрмейді.
Verse 33
Ақиқатында, Аллаһ Адамды, Нұхты, Ибраһимнің әулеті мен Имранның әулетін әлемдер ішінен тандады,
Verse 34
бір-бірінен тараған ұрпақ етіп. Аллаһ әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші.
Verse 35
Кезінде Имранның әйелі: «Раббым! Ақиқатында мен құрсағымдағыны азат етілген түрде Өзіңе атадым. Менен қабыл ал! Сен әрбір нәрсені Естушісің, бәрін Білушісің », - деген еді.
Verse 36
Ол оны босанғанда: «Раббым, мен қыз - босандым», - деді. Аллаһ оның не босанғанын жақсы біледі. Әрі ұл қыз сияқты емес. «Мен оны Мәриям деп атадым әрі оны және оның ұрпағын қуылған шайтаннан Сенің қорғауыңды тілеп, сиынамын», - деді.
Verse 37
Раббысы оны жақсы түрде қабылдап, көркем етіп өсірді және оны Зәкәрияның қарауына берді. Зәкәрия әрқашан оның алдына - михрабқа / құлшылық орнына / кірсе, оның алдынан ризық көретін. Ол: «Ей, Мәриям! Бұл саған қайдан / келуде / ?»- деді. Ол / Мәриям / :«Ол - Аллаһтан. Ақиқатында Аллаһ қалағанына сансыз ризық береді», - деді.
Verse 38
Сонда Зәкәрия Раббысына жалбарынып: «Раббым! Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла. Анығында, Сен - тілекті Естушісің», - деді.
Verse 39
Ол михрабта / құлшылық орнында / намаз оқып тұрған кезде, періштелер: «Аллаһ сені Аллаһтың сөзін растаушы, ел ағасы, ұстамды әрі ізгілер қатарында пайғамбар болатын Яхиямен сүйіншілейді», - деп үн қатты.
Verse 40
Зәкәрия /. «Менде бала қалай болады?! Негізінде өзіме кәрілік жетті, ал әйелім - бедеу», - деді. / Періште / :«Міне, осылай, Аллаһ нені қаласа соны жасайды», - деді.
Verse 41
Зәкәрия / :«Раббым! Маған бір белгі бер», - деді. / Ол: / «Сенің белгің - адамдармен үш күн тек ишарамен ғана сөйлесуің. Раббыңды көп еске ал әрі кешке және таңертең Оны дәріпте», - деді.
Verse 42
Періштелер: «Ей, Мәриям! Ақиқатында Аллаһ сені таңдап алды әрі тазартты және Сені әлемдегі әйелдер арасынан таңдады.
Verse 43
Ей, Мәриям! Раббыңа бойсұна беріл, сәжде жаса және рукуғ етушілермен бірге рукуғ ет», - деді.
Verse 44
Ей, Мұхаммед! / Бұл - Біз саған уахи етіп отырған ғайып хабарлардың бірі. Негізінде, олар / ғибадатхана өкілдері / Мәриямды қарауына қайсысы алатынына / анықтау үшін / қаламдарын / жеребе етіп / тастағанда, сен олардың қасында болған жоқсың. Әрі олар тартысқан кезде де қастарында жоқ едің.
Verse 45
Сол кезде періштелер: «Ей, Мәриям! Ақиқатында Аллаһ сені Өз тарапынан болған бір Сөзбен сүйіншілейді. Оның есімі - Иса Мәсих Мәриям ұлы, ол осы өмірде әрі соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / абыройлы әрі / Аллаһқа / жақындатылғандардан болады.
Verse 46
Әрі ол адамдарға бесікте сөйлейді және ержеткен кезінде де. Әрі ол ізгілерден болады.
Verse 47
Мәриям / '. «Раббым! Менде қалайша бала болады, егер маған ешбір адам тиіспеген болса?!» - деді. / Періште / :«Осылай, Аллаһ қалағанын жаратады. Қашан Ол бір іске шешім шығарса, оған тек қана «Бол!» - дейді, сонда ол бола қалады», - деді.
Verse 48
ﭳﭴﭵﭶﭷ
ﭸ
Әрі Ол оған жазуды, даналықты әрі Тәурат пен Інжілді үйретеді,
әрі оны Исраил / Йаъқубтың / ұрпақтарына Елші етеді. / Иса / \ «Ақиқатында мен сендерге Раббыңыздан бір белгі-мұғжизамен келдім. Сендерге лайдан құс секілді жасаймын, сөйтіп оған үрлегенімде, ол Аллаһтың қалауымен құс болады. Сондай-ақ, тума соқыр мен алапесті айықтырып, Аллаһтың қалауымен өлілерді тірілтемін әрі сендерге үйлерінде не жеп, нені сақтап жинағандарыңның хабарын беремін. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, осы нәрселерде сендер үшін белгі-ғибрат бар.
Verse 50
Әрі мен сендерге алдымдағы Тәураттағыны растаушы ретінде және сендерге тыйым салынған нәрселердің кейбіріне / Аллаһтың әмірімен / рұқсат беру үшін / келдім /. Әрі мен сендердің Раббыңнан белгі-дәлелмен келдім. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар әрі маған бағыныңдар.
Verse 51
Ақиқатында Аллаһ - менің Раббым әрі сендердің Раббың, Оған құлшылық қылыңдар! Міне, осы - тура жол», - деді.
Verse 52
Иса олардан / иудейлерден / күпірлік / қарсылық / сезген кезде: «Аллаһқа / Оның жолындағы / менің жәрдемшілерім кім?» - деді. Хауарилер / Исаға ерушілер / :«Біз - Аллаһ / дінінің / көмекшілеріміз. Аллаһқа сендік! Біздің мұсылман / бойсұнушы / екендігімізге куә бол.
