ترجمة سورة المؤمنون

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
ترجمة معاني سورة المؤمنون باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Ақиқатында имандылар / мүміндер / жеңіске / бақытқа, мұраттарына / жетті.
Олар намаздарында беріле бойсұнатындар,
және олар пайдасы жоқ, бос нәрселерден бас тартатындар,
және олар зекетті беретіндер.
Әрі олар жыныс ағзасын қорғайтындар,
тек жұбайлары мен қолдарындағы басыбайлы күңдерінен басқа. Бұлар үшін олар айыпталмайды,
ал кім бұдан басқаны қалаушы болса, міне, солар - шектен шығушылар.
Әрі олар аманаттарын / өздеріне сеніп тапсырылғанды / және келісімдерін сақтайтындар,
және олар намаздарына мұқият қарап, орындайтындар.
Міне, осылар мұрагерлер,
Фирдаусты мұра етіп алып, ол жерде мәңгі қалатындар.
Ақиқатында, Біз адамды / Адам атаны / лайдың негізінен жараттық.
Кейін оны берік орынға орналасқан тамшы / ұрық су / еттік.
Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп жараттық, ұйыған қанды бір тілім / шайналған секілді / ет етіп жаратып, / шайналған секілді / етті сүйектер етіп жараттық, сүйектерді етпен қаптадық. Содан кейін оны өзге жаратылыспен жараттық. Жасап шығарушылардың ең жақсысы Аллаһ - аса Берекелі.
Осыдан соң сендер / туылып / ,кейін әлбетте өлесіңдер.
Содан кейін сендер Қайта тірілу күні қайта тірілесіңдер.
Ақиқатында Біз үстеріңнен жеті қабатты жараттық. Біз жаратылғандардан ғапыл / қапы қалушы / емеспіз.
Біз аспаннан суды белгілі мөлшермен түсіріп, оны жерге орналастырдық. Әрі оны Біз кетіре де аламыз.
Біз онымен сендерге құрма және жүзім бақтарын өсірдік. Сендер үшін оларда / бақтарда / көп жемістер бар әрі сендер олардан жейсіңдер.
Әрі Синай тауында өсетін ағашты да / зәйтүнді өсірдік /. Одан жеушілер үшін май және / дәм беретін / дәмдеуіш шығады.
Ақиқатында сендер үшін малдар да ғибрат бар. Сендерге олардың іштеріндегін / сүтті / ішкіземіз. Оларда сендер үшін коп пайда бар әрі олардан азықтанасыңдар.
Әрі сендер оларда және кемелерде тасымалданасыңдар.
Біз Нұхты өзінің еліне / Елші етіп / жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме? / »- деді.
Сонда оның елінің күпірлік еткен / Аллаһтың бірліген мойындамаған / мансап, бедел иелері: «Бұл - бар болғаны өздерің сияқты адам. Ол сендерден үстем болуды қалайды. Егер Аллаһ қалағанда, періштелер түсіретін еді. Мұндайды бұрын өткен аталарымыздан естімеппіз.
Бұл - бір жын соққан адам ғана. Бір уақытқа дейін онымен бірге күте тұрыңдар», -деді.
Ол / Нұх / :«Раббым! Оларменіөтірікшіге шығарғандықтары үшін маған жәрдем бер!» - деді.
Сонда оған: «Біздің көз алдымызда және уахиымыз / үйретуіміз / 1ш бойынша кеме жаса. Ал, қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап атылып шыққанда, оған / кемеге / әрбір түрден бір жұптан әрі отбасыңды және өздеріне алдын ала Сөзіміз өткендерден басқасын кіргіз. Әділетсіздік еткендер жайын­да Маған сөз айтпа / сұрама /. Олар - суға батырылатындар», - деп уахи еттік.
Сен және сенімен бірге болғандар кемеге мініп жайғасқан кездеріңде: «Барлық мақтау, бізді әділетсіз елден құтқарған Аллаһқа болсын!» - деп айт.
Тағы да айт: «Раббым! Мені берекелі орынға түсір. Орын берушілердің ең қайырлысы - Өзіңсің», - деп.
Анығында Мұнда белгі-ғибраттар бар. Ақиқатында Біз сынаймыз.
Кейін, олардан соң басқа халықтарды пайда еттік.
Оларға өз іштерінен Елші жіберіп, ол: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ, Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?»- деді.
Оның елінен күпірлік еткен / Аллаһқа қарсы келген / және соңғы, мәңгілік өмірдегі / ақиреттегі / кездесуді өтірік санаған әрі өздерін осы өмірде Біз сән-салтанат, рахатқа кенелткен мансап, бедел иелері: «Бұл - бар болғаны өздерің сияқты, сендердің жегендеріңді жеп, ішкендеріңді ішетін адам.
Егер өздерің сияқты бір адамға бағынсаңдар, онда сендер сөзсіз зиян шегесіңдер.
Ол сендерге: «Сендер өліп, топырақ пен сүйекке айналғандарыңда, әлбетте / қайта тірілтіліп / шығарыласыңдар», - деп уәде ете ме?
Сендерге уәде етілген нәрсе алые, тым ұзақ!
Осы өмірімізден басқа / ешнәрсе / жоқ. Өлеміз, өмір сүреміз, бірақ қайта тірілмейміз.
Ол - бар болғаны Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарған бір адам ғана. Біз оған сенбейміз», - деді.
Ол / Елші / :«Раббым! Олар мені өтірікшіге шығарғандықтары үшін маған көмек бер!» - деді.
Ол: «Бір аз ғанадан соң, олар өкінушілерге айналады», - деді.
Сонда оларды сайха алып, Біз оларды / ағынсудағы секілді / қоқымға айналдырдық. Әділетсіз ел / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын!
