الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде يس сүресінің аудармасы
Verse 1
ﭬ
ﭭ
Йа, Син.
Verse 2
ﭮﭯ
ﭰ
Хикметті Құранмен ант етемін!
Verse 3
ﭱﭲﭳ
ﭴ
Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, сен елшілерденсің,
Verse 4
ﭵﭶﭷ
ﭸ
тура жолдағы.
Verse 5
ﭹﭺﭻ
ﭼ
Бұл бәрінен Үстем, ерекше Рақымдының түсіргені,
Verse 6
аталары ескертілмей, өздері қаперсіз жүрген елге ескертуің үшін.
Verse 7
Олардың көпшілігіне қатысты Сөз шындыққа айналды, енді олар сенбейді.
Verse 8
Біз олардың / кәпірлердің / мойындарын иектеріне дейін жететін бұғаулармен құрсаулап қаптадық. Содан олардың бастары кекшиіп қалады.
Verse 9
Әрі Біз олардың алдарынан да тосқауыл және арттарынан да тосқауыл қойып, оларды бүркедік, сондықтан олар көрмейді.
Verse 10
Ей, Мұхаммед! / Ескертсең де, ескертпесең де оларға бәрібір, олар иманға келмейді.
Verse 11
Негізінде, сен Ескертуге / Құранға / ерген және әр-Рахманнан / аса Қайырымдыдан / , Оны көрмей-ақ қорыққанға ескерте аласың. Оны кешірім әрі көркем сыймен сүйіншіле.
Verse 12
Ақиқатында, Біз өлілерді қайта тірілтеміз және олардың бұрын әзірлегендерін / істеген амалдарын / және артында қалдырған іздерін жазып қоямыз. Біз әрбірнәрсені анық Түпнұсқада / Ләухул-Махфузда / 2Ш есептеп қойдық.
Verse 13
Ей, Мұхаммед! / Оларға бір кент халқының мысалын келтір. Кезінде ол кентке елшілер келген еді.
Verse 14
Біз оларға / елшінің / екеуін жібергенімізде, олар / кент халқы / екеуін өтірікшіге шығарды. Сонда Біз / ол екеуін / үшіншімен күшейттік те, олар: «Біз - сендерге жіберілген елшілерміз», - деді.
Verse 15
Кент халқы / :«Сендер бар болғаны біз сияқты ғана адамсыңдар. Әр-Рахман / аса Қайырымды / ешнәрсе түсірмеді, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», - деді.
Verse 16
ﭶﭷﭸﭹﭺﭻ
ﭼ
Елшілер / :«Раббымыз біледі. Ақиқатында, біз сендерге жіберілген елшілерміз.
Verse 17
ﭽﭾﭿﮀﮁ
ﮂ
Әрі Бізге жүктелгені анық - түрде жеткізу ғана»,-деді.
Verse 18
Кент халқы / :«Біз сендерден жамандықтың нышанын байқап тұрмыз. Егер тыйылмасаңдар, сендерді таспен ұрамыз. Әрі біздің тарапымыздан болған азапқа ұшырайсыңдар», - деді.
Verse 19
Елшілер / :«Жаман ырымдарың өздеріңмен бірге. Естеріңе салса да ма / ескертсе де ме / ? Олай емес, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді.
Verse 20
Сонда қаланың шетінен бір кісі жүгіріп келіп: «Әй, адамдар! Елшілерге еріңдер.
Verse 21
Өздеріңнен ақы сұрамайтындарға және тура жолда болғандарға еріндер.
Verse 22
Әрі мен өзімді жаратқанға және өздерің Оған қайтарылатынға / Аллаһқа / қалайша құлшылық етпеймін?
Verse 23
Мен Одан өзгелерді құдайлар етіп аламын ба? Егер әр-Рахман / аса Қайырымды / маған бір зиян тигізуді қаласа, олардың ара түсулері / шапағаты / маған еш пайда бермейді әрі олар мені құтқара да алмайды.
Verse 24
ﯪﯫﯬﯭﯮ
ﯯ
Онда мен сөзсіз анық адасуда болған боламын.
Verse 25
ﯰﯱﯲﯳ
ﯴ
Ақиқатында, мен сендердің Раббыңа сендім. Мені тыңдаңдар.»,- деді.
Verse 26
Оған: «Жәннатқа кір»,- делінді. Ол: «Егер елім білгенде еді,
Verse 27
19Раббымның мені не үшін кешіргенін әрі мені қадірлілер қатарынан еткенін», - деді.
Verse 28
Біз оның еліне одан кейін аспаннан ешқандай әскер түсірмедік және түсіруші де емеспіз.