Verse 53
Раббымыз! Түсіргеніңе сендік және Елшіге ердік, енді бізді куәлік етушілермен бірге жаз», - деді.
Verse 54
Олар / кәпірлер / айла-шарғы жасады. Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Аллаһ - амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы.
Verse 55
Аллаһ айтты: «Ей, Иса! Ақиқатында, Мен сені дүниеден алып, Өз тарапыма көтеремін әрі сені күпірлік еткендерден / теріске шығарғандардан / тазартып, саған ілескендерді Қайта тірілу күніне дейін күпірлік етушілерден / қарсы келушілерден / жоғары қоямын. Содан кейін қайту - Маған / Маған қайтасыңдар /. Сонда, қайшылыққа түскен нәрселеріңе қатысты араларыңа үкім беремін.
Verse 56
Ал, күпірлік еткендерді / қарсы келгендерді, мойындамағандарды / осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / қатты қинаумен азаптаймын әрі оларға ешбір көмек беруші болмайды», - деді.
Verse 57
Ал иманға келген және ізгі амал жасағандардың қайтарым сыйын Ол толық береді. Аллаһ әділетсіздерді жақсы көрмейді.
Verse 58
Ей, Мұхаммед! / Саған мұны аяттар- дан және хикметті Еске салудан / Құраннан / оқимыз.
Verse 59
Шын мәнінде, Аллаһтың алдында Исаның мысалы Адамның мысалына ұқсайды. Ол оны топырақтан жаратып, «Бол» дегенде, ол болды.
Verse 60
Ақиқат - Раббыңнан. Сондықтан күмәнданушылардан болма.
Verse 61
Ал, өзіңе келген білімнен кейін кім сенімен ол / Иса / жөнінде тартысса: «Келіндер, біз өз балаларымызды әрі сендердің балаларыңды, біздің әйелдерімізді және сендердің де әйелдеріңді, әрі өзімізді және өздеріңді шақырайық та, содан кейін жалбарынып, өтірікшілерге Аллаһтың лағнетін тілейік», - деп айт.
Verse 62
Анығында, бұл - ақиқи хабарлар. Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
Verse 63
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
ﭩ
Егер олар бет бұрса, күмәнсіз, Аллаһ - бұзушыларды Білуші.
Verse 64
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Бізге де, сендерге де бірдей бір сөзге келейік, - Аллаһтан басқаға құлшылық қылмайық, Оған ешнәрсені серік қоспайық. Сондай-ақ, бірімізді біріміз Аллаһтан өзге - иелер етіп алмайық», - деп. Егер олар бет бұрса: «Біздің мұсылман екенімізге куә болыңдар», - деп айтыңдар.
Verse 65
Ей, Кітап берілген қауым! Ибраһим жөнінде не үшін тартысудасыңдар? Тәурат та, Інжіл де одан кейін барып түсірілген. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?
Verse 66
Міне, сендер, сол - өздеріңде білімі болған нәрсе жөнінде тартыстыңдар. Ал енді неге өздеріңде білімі болмаған нәрсе жөнінде тартысасыңдар? Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер.
Verse 67
Ибраһим иудей де, христиан да емес еді. Бірақ ол - ханиф, мұсылман еді. Әрі ол серік қосушылардан болмады.
Verse 68
Ақиқатында, адамдардан Ибраһимге сай, ең жақыны - оған ергендер әрі осы Пайғамбар / Мұхаммед / және имандылар / мүміндер /. Ал, Аллаһ - имандылардың / мүміндердің / Қамқоршысы.
Verse 69
Кітап берілген қауымның бір тобы сендерді адастыруды қалады. Алайда, олар сезбеген күйде, өздерін-өздері ғана адастырады.
Verse 70
Ей, Кітап берілген қауым! Өздерің куә бола тұрып, Аллаһтың аяттарына не үшін күпірлік етесіңдер / мойындамайсыңдар / ?.
Verse 71
Ей, Кітап берілген қауым! Неге ақиқатты жалғанмен араластырасыңдар және біле тұрып ақиқатты жасырасыңдар?
Verse 72
Кітап берілген қауымның бір тобы: «Иманға келгендерге түсірілгенге / Құранға / күннің алғашқы бөлігінде сеніп, ал күннің соңында күпірлік етіңдер / бас тартыңдар /. Мүмкін, олар қайтар.
Verse 73
Әрі діндеріңе ергеннен басқаға сенбеңдер», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, тура жол - Аллаһтың жолы», - деп. / Олар тағы бір-біріне / :«Сендерге берілгендей нәрсе біреуге берілмеуі немесе олар сендермен Раббыңыздың алдында тартыспауы үшін», - деді. Айт: «Анығында, кеңшілік - Аллаһта. Ол оны қалағанына береді. Аллаһ - аса Кең , бәрін Білуші», - деп.
Verse 74
Ол қалағанын Өз мейіріміне бөлейді.Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі.
Verse 75
Кітап берілген қауымның ішінде мол дүниені сеніп тапсырсаң, оны өзіңе қайтаратындары бар. Сондай-ақ, олардың ішінде бір динарды сеніп тапсырсаң, қашан басында тұрып алмағаныңша, оны саған қайтармайтындары бар. Бұл олардың: «Сауатсыздарға қатысты бізге жол / күнә / жоқ», - деп айтқандары себепті. Олар біле тұрып, Аллаһқа қатысты өтірік айтады.
Verse 76
Олай емес! Кім сертін орындаса және тақуа болса / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / , сөзсіз, Аллаһ тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан сақтанушыларды / жақсы көреді.
Verse 77
Ақиқатында, Аллаһқа берген сертін және өздерінің анттарын болмашы бағаға сататындар - міне, соларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / үлес жоқ. Қайта тірілу күні Аллаһ оларға сөйлемейді, оларға қарамайды әрі оларды тазартпайды. Сондай-ақ оларға күйзелтуші азап бар.
