سورة الشمس

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде الشمس сүресінің аудармасы

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

Verse 1
Күн және оның жарығымен,
Verse 2
әрі оның соңынан ілескен кездегі аймен,
Verse 3
және оны / күнді / анық көрсеткен кездегі күндізбен,
Verse 4
әрі оны жапқан кездегі түнмен.
Verse 5
Аспан және оны тұрғызғанмен,
Verse 6
әрі жермен және оны Жайғанмен,
Verse 7
және жанмен әрі оны лайықтап Жасағанмен,
Verse 8
сөйтіп оған / жанға / бұзықтықты әрі тақуалықты / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануды / Білдірушімен ант етемін.
Verse 9
Оны / жанды / тазартқан мұратына жетті.
Verse 10
Ал, оны / күнәға / батырған зиянға ұшырады.
Verse 11
Шектен шығулары себепті Сәмұд елі / Елшіні / өтірікшіге шығарды.
Verse 12
Сонда олардың ең бақытсызы қозғалғанда,
Аллаһтың елшісі / Салих / оларға: «Аллаһтың түйесіне әрі оның суарылуына / тиіспеңдер / », - деді.
Ал, олар болса оны / Елшіні / өтірікшіге шығарып, оның / түйенің / тірсегін кесті / өлтірді /. Сонда, Раббысы олардың қылмыстары үшін бәріне бірдей апат жіберді.
Verse 15
Әрі Ол / Аллаһ / оның салдарынан қауіптенбейді.
تقدم القراءة