الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде الدّخان сүресінің аудармасы
Verse 1
ﭑ
ﭒ
Ха. Мим.
Verse 2
ﭓﭔ
ﭕ
Анық Кітаппен ант етемін!
Verse 3
Ақиқатында, Біз оны берекелі түнде түсірдік. Шын мәнінде, Біз ескертіп, сақтандырамыз.
Verse 4
ﭠﭡﭢﭣﭤ
ﭥ
Ол түні әрбір хикметті бұйрықтар бөлінеді,
Verse 5
Біздің әміріміз бойынша. Анығында, Біз жіберуші болдық,
Verse 6
Раббыңнан бір мейірім етіп. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші.
Verse 7
Егер айқын сенуші болсаңдар, бұл / мейірім / - аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысынан.
Verse 8
Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Ол - сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббысы.
Verse 9
ﮍﮎﮏﮐﮑ
ﮒ
Бірақ олар / сенбейтіндер / күмәнда болып, ойын етіп жүр.
Verse 10
ﮓﮔﮕﮖﮗﮘ
ﮙ
Ей, Мұхаммед! / Ал, сен аспан анық түтінді әкелетін Күнді күт.
Verse 11
ﮚﮛﮜﮝﮞﮟ
ﮠ
Ол адамдарды орап алады. Бұл - күйзелтуші азап.
Verse 12
ﮡﮢﮣﮤﮥﮦ
ﮧ
Олар / :«Раббымыз! Бізді азаптан айықтыр, біз иманға келеміз»,- дейді.
Verse 13
Оларда еске алу қалай болсын, анығында оларға анық түсіндіруші Елші келген еді ғой!
Verse 14
ﮰﮱﯓﯔﯕﯖ
ﯗ
Кейін олар одан теріс бұрылды әрі: «Үйретілген, жын соққан», - деді.
Verse 15
Негізінде, Біз азапты аз уақытқа арылта тұрамыз. Алайда сендер / имансыздьіща) қайта ораласыңдар.
Verse 16
ﯠﯡﯢﯣﯤﯥ
ﯦ
Сол / қиямет / күні Біз / имансыздарды / қатты ұстаумен ұстаймыз, сонда, Біз сөзсіз, жазалаймыз.
Verse 17
Әрі Біз олардан бұрын Фиръаунның елін сынаған едік. Әрі оларға бір ардақты Елші келді.
Verse 18
Ол / :«Аллаһтың құлдарын маған тапсырыңдар. Ақиқатында мен - сендерге / жіберілген / сенімді Елшімін.
Verse 19
Аллаһқа қарсы менмендік етпеңдер, мен сендерге анық дәлелмен келдім.
Verse 20
ﭜﭝﭞﭟﭠﭡ
ﭢ
Әрі мен сендердің таспен ұруларыңнан өзімнің Раббым әрі сендердің Раббыңа / Аллаһқа / сиынып, Оның қорғауына жүгіндім.
Verse 21
ﭣﭤﭥﭦﭧ
ﭨ
Егер маған сенбесеңдер, онда менен аулақ болыңдар», - деді?
Verse 22
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮ
ﭯ
Сөйтіп / кейін / ол: «Негізінде, бұлар - қылмыскер ел», - деп, Раббысына жалбарынды.
Verse 23
ﭰﭱﭲﭳﭴ
ﭵ
Сонда: «Құлдарымды алып, түнде жолға шық. Олар сендердің соңдарыңнан түседі.
Verse 24
Әрі теңізді тыныш күйінде қалдыр, өйткені олар / фиръаундықтар / суға батырылатын әскер»,- / деген уахи келді /.
Verse 25
ﭾﭿﮀﮁﮂ
ﮃ
Олар қаншама бақтар мен бұлақтарды қалдырды,
Verse 26
ﮄﮅﮆ
ﮇ
егіндер мен кең салтанатты орын жайларды,
Verse 27
ﮈﮉﮊﮋ
ﮌ
әрі өздері рахатын көрген игіліктерді.
Verse 28
ﮍﮎﮏﮐﮑ
ﮒ
Міне осылай! Біз бұлардың барлығын басқа елге мұра етіп бердік.