Verse 78
Ақиқатында, олардың ішінде Кітапта жоқ нәрсені Кітапта бар деп есептеулерің үшін Кітапты тілдерін бұрап / өзгертіп / әрі Аллаһтан болмаса да: «Бұл - Аллаһтан», - деп айтатын бір топ бар. Олар біле тұрып Аллаһ атынан өтірік айтады.
Verse 79
Аллаһ бір адамға Кітап, үкім және пайғамбарлық бергеннен кейін, оның адамдарға: «Аллаһты қойып, маған құл болыңдар», - деп айтуы лайық емес. Керісінше: «Кітапты үйреткендерің әрі өздерің үйренгендеріңдей өздеріңнің Раббыңа берілгендерден болыңдар», - / деп айтуы лайықты /.
Verse 80
Әрі оның сендерге періштелер мен пайғамбарларды құдайлар етіп алуды бұйыруына болмайды. Мұсылман болғандарыңнан кейін ол / Елші / сендерді күпірлікке / Аллаһқа серік қосуға / бұйыра ма?
Verse 81
Кезінде Аллаһ пайғамбарлардан: «Мен сендерге Кітап, даналық бердім, содан кейін сендерге өздеріңдегіні растаушы бір Елші келсе, міндетті түрде оған сенесіңдер және жәрдем бересіңдер», - деп серт алды. / Оларға / :«Растадыңдар ма әрі жүктегенімді қабыл алдыңдар ма?» - дегенде, олар: «Растадық!» - деді. / Аллаһ / :«Ендеше куә болыңдар. Мен де сендермен бірге куә болушыларданмын», - деді.
Verse 82
Ал, кім осыдан кейін бет бұрса, міне, солар - нағыз бұзықтар / бойсұнбаушылар /.
Verse 83
Оған / Аллаһқа / аспандардағы және жердегілер ерікті әрі еріксіз түрде бойсұнғанда, олар Аллаһтың дінінен басқаны іздей ме? Әрі олар Оған қайтарылады.
Verse 84
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Біз Аллаһқа сендік / иманға^ келдік / және бізге түсірілгенге / Құранға / әрі Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа және оның әулеттеріне түсірілгенге, сондай-ақ, Мұсаға, Исаға және пайғамбарларға Раббысы тарапынан берілгенге / сендік /. Олардың ешқайсысының араларын бөлмейміз. Әрі Біз - Оған бойсұнушымыз», - деп.
Verse 85
Кімде-кім Исламнан басқа бір дін қаласа, ол одан мүлдем қабыл етілмейді әрі ол соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зиян шегушілерден болады.
Verse 86
Иманға келіп, Елшінің хақ екендігіне куәлік бергенінен кейін әрі өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін күпірлік еткен / иманнан бас тартқан / адамдарды Аллаһ қалайша тура жолмен жүргізсін? Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді.
Verse 87
Оларға Аллаһтың лағнеті және періштелер мен барлық адамдардың лағнеті болады. Міне - олардың қайтарым жазасы.
Verse 88
Олар - онда / лағнетте / мәңгі қалушы. Оларға азап жеңілдетілмейді әрі мұрсат та берілмейді.
Verse 89
Тек, осыдан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқандар / тәубеге келгендер / және түзеткендер бұған кірмейді. Анығында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
Verse 90
Негізінде иманға келгенінен кейін күпірлік еткен / иманнан қайтқан / , содан соң күпірліктерін / қарсылықтарын / арттыра түскендердің Аллаһқа бойсұнуға қайтуы / тәубесі / мүлдем қабыл етілмейді. Міне, солар - нағыз адасушылар.
Verse 91
Ақиқатында, күпірлік етіп / иманнан бас тартып / , сөйтіп кәпір күйінде өлгендердің ешқайсысынан / өзін құтқару үшін / өтемге жер жүзі толған алтын берсе де қабыл етілмейді. Міне, соларға күйзелтуші азап бар. Әрі оларға бірде-бір жәрдемші жоқ.
Verse 92
Сендер жақсы көрген нәрселеріңнен жұмсамайынша, игілікке жете алмайсыңдар. Әрі сендер не жұмсасаңдар да, Аллаһ - оны Білуші.
Verse 93
Тәурат түсірілуден бұрын, Исраилдың / Йаъқуб пайғамбардың / өз-өзіне тыйым салғанынан басқа барлық тағам Исраил ұрпақтарына рұқсат етілген еді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, онда Тәуратты әкеліп, оны оқыңдар», - деп.
Verse 94
Ал, кім осыдан кейін өтірікті құрастырып, Аллаһқа жала жапса, міне, солар - нағыз әділетсіздер.
Verse 95
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ шын- дықты айтты. Ханиф Ибраһимнің дініне еріңдер. Ол мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / емес еді», - деп.
Verse 96
Ақиқатында, адамдарға ең алғаш салынған - Бәккедегі үй. Ол әлемдер үшін құт-береке әрі тура жол.
Verse 97
Онда анық белгілер - Ибраһимнің мақамы / орны / бар. Кім оған кірсе, аман болады. Аллаһ адамдарға Үйге қажылық жасауды, оның жолына / Қағбаға баруға / шамасы келгендер үшін міндеттеді. Ал, кім күпірлік етсе / мұны теріске шығарса / , күмәнсіз, Аллаһ әлемдерден Бай, мұқтаж емес.
Verse 98
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Аллаһтың аяттарына неге күпірлік етесіңдер / қарсы келесіңдер / ? Ал, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңа куә ғой», - деп.
