الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде الحشر сүресінің аудармасы
Verse 1
Аспандағылар мен жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол аса Үстем, аса Дана.
Ол Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендерді / келісімді бұзғандарды / алғашқы жинауда жұрттарынан шығарды. Сендер оларды шығып кетеді деп ойлаған да емес едіңдер. Ал, олар қамалдары өздерін Аллаһтан қорғайды деп ойлаған еді. Бірақ, Аллаһ оларға өздері күтпеген жақтан келді және олардың жүректеріне үрей салды. Олар үйлерін өз қолдарымен және иманға келгендердің қолдарымен талқандауда еді. Ғибрат алыңдар, ей, көретін көзі барлар / зерделі жандар / !
Verse 3
Егер де Аллаһ оларға көшіріп жіберуді / сүргінді / жазбағанда, онда міндетті түрде оларды осы дүниеде / басқа азаппен / жазалайтын еді. Әрі олар үшін соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / От азабы бар.
Verse 4
Бұл, олардың Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келгендіктері себепті. Кім Аллаһқа қарсы келсе, күмәнсіз, Аллаһтың жазасы қатты.
Verse 5
Сендер / жаудың / құрма ағашынан кессеңдер де, не оларды өз тамырларында тұрған күйінде қалдырсаңдар да, / бұл / Аллаһтың рұқсатымен бұзықтарды / бойсұнбаушыларды / қорлау үшін.
Verse 6
Әрі Аллаһ Өз елшісіне олардан соғыссыз олжа етіп бергендеріне, сендер аттармен де, түйелермен де атойлап шауып барған жоқсындар. Алайда, Аллаһ елшілеріне Өзі қалағандардың үстінен билік береді. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы.
Аллаһ елді мекен тұрғындарынан Өз елшісіне соғыссыз олжа етіп берген нәрселер -Аллаһқа, Елшіге, оның жақындарына, жетімдерге, жоқ-жітікке және жолда қалғандарға тиісті. / бұл, олжалар / сендердің қатарларындағы байлар арасында / үлестіріліп / қолдан-қолға өтетін нәрсе болмауы үшін. Елші сендерге не берсе соны алыңдар да, ол сендерді неден тыйса содан тыйылыңдар және Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар. Ақиқатында Аллаһтың жазасы қатты.
Verse 8
Олардың ішінде / Аллаһтан кеңшілік және ризалық іздеп әрі Аллаһқа және Оның елшісіне көмек беріп, жұрттарынан қуып шығарылған және мал-мүліктерінен айрылған муһажир кедейлерге тиісті. Міне, солар - шын сөзділер.
Verse 9
Ал, олардан алдын / Мәдинада / үй-жайы болып әрі иманда орныққандар / ансарлар / , өздеріне қоныс аударғандарды / муһажирлерді / жақсы көреді, кеуделерінде оларға берілген нәрселерге ешқандай қажеттілік, кірбіңдік сезбейді. Әрі өздерінде мұқтаждық болса да, оларды өздерінен артық көреді. Кім өзінің сараңдығынан сақталған болса, міне, солар - табысқа жетушілер.
Verse 10
Олардан кейін келгендер: «Раббымыз! Бізді және бізден бұрын иманға келген бауырларымызды кешір! Әрі иманға келгендерге қарсы жүрегімізге жек көрушілік салма! Раббымыз! Ақиқатында, Сен өте Мейірбан, ерекше Мейірімдісің !» - деп айтады.
Verse 11
Мұнафиқтарды көрмедің бе, Кітап берілген қауым қатарындағы күпірлік етуші / имансыз / бауырларына: «Егер сендер шығарылсаңдар, онда біз де міндетті түрде сендермен бірге шығамыз. Сендерге қатысты ешкімге, ешқашан бағынбаймыз. Егер сендермен соғысса, әлбетте сендерге жәрдем береміз», - деп айтатын. Аллаһ олардың нағыз өтірікші екендігіне куәлік береді.
Verse 12
Егер олар шығарылса, бұлар олармен бірге шықпайды. Егер Оларға қарсы соғыс болса, Оларға көмек бермейді. Көмек беруге келсе де, міндетті түрде арттарына бұрылып қашады. Содан кейін Оларға / ешқандай / көмек берілмейді.
Verse 13
Негізінде, олардың кеуделерінде / жүректерінде / Аллаһқа қарағанда сендерден қатты қорқыныш бар. мұның себебі, олар түсінбейтін адамдар.
Verse 14
Олар, қорғандар ішінде не қамалдардың артынан болмаса, сендермен бәрі бірге соғыспайды. Олардың өз араларындағы қарсылықтары қатты. / Ей, Мұхаммед! / Сен оларды бірлікте деп ойлайсың, алайда олардың жүректері әртүрлі. Бұл, олардың ақылын істетіп ұғынбайтын адамдар болғандығы себебінен.
Verse 15
Олар өздерінен таяуда өткен алдыңғылар сияқты. Олар істерінің жаман нәтижесін татты әрі Оларға күйзелтуші азап бар.
Verse 16
Олар шайтанға ұқсайды, ол адамға: «Күпірлік ет / бойсұнба / », - деп, ал ол күпірлік еткен / бойсұнудан бас тартқан / кезде: «Негізінде менің саған қатысым жоқ. Шын мәнінде, мен әлемдердің Раббысы - Аллаһтан қорқамын», - деді.
Verse 17
Енді ол екеуінің соңы - От / тозақ / , олар онда мәңгі қалады. Әділетсіздердің қайтарым жазасы - осы!
Verse 18
Ей, иманға келгендер! Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар! Әрбір адам ертеңі үшін не дайындағанына қарасын. Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ сендердің істеп жатқандарыңнан Хабардар / Хабир /.
Verse 19
Сендер Аллаһты ұмытқандар, Ол оларға олардың өздерін ұмыттырған біреулер секілді болмаңдар. Міне, солар - бұзықтар / бойсұнбаушылар /.
Verse 20
Оттағылар / тозақтағылар / мен жәннаттағылар тең болмайды. жәннаттықтар, олар -жетістікке / табысқа / жеткендер.
Verse 21
Ей, Мұхаммед / / Егер де осы Құранды бір тауға түсірсек, оның Аллаһтан қорыққаннан иілген / бойсұнған / түрде бөлшектеніп кеткенін көрер едің. Бұл мысалдарды адамдарға, олардың ойланулары үшін келтіреміз.
Verse 22
Ол - Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол құпияны да, айқын нәрсені де Білуші. Ол әр-Рахман / аса Қайырымды / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді /.
Verse 23
Ол - Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - әл-Мәлик / бүкіл әлемдердің шын Билеушісі / , әл-Қуддус / барлық кемшіліктен пәк / , әс-Сәлам / амандық иесі әрі айып, нұқсаннан таза кемелділік иесі / , әл-Мүмін / иманға келгендердің сенімін Растаушы / , әл-Муһаймин / Сақтаушы, бәрін бақылап тұрушы / , әл-’ Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Жаббар / Бағындырушы / әрі әл-Мутәкәббир / ақиқи ұлылық Иесі /. Аллаһ, олардың серік етіп қосқандарынан пәк.
Verse 24
Ол Аллаһ - әл-Халиқ, / Жаратушы / , әл-Бәри / жоқтан бар етіп Жасаушы / , әл-Мусаууир / кескін-келбет беріп Бейнелеуші /. Ең көркем есімдер Оған тән. Аспандардағылар мен жердегілер Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол -әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Хаким / аса Дана /.
تقدم القراءة