Verse 29
Оларға / фиръаундықтарға / аспан да, жер де жыламады әрі оларға ұзартылмады / мұрсат берілмеді /.
Verse 30
Әрі Біз Исраил ұрпақтарын қорлаушы азаптан құтқардық -
Verse 31
Фиръауннан. Анығында, ол өзін жоғары санап, менменсіген әрі шектен шығушылардан еді.
Verse 32
ﮭﮮﮯﮰﮱﯓ
ﯔ
Әрі Біз оларды білімімізбен әлемдерден таңдадық.
Verse 33
Біз оларға белгі-мұғжизаларды бердік. Оларда анық сынақтар бар еді.
Verse 34
ﯝﯞﯟ
ﯠ
Ақиқатында, бұлар / мүшріктер / әлбетте былай деп айтады:
Verse 35
«Біздің тек бірінші өлуіміз ғана / бар / әрі біз қайта тірілтілмейміз.
Verse 36
ﯪﯫﯬﯭﯮ
ﯯ
Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», - деп.
Verse 37
Олар артық па, әлде Туббаъның елі және олардан бұрын өткендер ме? Біз оларды жойып жібердік. Өйткені олар қылмыскер еді.
Verse 38
Біз аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын ермек етіп, / бостан-бос / жаратқан жоқпыз.
Verse 39
Біз екеуін ақиқатпен ғана жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді.
Verse 40
ﭑﭒﭓﭔﭕ
ﭖ
Шын мәнінде, Айыру Күні - олардың барлығы үшін белгіленген мерзім.
Verse 41
Ол күні ешбір жақын жақынына пайда бермейді әрі оларға көмек те көрсетілмейді,
Verse 42
тек Аллаһ мейіріміне бөлегендер ғана басқа. Ақиқатында, Ол бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.
Verse 43
ﭫﭬﭭ
ﭮ
Күдіксіз, заққұм ағашы -
Verse 44
ﭯﭰ
ﭱ
күнәһардың тамағы.
Verse 45
ﭲﭳﭴﭵ
ﭶ
Ол қарындарда балқыған мыс секілді қайнайды,
Verse 46
ﭷﭸ
ﭹ
қайнап тұрғаны судың / бұрқылдап / қайнағанындай.
Verse 47
ﭺﭻﭼﭽﭾ
ﭿ
Оны ұстаңдар да Жахимнің ортасына сүйретіп апарыңдар.
Verse 48
Содан кейін оның басының үстінен қайнап тұрған судың азабынан құйыңдар.
Verse 49
ﮈﮉﮊﮋﮌ
ﮍ
Сонда сенбеушілерге / :«Татып көр, сен «күшті, құрметтісің» ғой.
Verse 50
ﮎﮏﮐﮑﮒﮓ
ﮔ
Анығында, бұл - сендердің күмәнданып келгендерің.
Verse 51
ﮕﮖﮗﮘﮙ
ﮚ
Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / бейбіт орындарда -
Verse 52
ﮛﮜﮝ
ﮞ
Жәннат бақтары мен бұлақтарында.
Verse 53
ﮟﮠﮡﮢﮣ
ﮤ
Олар жұқа және қалың жібектен киімдер киіп, бір-біріне жүзбе-жүз халде отырады.
Verse 54
ﮥﮦﮧﮨ
ﮩ
Осылай! Әрі оларды аппақ, көздері үлкен де әдемілермен / хурлармен / үйлендіреміз.
Verse 55
ﮪﮫﮬﮭﮮ
ﮯ
Олар ол жерде амандықта болып, кез келген жемісті алдыра алады.
Verse 56
Алғашқы өлімнен кейін ол жерде олар өлімді татпайды. Әрі Ол - оларды Жахим азабынан сақтаған.
Verse 57
Ей, Мұхаммед! / Бұл - сенің Раббыңның кеңшілігімен. Міне, осы - ұлы жетістік.
Verse 58
ﯦﯧﯨﯩﯪ
ﯫ
Шын мәнінде, Біз оны / Құранды / олардың еске алулары үшін сенің тіліңде жеңілдеттік.
Verse 59
ﯬﯭﯮ
ﯯ
Енді күт, негізінде олар да күтуде.
تقدم القراءة