Verse 99
Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Өздерің куә бола тұра, не үшін Аллаһтың жолын бұрмалауға ұмтылып, иманға келгендерді одан тосасыңдар? Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / аңдамай қалушы / емес», - деп.
Verse 100
Ей, иманға келгендер! Егер Кітап берілгендердің кейбір тобына бағынсаңдар, иманға келгендеріңнен кейін олар сендерді кәпірлікке қайтарады.
Verse 101
Сендерге Аллаһтың аяттары оқылып әрі араларында Оның Елшісі бола тұрып, қалайша күпірлік етесіңдер / сенбей, қарсы келесіңдер / ? Ал, кім Аллаһтан айрылмай ұстаса, сөзсіз, ол тура жолға түсірілген болады.
Verse 102
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа шын / Оған лайықты түрде болған / тақуалықпен / Оның жазасынан шын қорқып, сақтанумен / тақуалық етіңдер әрі Мұсылман күйінде болмаса, / өзге халде / өлуші болмаңдар. / Мұсылман болған күйде ғана өмірден өтіңдер /
Verse 103
Барлығың Аллаһтың арқанынан айрылмай ұстаңдар әрі бөлінбеңдер. Сондай-ақ, Аллаһтың өздеріңе берген игілігін еске алыңдар, сендер / бір-біріңе / жау болған кездеріңде, Ол жүректеріңнің арасын жарастырып, Оның игілігімен бауырларға айналдыңдар. Әрі сендер бір От / тозақ / шыңырауының ернеуінде едіңдер, Ол сендерді одан құтқарды. Сендер тура жолмен жүрулерің үшін Аллаһ сендерге Өз аяттарын осылай түсіндіреді.
Verse 104
Сендердің араларыңда жақсылыққа / қайырлы іске / шақыратын, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтаратын бір топ болсын. Міне, солар - мұратына жетушілер.
Verse 105
Өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, қайшылыққа түскен біреулер секілді болмаңдар. Міне, соларға өте үлкен азап бар.
Verse 106
Ол күні кейбір жүздер ағарып, кейбір жүздер қараяды. Жүздері қарайып кеткендерге: «Сендер иманға келгендеріңнен кейін күпірлік еттіңдер ме / иманды теріске шығардыңдар ма / ? Енді күпірлік еткендерің үшін азапты татыңдар»,- делінеді.
Verse 107
Ал, жүздері ағарғандар, Аллаһтың мейірімінде болып, онда мәңгі қалады.
Verse 108
Ей, Мұхаммед! / Міне, осы - Аллаһтың аяттары. Біз оны саған ақиқатпен оқимыз. Аллаһ әлемдерге / бүкіл жаратылыстарға / әділетсіздікті қаламайды.
Verse 109
Әрі аспандағылар мен жердегілер Аллаһтікі және барлық істер Аллаһқа қайтарылады.
Verse 110
Сендер адамдар үшін шығарылған ең қайырлы үммет болдыңдар. Сендер құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарасыңдар және Аллаһқа сенесіңдер. Егер де Кітап берілгендер иманға келгенде, өздері үшін қайырлы болар еді. Олардың арасында иманға келгендер бар. Алайда, олардың көпшілігі бұзықтар / бойсұнбаушылар /.
Verse 111
Олар сендерге азар беруден / ренжітуден / басқа ешбір зиян тигізе алмайды. Ал, егер сендермен соғысса, арттарына бұрылады. Содан кейін оларға жәрдем берілмейді.
Verse 112
Олар Аллаһтың жібімен / қорғауымен / болмаса және адамдардың жібімен / келісімі аясында / болмаса, қай жерде табылса да қорлыққа ұшыратылды. Әрі олар Аллаһтың ашуына тап болып, жоқшылыққа ұшыратылды. Бұл - олардың Аллаһтың аяттарына күпірлік етулері / мойындамаулары, қарсы келулері / және өлтіруге құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтірулері себепті. Әрі бұл олардың бойсұнбаулары және шектен шыққандықтары үшін.
Verse 113
Олардың бәрі бірдей емес. Кітап берілген қауымның ішінде сәжде жасап, түні бойы Аллаһтың аяттарын оқитын тура тобы да бар.
Verse 114
Олар Аллаһқа және Ақирет күніне сенеді, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады әрі олар игі істерде алдында / озат / болуға ұмтылады. Міне, солар - ізгілерден.
Verse 115
Олар қандай қайырлы іс істесе де ол жоққа шығарылмайды. Аллаһ тақуаларды / Раббысының жазасынан қорқып, сақтанушыларды / Білуші.
Verse 116
Ақиқатында, күпірлік еткендерді / иманға келмегендерді / мал дүниелері де, балалары да ешбір нәрсемен Аллаһтан / Оның азабынан / құтқара алмайды. Міне, солар - Отта болатындардан, олар онда мәңгі қалушылар.
Verse 117
Олардың осы өмірде жұмсағандарының мысалы - өздеріне өздері әділетсіздік еткен адамдардың егіндігіне тиіп, оны тып-типыл еткен бір суық желге ұқсайды. Аллаһ оларға әділетсіздік істеген жоқ. Алайда, олар өздеріне әділетсіздік істеді.
Verse 118
Ей, иманға келгендер! Өздеріңнен болмаған басқаларды дос, сырлас етіп алмаңдар. Олар сендерге нұқсан келтіретін сәтті қалт жібермейді. Олар сендердің қиныншылықта қалуларыңды қалайды. Олардың / сендерді / жек көрулері көмейлерінен байқалды. Ал, көкіректерінде жасырғандары одан да үлкен. Егер ақылдарыңды істетіп ұғынатын болсаңдар, сендерге аяттарды анықтап түсіндіріп бердік.