Verse 29
Бар болғаны бір ғана сайха болды да, олар сол сәтте өшті.
Verse 30
Өздеріне келген әрбір Елшіні келеке еткен құлдарға қасірет бар\
Verse 31
Олар өздерінен бұрын қанша ұрпақтарды жойып жібергенімізді көрмеді ме? Әрі олардың өздеріне қайта келмейтіндіктерін.
Verse 32
ﮂﮃﮄﮅﮆﮇ
ﮈ
Әрі күмәнсіз, барлығы бірге алдымызға жиналады.
Verse 33
Әрі тіршіліксіз / өлі / жер - олар үшін бір белгі. Біз оны жандандырып / тіршілік бітіріп / , одан олар азық ететін дән шығардық.
Verse 34
Әрі онда құрма бақтары және жүзімдіктер жасадық және онда бастаулар ағыздық,
Verse 35
оның жемістерінен жеулері үшін. бұл олардың қолдарының істегендері емес. Сонда олар шүкір етпей ме / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме / ?
Verse 36
Жердің өсірген нәрселерін, олардың / адамдардың / өздерін және олар білмейтін нәрселердің барлығын жұп етіп жаратқан Ол / Аллаһ / / барлық кемшіліктен / пәк.
Verse 37
Әрі олар үшін түн - бір белгі. Біз одан күндізді ажыратып аламыз, сол кезде олар қараңғылықта қалады.
Verse 38
Сондай-ақ, күн өзінің белгіленген уақытына жүзеді. бұл - бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеуі / тағдыр еткені /.
Verse 39
Әрі айдың да құрманыңқурағанбұтағындай болғанына дейінгі орындарын белгілеп қойдық.
Verse 40
Күннің айға жетуі мүмкін емес әрі түн де күндізден озбайды. Барлығы өз орбиталарында / кеңістіктегі белгіленген айналу жолында / жүзеді.
Verse 41
Әрі олардың / адамдардың / ұрпақтарын толған кемеде алып жүруіміз - олар үшін бір белгі.
Verse 42
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟ
ﭠ
Біз олар үшін соған / кемеге / ұқсастан өздері мінетін нәрселерді / түрлі көлік түрлерін / жаратып бердік.
Verse 43
Егер қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға көмекші болмайды әрі өздерін құтқара алмайды,
Verse 44
ﭫﭬﭭﭮﭯﭰ
ﭱ
тек Бізден бір мейірім болып және белгіленген уақытқа дейінгі пайдаландыруымыз болмаса.
Verse 45
Қашан оларға / имансыздарға / :«Сендер мейірімге бөленулерің үшін алдарыңдағы және өздеріңнен кейінгі нәрседен қорқып, сақтаныңдар», - деп айтылса,
Verse 46
әрі олардың Раббысының белгілерінен оларға бір белгі келсе, олар одан теріс бұрылды.
Verse 47
Қашан оларға: «Аллаһтың өздеріңе ризық етіп бергенінен жұмсаңдар», делінсе, күпірлік етушілер / Аллаһқа шүкірсіздікетушілер / иманға келгендерге: «Егер қаласа Аллаһтың Өзі тамақтандыратын біреуді тамақтандырамыз ба? Негізінде сендер анық адасудасыңдар», - деді.
Verse 48
Әрі олар: «Шын сөзді болсаңдар, бүл уәде қашан?» - дейді.
Verse 49
Олар / дүние істерімен / таласып-тартысып жатқандарында өздерін ұстайтын сайхадан басқаны күтпейді.
Verse 50
Сонда олар өсиет қалдыруға шамасы келмейді не үй іштеріне қайта алмайды.
Verse 51
Әрі Сүр үрілген кезде олар қабірлерден / шығып / , өздерінің Раббысына қарай тез жүреді.
Verse 52
Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?» - дейді. / Оларға / :«Бүл әр-Рахманның / аса Қайырымдының / уәде еткені және елшілердің айтқан шындығы», - делінеді.
Verse 53
Ол тек бір сайха ғана, міне сонда олардың барлығы Біздің алдымызға жиналады.
Verse 54
Сол күні ешбір жанға ешқандай әділетсіздік жасалмайды әрі сендерге тек істеген амалдарыңа сай қайтарым беріледі.
Verse 55
Ақиқатында, жәннаттықтар ол күні қуаныш пен рахаттан босамайды.
Verse 56
Олар және олардың жұбайлары көлеңкелердегі перделермен сәнденген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады.
Verse 57
ﭡﭢﭣﭤﭥﭦ
ﭧ
Олар үшін онда жемістер бар әрі қалаған нәрселері бар.