Verse 119
Міне, сендер оларды жақсы көресіңдер, ал олар сендерді жақсы көрмейді. Сендер Кітапқа бүтіндей сенесіңдер. Олар сендерді кездестірсе: «Біз иманға келдік», - дейді. Ал, оңаша қалғанда, сендерге ызаланғаннан бармақтарын шайнайды. Оларға: «Ызаларыңнан өліп кетіңдер», - деп айт. Ақиқатында, Аллаһ - көкіректердегіні жақсы Білуші.
Verse 120
Егер сендерге бір жақсылық жетсе, бұл оларды қапаландырады, әрі сендерге бір жамандық жетсе, олар бұған қуанады. Ал, егер сабыр етсеңдер әрі тақуа болсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , олардың қулық-сұмдығы сендерге ешбір зиян тигізбейді. Ақиқатында, Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Қамтушы.
Verse 121
Кезінде, / ей, Мұхаммед / сен үйіңнен имандыларды / мүміндерді / шайқас орындарына орналастыру үшін ерте шықтың. Аллаһ - әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші.
Verse 122
Сол кезде сендерден екі топ осалдық танытамыз ба деп уайымдады. Ал, ол екеуінің Қамқоршысы - Аллаһ. Имандылар / мүміндер / Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін /.
Verse 123
Әрі Аллаһ сендерге Бәдірде, әлсіз халде болғандарыңда көмек берген еді. Шүкір ету / берген игіліктеріне алғыс білдіру / үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар.
Verse 124
Ей, Мұхаммед! / Сол кезде сен имандыларға / мүміндерге / :«Раббыңыз сендерге үш мың періште түсіріп қолдаса жетпей ме?» деп айтуда едің.
Verse 125
Әрине! Егер сабыр етсеңдер әрі тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар!, сол сәтте олар / жау әскері / сендерге бірден келіп қалса, / сонда / Раббыңыз сендерді белгісі бар бес мың періштемен қолдайды.
Verse 126
Аллаһ мұны сендерге қуанышты хабар әрі жүректеріңнің орнығуы үшін ғана жасады. Көмек тек қана бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһтан болады.
Verse 127
Сөйтіп, сондай күпірлік еткендердің / иманғакелмегендердің / бір жағын жойып немесе бетін қайтарып, олардың үміттері орындалмай қайтулары үшін.
Verse 128
Ей, Мұхаммед! / саған / бұл / істе ешнәрсе жоқ. Ол / Аллаһ / не олардың істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етеді немесе оларды азаптайды. Өйткені, олар – әділетсіздер.
Verse 129
Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Аллаһтікі. Ол қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды. Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді.
Verse 130
Ей, иманға келгендер! Еселеніп көбейген өсімді жемеңдер. Әрі мұраттарыңа жету үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар,
Verse 131
ﯶﯷﯸﯹﯺ
ﯻ
және кәпірлер үшін дайындалған Оттан / тозақтан / қорқып, сақтаныңдар,
Verse 132
ﯼﯽﯾﯿﰀ
ﰁ
әрі Аллаһқа және Елшісіне бойсұныңдар, рақымына жетулерің үшін.
Verse 133
Әрі Раббыңыздың кешіріміне және тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін дайындалған, ені аспандар мен жердей болған - жәннатқа ұмтылыңдар.
Verse 134
Солар / тақуалар / жеңілдікте де және қиындықта да / Аллаһ разылығы үшін / жұмсайтындар, ашуын ұстайтындар және адамдарды кешіретіндер. Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді.
Verse 135
Әрі олар жиіркенішті іс / үлкен күнә / жасаса немесе өздеріне әділетсіздік етсе, Аллаһты естеріне алып, күнәлары үшін кешірім тілейтіндер. күнәларды Аллаһтан басқа кім кешіреді? Әрі олар істегендерін қасарысып жалғастыра бермейді және олар біледі.
Verse 136
Міне, солардың қайтарым сыйы - олардың Раббысынан кешірім және астынан өзендер ағып жататын әрі олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтар. Амал етушілердің сыйы қандай жақсы!
Verse 137
Сендерден бұрын да түрлі жолдар / жағдайлар / өтті. Жер жүзін аралап, жалғанға шығарушылардың ақыры қандай болғанын қараңдар.
Verse 138
ﮤﮥﮦﮧﮨﮩ
ﮪ
Бұл / Құран / - адамдар үшін анық түсіндіру әрі тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / және насихат.
Verse 139
Босаңсымаңдар әрі қайғырмаңдар, егер иманды / мүмін / болсаңдар, сендер жоғарысыңдар.
Verse 140
Егер сендер жарақат алсаңдар, ақиқатында ол адамдар да сондай жарақат алған еді. Аллаһ иманға келгендерді білуі әрі сендерден шәһидтер таңдап алуы үшін осындай күндерді адамдардың араларында алмастырып тұрады. Аллаһ әділетсіздерді жақсы көрмейді.
Verse 141
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
ﭗ
Әрі бұл Аллаһтың имандыларды / мүміндерді / тазартып, кәпірлерді жоюы үшін.
Verse 142
Әлде, Аллаһ сендерден күресушілер мен сабыр етушілерді айқындамай тұрып, жәннатқа кіреміз деп есептедіңдер ме?
Verse 143
Ақиқатында, сендер өлімге кездеспей тұрып, оны тілеуші едіңдер. Енді оны көрдіңдер де қарап қалдыңдар.
Verse 144
Мұхаммед бір Елші ғана. Одан бұрын да елшілер өтті. Егер ол өлсе, не өлтірілсе арттарыңа қайтып кетесіңдер ме? Кім артына қайтатын болса, Аллаһқа ешбір зиян келтіре алмайды. Аллаһ шүкір етушілердің / берген игіліктеріне алғыс білдірушілердің! қайтарым сыйын, әлі-ақ береді.
Verse 145
Әрбір жан тек Аллаһтың рұқсатымен ғана, анық жазылып белгіленген мерзімде өледі. Әрі кім осы өмірдің сыйын қаласа, оған одан береміз. Ал, кім соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / сыйын қаласа, оған да одан береміз. Әрі Біз шүкір етушілердің I берген игіліктерімізге алғыс білдірушілердің / қайтарым сыйын жақында береміз.
Verse 146
Қаншама пайғамбар өтті, Раббысына берілген көптеген адамдар олармен бірге соғысты. Олар Аллаһ жолында бастарына түскенге босаңсымады, әлсіздік танытпады және мойымады. Аллаһ сабыр етушілерді жақсы көреді.
Verse 147
Олардың сөздері: «Раббымыз! Біздің күнәларымызды және ісіміздегі шектен шығуымызды кешір әрі табандарымызды бекіт және кәпірлерге қарсы бізге көмек бер!» - деп айтулары ғана болды.
Verse 148
Аллаһ оларға осы өмірдің сыйын әрі соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / сыйының ең көркемін берді. Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді.
Verse 149
Ей, иманға келгендер! Егер күпірлік еткендерге / қарсы келгендерге, имансыздарға / бағынсаңдар, олар сендерді арттарыңа қайтарады. Сонда зиян шеккендерге айналасыңдар.
Verse 150
Ақиқатында, сендердің қамқоршыларың - Аллаһ! Ол - көмек берушілердің ең қайырлысы.
Verse 151
Аллаһқа серік етіп, Ол ешбір дәлел түсірмеген нәрсені таңғандықтары үшін күпірлік еткендердің / Аллаһқа серік қосушылардың! жүректеріне үрей саламыз. Әрі олардың баспанасы - От / тозақ /. Әділетсіздердің тұрағы неткен жаман!
Verse 152
Ақиқатында, Аллаһтың рұқсатымен сендер оларды қырып жатқан кездеріңде, Аллаһ сендерге берген уәдесін шындыққа шығарды. Ал, Аллаһ өздеріңе ұнататын нәрселеріңді көрсеткеннен кейін осалдық таныттыңдар және берілген бұйрық жөнінде тартысып, бағынбай кеттіңдер. Сендердің іштеріңде осы өмірді қалайтындар бар әрі сендердің іштеріңде соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / қалайтындар бар. Содан кейін Ол сендерді сынау үшін олардан кері бұрды. Әрі Ол сендерді кешірді. Аллаһ имандыларға / мүміндерге / кеңшілік Иесі.
Verse 153
Сол кезде Елші арттарыңнан сендерді шақырса да ешкімге қайырылмай, / жоғарыға / қаша жөнелдіңдер. Сонда Ол / Аллаһ / жіберіп алғандарыңа және бастарыңа түскенге күйінбеулерің үшін қайғы үстіне қайғыны қайтарым ретінде берді. Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар.
Кейін, қайғыдан соң, Ол сендерге бір бөлігіңді баурап алған тыныштықты қалғу / жеңіл ұйқы / түрінде түсірді. Ал, басқа бір топ Аллаһ туралы, надандық дәуіріндегідей шындыққа сай келмейтін ой ойлап: «Осы істен бізге бір нәрсе бар ма?» - деп өздері жайлы уайымда болды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында барлық іс Аллаһтың еркінде», - деп. Олар саған әшкере етпейтіндерін іштерінде жасырады да: «Осы істен бізге бір нәрсе болғанда, осы жерде өлтірілмес едік», - дейді. Айт: «Сендер үйлерінде болсаңдар да өлтірілуі / тағдырында / жазылғандар, өздері жер құшатын орынға барар еді. Бұл - Аллаһтың сендердің көкіректеріңдегіні сынауы үшін әрі жүректеріңдегіні тазартуы үшін. Аллаһ көкіректердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
Verse 155
Ақиқатында, екі топ бетпе-бет келген күні сендерден артқа бұрылғандарды, кейбір істеп өткендері / күнәлары / себебінен шайтан сүріндірген еді. Аллаһ оларды кешірді. Сөзсіз, Аллаһ - өте Кешірімді, аса Ұстамды.
Verse 156
Ей, иманға келгендер! Жер жүзінде сапарда немесе жорықта болған бауырлары туралы: «Егер де олар қасымызда болғанда өлмес те, әрі өлтірілмес те еді», - дейтін күпірлік етушілер / мұнафиқтар мен имансыздар / тәрізді болмаңдар. Аллаһ бұны / айтқан сөздерін / олардың жүректеріне қайғы-қасірет ету үшін істеді. Аллаһ тірілтеді және өлтіреді. Әрі Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды Көруші.
Verse 157
Егер Аллаһ жолында өлтірілсеңдер немесе өлсеңдер, әлбетте, Аллаһтың кешірімі мен мейірімі олардың / кәпірлердің / жиғандарынан қайырлы.
Verse 158
Егер өлсеңдер де, не өлтірілсеңдер де, міндетті түрде Аллаһқа жиналасыңдар.
Verse 159
Ей, Мұхаммед! / Сен оларға Аллаһтың мейірімімен жұмсақтық таныттың. Егер дөрекі, қатал жүректі болғаныңда, олар маңайыңнан тарап кетер еді. Оларды кешір және олар үшін / Аллаһтан / кешірім тіле әрі іс жөнінде олармен кеңес. Қашан / бір іске / шешім қабылдасаң, Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет /. Шын мәнінде, Аллаһ Өзіне жүгініп, Оған істерін тапсырушыларды / тәуекел етушілерді / жақсы көреді.
Verse 160
Егер Аллаһ сендерге жәрдем берсе, сендерді ешкім жеңе алмайды. Ал, егер, сендерді көмексіз қалдырса, Одан кейін сендерге жәрдем беретін кім бар? Имандылар / мүміндер / Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін /.