Verse 58
ﭨﭩﭪﭫﭬ
ﭭ
Ерекше Мейірімді / әр-Рахим / Раббысынан оларға амандасу сөзі - «Сәләм!» болады.
Verse 59
ﭮﭯﭰﭱ
ﭲ
Қиямет күні кәпірлерге / :«Ей, қылмыскерлер! Сендер бүгін бөлек тұрыңдар.
Verse 60
Ей, Адам ұрпақтары! Мен сендерге: «Шайтанға Құлшылық қылмаңдар, өйткені ол -сендерге анық дұшпан»,- деп өсиет етіп, тапсырмадым ба?
Verse 61
ﮃﮄﮅﮆﮇﮈ
ﮉ
Әрі« Маған ғана Құлшылық етіңдер, тура жол - осы», - деп.
Verse 62
Ол сендерден көптеген топтарды / адамдарды, халықтарды үмметтерді / адастырды. Ақылдарыңды істетуші болмадыңдар ма?
Verse 63
ﮔﮕﮖﮗﮘ
ﮙ
Сендерге уәде етіліп келген Жаһаннам (Тозақ) міне - осы.
Verse 64
ﮚﮛﮜﮝﮞ
ﮟ
Күпірлік еткендерің / имансыздықтарың / үшін бүгін онда жаныңдар.
Verse 65
Бүгін олардың ауыздарын мөрлейміз де Бізге олардың жасаған істері / күнәлары / туралы қолдары айтып, аяқтары куәлік береді.
Verse 66
Ал, егер де қалағанымызда, олардың көздерін алып қояр едік, сонда олар жолға ұмтылар еді. Бірақ олар / жолды / қалай көреді?
Verse 67
Әрі егер де қалағанымызда, олардың түрлерін / басқа түрге / тұрған орындарында өзгертіп жіберер едік. Сонда олар алға да жүре алмай, артқа да қайта алмай қалар еді.
Verse 68
Біз кімге ұзақ өмір берсек, оны бастапқы жаратылысына кері қайтарамыз. Олар ақылдарын істетпей ме?
Verse 69
Біз оған / елшіге / өлең құрастыруды үйреткен жоқпыз, бұл оған лайықты нәрсе емес. Шын мәнінде, ол - тек еске салу әрі анық Кітап,
Verse 70
оның / Құранның / тірілерді ескертуі және кәпірлерге қатысты Сөздің орындалуы үшін.
Verse 71
Біз олар үшін Өз қолдарымызбен жасағаннан шаруа малдарын жаратып бергенімізді көрмей ме?Әрі олар оған иелік етеді.
Verse 72
ﭞﭟﭠﭡﭢﭣ
ﭤ
Сондай-ақ Біз оны / малдарды / оларға бағынышты етіп бердік. Олар оның кейбірін мінеді, ал кейбірін жеп, азық етеді,
Verse 73
және олар үшін бұларда пайдалар және ішетін нәрсе / сүт / бар. Олар шүкір етпей ме / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме / ?
Verse 74
Ал олар өздеріне көмектесетін шығар деп Аллаһтан өзгелерді құдайлар етіп алды.
Verse 75
Өздері олар / жасанды құдайлары / үшін дайын тұрған әскер болса да олар бұларға көмектесуге шамасыз.
Verse 76
Ей, Мұхаммед! / Олардың сөздері сені қайғыға салмасын. Біз олардың жасыратындары мен жария етіп жатқандарын білеміз.
Verse 77
Адам баласы, Біз өзін бір тамшыдан / ұрық суынан / жаратқанымызды көрмеді ме? Міне, енді ол ашықтан-ашық тартысушы.
Verse 78
Әрі ол өзінің жаратылысын / қалай жаратылғанын / ұмытып, Бізге мысал келтірді. Ол: «Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» - деді.
Verse 79
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Оны сондай, алғашқы рет жоқтан бар еткен тірілтеді. Ол әрбір жаратылғанды жақсы Білуші», -деп.
Verse 80
Ол сендерге жасыл ағаштан от пайда етті, сендер одан от жағасыңдар.
Verse 81
Аспандарды және жерді жаратушы, олар / адамдар / секілдіні жарата алмай ма? Әрине, / жарата алады / , өйткені Ол барлық нәрсені Жаратушы, бәрін Білуші.
Verse 82
Ол бір нәрсенің болуын қаласа, Оның әмірі бар болғаны: «Бол!» - деу ғана. Сонда ол болады.
Verse 83
Әрбір нәрсенің билігі Өз қолында болған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Сендер Оған қайтарыласыңдар.
تقدم القراءة