Verse 161
Ешбір пайғамбарға / олжаны / өтірікпен өзіне иемденіп алу лайық емес. Ал, кім өтірікпен алып иемденген болса, Қайта тірілу күні сол алғанымен келеді. Содан кейін әрбір жанға әділетсіздік етілмей, тапқаны толық беріледі.
Verse 162
Аллаһтың разы болғанына еруші адам Аллаһтың ашуына ұшырап, тұрағы Жаһаннам болған біреу секілді ме? Ал ол баратын жер қандай жаман.
Verse 163
Олар Аллаһтың алдында - түрлі дәрежелерде. Әрі Аллаһ - олардың не істеп жатқанын Көруші.
Verse 164
Ақиқатында, Аллаһ имандыларға / мүміндерге / Оның аяттарын оқитын, оларды тазартатын және Кітап пен даналықты / сүннетті / үйрететін өз іштерінен бір Елші жіберіп, оларға игілік жасады. Ал, олар бұрын анық адасуда болған еді.
Verse 165
Сендер / Ұхудта / бір қиындыққа ұшырағанкездеріңде, бұрын өздерің оларды / Бәдірде / бұдан екі есе қиындыққа ұшыратқан бола тұрып: «Бұл / жеңіліс / қай- дан келді?» - демедіңдер ме? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бұл өздеріңнен» - деп. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы.
Verse 166
Әрі екі топ бетпе-бет келген күні сендердің бастарыңа түскен нәрсе - Аллаһтың рұқсатымен және имандыларды білу үшін болды.
Verse 167
Әрі мұнафиқ болғандарды да білуі / анықтауы / үшін. Оларға: «Келіңдер, Аллаһ жолында соғысыңдар немесе қорғаныңдар»делінген еді. Олар: «Соғысты / болатынын / білгенімізде, әлбетте арттарыңнан ерер едік»,- деді. Сол күні олар, иманға қарағанда күпірге / имансыздыққа / жақын еді. Олар тілдерімен жүректерінде жоқнәрсені айтады. Негізінде,Аллаһ олардың не жасырып тұрғандарын жақсы біледі.
Verse 168
Ей, Мұхаммед! / Өздері / жорыққа шықпай / отырып қалып, бауырлары туралы: «Егер олар бізді тыңдағанда, өлтірілмес еді»,дегендерге айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, өздеріңнен өлімді қайтарыңдаршы» - деп.
Verse 169
Әрі Аллаһ жолында өлтірілгендерді өлі деп есептеме. Негізінде, олар тірі, Раббысының құзырында ризық алуда,
Verse 170
өздеріне - Аллаһ Өз кеңшілігінен бергеніне шаттануда әрі өздеріне әлі қосылмаған арттарындағыларға / ерушілерге / еш қорқыныш жоқтығына және олардың қайғырмайтындығына қуануда.
Verse 171
Олар Аллаһтың игілігі мен кеңшілігіне және имандылардың / мүміндердің / ақысын Аллаһтың зая кетірмейтіндігіне қуанады,
Verse 172
олар өздері / Ұхуд соғысында / жарақат алғаннан кейін де Аллаһқа және Елшіге жауап бергендер / бойсұнғандар /. Олардан игілік істегендерге және тақуалық еткендерге / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / ұлы сый бар.
Verse 173
Оларға адамдар: «Расында адамдар сендерге қарсы жиналды, олардан қорқыңдар!» - дегенде, бұл олардың имандарын күшейте түсіп: «Бізге Аллаһ жеткілікті, Ол қандай жақсы - әл-Уакийл / тапсырылғанды қорғап, сақтаушы / », - деп жауап берді.
Verse 174
Әрі оларға еш жамандық тимей Аллаһтың игілігі және кеңшілігімен қайтып оралды және олар Аллаһтың ризалығына ерді. Аллаһ - ұлы кеңшілік иесі.
Verse 175
Шын мәнінде, сол - шайтан, өзіне ерушілерді ғана қорқытады. Сондықтан олардан қорықпаңдар, иманды / мүмін / болсаңдар Менен қорқыңдар.
Verse 176
Ей, Мұхаммед! / Күпірлікке / иманды теріске шығаруға / асыққандар сені қайғыртпасын. Ақиқатында, олар Аллаһқа ешқандай зиян келтіре алмайды. Аллаһ оларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес бермеуді қалайды. Әрі оларға өте үлкен азап бар.
Verse 177
Ақиқатында, иманның орнына күпірлікті / имансыздықты / сатып алғандар Аллаһқа ешқандай зиян тигізе алмайды. Әрі оларға күйзелтуші азап бар.
Verse 178
Әрі сондай күпірлік еткендер / иманға келуден бас тартқандар / , оларға уақыт беруімізді, өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Негізінде, оларға күнәларының көбеюі үшін ғана уақыт береміз. Оларға қорлаушы азап бар.
Verse 179
Ей, Мұхаммед! / Аллаһ жақсыдан жаманды айырғанға дейін имандыларды / мүміндерді / сендер болған осы халде / жағдайда / қалдырып қоюшы емес. Аллаһ сендерге ғайыпты білдірмейді. Бірақ, Аллаһ елшілері арасынан Өз қалағанын таңдап алады. Ендеше Аллаһқа және Оның елшілеріне сеніңдер! Егер иманға келсеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / сендерге ұлы сый бар.
Verse 180
Аллаһтың Өз кеңшілігінен бергеніне сараңдық ететіндер, оны өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Керісінше, бұл - оларға жамандық. Қайта тірілу күні олар сараңдық етіп, бермеген нәрселерімен оратылады. Аспандар мен жердің мирасы Аллаһтікі. Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар.
Verse 181
Ақиқатында, Аллаһ олардың / иудейлердің / :«Аллаһ кедей, біз баймыз», - деген сөздерін естіді. Олардың айтқандарын және құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтіргендерін жазамыз әрі / Оларға / :«Өртеуші оттың азабын татыңдар!» - дейміз.
Verse 182
Бұл - өз қолдарың дайындағаны / істеген күнәларың / себепті, өйткені Аллаһ құлдарына еш әділетсіздік етуші емес.
Verse 183
Ей, Мұхаммед! / Сондай: «От жалмап қоятын бір құрбандық алып келмейінше, Аллаһ бізден Елшіге сенбеуіміз жайлы серт алды», - дегендерге айт: «Ақиқатында сендерге менен бұрын да анық дәлелдермен және өздерің айтқан нәрсемен елшілер келген еді. Шын сөзді болсаңдар, сонда оларды не үшін өлтірдіңдер?» - деп.
Verse 184
Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікке шығарса, ақиқатында, анық белгі- дәлелдермен, жазбалармен және нұрландырушы Кітаппен келген сенен бұрынғы елшілер де өтірікке шығарылған еді.
Verse 185
Әрбір жан өлім / дәмін / татады. Шын мәнінде, Қайта тірілу күні сендерге ақыларың толық беріледі. Сонда кім Оттан / тозақтан / алыстатылып, Жәннатқа кіргізілсе, ол шынымен табысқа жетті. Ал, бұл өмір - бар болғаны алдамшы рахаттың / өткінші пайдаланудың / ғана нәрсесі.
Verse 186
Сендер міндетті түрде мал-дүниелеріңмен және өздеріңмен сыналасыңдар әрі өздеріңнен бұрынғы Кітап берілгендер мен серік қосушылардан көп реніш естисіңдер. Егер сабыр етсеңдер және тақуалық қылсаңцар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / ақиқатында, бұл шешімді / табандылықтанытатын / істерден.
Verse 187
Кезінде Аллаһ, Кітап берілгендерден: «Оны міндетті түрде адамдарға түсіндіресіңдер әрі жасырмайсыңдар», - деп серт алды. Алайда, олар оны / сертті / арттарына тастап, орнына болмашы бағаны / бұл дүниелікті / сатып алды. Олардың сатып алғандары қандай жаман!
Verse 188
Ей, Мұхаммед! / Істегендеріне мәз болып, істемегендері үшін өздеріне мақтау айтылуын ұнататындарды азаптан құтылады деп ойлама. Оларға күйзелтуші азап бар.
Verse 189
Аспандардың және жердің билігі Аллаһтікі. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы.
Verse 190
Ақиқатында, аспандардың және жердің жаратылуында, түн мен күндіздің ауысуында ақыл иелері үшін белгілер бар,
Verse 191
солар Аллаһты түрегеп тұрып, отырған күйі және жамбастап жатып еске алады, әрі аспандардың және жердің жаратылуы жайында ойланып: «Раббымыз! Сен бұны босқа жаратпадың! Сен / барлық кемшіліктен / пәксің! Бізді От / тозақ / азабынан сақта!
Verse 192
Раббымыз! Ақиқатында Сен кімді Отқа кіргізсең, оны шынымен қорлыққа ұшыратасың. Әділетсіздерге ешбір жәрдемші жоқ.
Verse 193
Раббымыз! Біз «Өздеріңнің Раббыңа сеніңдер» - деп, иманға үндеп жүрген үндеушіні естіп, иманға келдік. Раббымыз! Біздің күнәларымызды кешір, жамандықтарымызды өшір / тазарт / әрі біздің жанымызды ізгілермен бірге ал.
Verse 194
Раббымыз! Бізге елшілерің арқылы уәде еткеніңді бер және бізді Қайта тірілу күні қорлама. Ақиқатында, Сен уәдеңді бұзбайсың», - деп тілейді.
Verse 195
Сонда Раббысы оларға: «Анығында, Мен сендерден амал істеуші еркек не әйелдің амалын зая кетірмеймін. Сендер - бір-біріңненсің. Ал, сондай қоныс аударған, жұрттарынан қуылған, Менің жолымда жапа шеккен, соғысқан және өлтірілгендердің жаман істерін кешіріп, оларды астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземін. Бұл - Аллаһтан бір сый ретінде. Сыйдың көркемі - Аллаһта», - деп жауап берді.
Verse 196
Ей, Мұхаммед! / Сені күпірлік етушілердің / Аллаһтың дінін мойындамағандардың / елді аралап жүруі еш алдандырмасын.
Verse 197
бұл / аз ғана пайдалану. Одан соң олардың «паналайтын жайы» - Жаһаннам. Ол қандай жаман орын.
Verse 198
Алайда, Раббысынан / Оның жазасынан / қорқып, сақтанғандарға, астынан өзендер ағып жатқан / Жәннаттағы / бақтар бар, олар онда мәңгі қалушы. Бұл - Аллаһтан сый-сияпат ретінде. Әрі Аллаһтағы нәрселер ізгілер үшін қайырлы.
Verse 199
Ақиқатында, Кітап берілген қауымның ішінде Аллаһқа әрі сендерге түсірілгенге / Құранға / және өздеріне түсірілгенге / Тәурат пен Інжілге / сенетіндер, Аллаһқа берілгендер, Аллаһтың аяттарының орнына болмашы бағаны / бұл дүниелікті / сатып алмайтындар бар. Міне, солардың сыйы - олардың Раббысында. Негізінде, Аллаһ - есепті жылдам алушы.
Verse 200
Ей, иманға келгендер! Сабыр етіңдер әрі сабырда үстем болыңдар. Шепті күзетіңдер және мұраттарыңа жету үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар /.
تقدم القراءة