Кейін олардан соң басқа қауымдарды пайда еттік.
Ешбір ел / өзіне белгіленген / мерзімінен оза алмайды әрі оны артқа да қалдыра / кешіктіре / алмайды.
Содан кейін елшілерімізді арасын үзбей, бірінен соң бірін жібердік. Әрбір халыққа өз Елшісі келген сайын, олар оны өтірікке шығарып отырды. Сонда оларды бірінің соңынан бірін / құртып / жібердік әрі оларды аңыз-әңгімелерге айналдырдық. Иманға келмейтін ел / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын!
Кейін Біз, Мұса мен оның бауыры Һарұнды белгі-мұғжизаларымызбен және анық дәлелмен жібердік,
Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне. Алайда олар өздерін жоғары санап тәкаппарланды. Өйткені олар менменшіл ел еді.
Сонда олар: «Елі бізде құлдықта жүрген, өзіміз сияқты осы екі адамға сенеміз бе?» - деді.
Олар ол екеуін өтірікшіге шығарды да, сөйтіп жойылғандардан болды.
Әрі Біз Мұсаға олар / елі / тура жолмен жүруі үшін Кітап / Тәуратты / бердік.
Сондай-ақ Мәриямның ұлы мен оның анасын бір белгі-мұғжиза еттік. Әрі ол екеуіне бұлағы бар жайлы төбелі жерден пана бердік.
Ей, елшілер! Таза / халал / нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер. Ақиқатында, Мен - не істеп жатқандарыңды Білушімін.
Негізінде сендердің үмметтерің бір үммет, ал Мен - сендердің Раббыңмын, сондықтан тақуалық етіңдер / Менің жазамнан қорқып, сақтаныңдар / 1873
Ал, олар / имансыздар / араларында істерін / діндерін / бөліктерге бөлді. Әрбір / бөлінген / ағым өздеріндегіге мәз болуда.
Оларды бір мерзімге дейін адасуларында қалдыр.
Олар ойлайды ма, Біздің өздерін дүние және балалармен / сынақ үшін / қамтамасыз етуімізді,
олар үшін жақсылықтармен асыққанымыз деп. Олай емес. Олар оны / сынағымызды / сезбейді.
Ақиқатында Раббысынан қорыққандықтан зәресі ұшып тұратындар,
әрі Раббысының аяттарына сенетіндер
және Раббысына серік қоспайтындар,
әрі өтегендерін өтеп, өздерінің Раббысына қайтатын болғандықтан жүректері қорқатындар,
міне, осылар жақсылықтарды істеуде алдында болуға ұмтылады әрі олар онда / жақсы істерде / озық болады.
Әрі Біз әрбір жанға шамасы келетін нәрсені ғана жүктейміз. / Күші келмейтін істі міндеттемейміз / Бізде ақиқатты айтушы Кітап бар, әрі оларға әділетсіздік жасалмайды.
Алайда, олардың / қарсы келушілердің / жүректері бұдан / Құраннан / ұзақ / қатты / адасуда. Олардың бұдан басқа да амалдары бар, олар соны істейді.
Ал, қашан Біз олардың сән-салтанат, рахатта шалқып жүргендерін азаппен ұстағанымызда, олар зар илейді.
Оларға / Бүгін зарламаңдар, сендерге Бізден жәрдем берілмейді.
Менің аяттарым сендерге оқылатын еді, алайда сендер сонда арттарыңа қарап кері кеттіңдер,
онымен / Қағбамен / менменсіп, түнгі әңгімелерінде жаман сөздер сөйледіңдер.
Олар Сөзге / Құранға / зер салып қарамады ма? Әлде оларға бұрынғы ата-бабаларына келмеген нәрсе келді ме?
Әлде олар өздерінің арасынан шыққан Елшісін білмейтін бе еді, сондықтан оны теріске шығаруда ма?
Әлде олар оны жын соқты дей ме? Ақиқатында, ол оларға ақиқатты әкелді, бірақ олардың көпшілігі ақиқатты ұнатпайды.
Егер де ақиқат олардың көңіл құмарлығына ергенде, аспандар мен жер және ондағы бар нәрселер бүлініп кетер еді. Біз оларға өздері онда Еске алынғанды / Құранды / бердік, бірақ олар өздері Еске алынғаннан / Құраннан / бас тартуда.
Әлде сен олардан ақы сұраудасың ба? Раббыңның беретін сыйы одан қайырлы және Ол - ризық берушілердің ең қайырлысы.
Әрі шын мәнінде, сен оларды тура жолға шақырудасың.
Ал, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер міндетті түрде жолдан ауытқиды.
Егер де Біз оларға рахым етіп, зияннан айықтырсақ та олар көзсіз сенделуін жалғастырып, шектен шығуларынан қайтпайтын еді.
Әрі Біз оларды азаппен жазаладық, бірақ олар өздерінің Раббысына бағынбады және Оған жалынып, сұрамады.
Ал, оларға қатты азаптың есігін ашқанымызда, сол сәтте олар күдер үзеді.
Әрі Ол / Аллаһ / , сендер үшін естуді, көруді, жүректерді пайда қылды. Ал, сендер аз шүкір етесіңдер / Оның берген игіліктеріне аз алғыс білдіресіңдер /.
Әрі Ол сендерді жер бетіне таратты және сендер Оған / Есеп күні / жиналасыңдар.
Әрі Ол - тірілтеді және өлтіреді. Түн мен күндіздің алмасуы Оның иелігінде. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма?
Алайда, олар бұрынғылардың айтқан сөздеріне ұқсас нәрсені айтады.
Олар: «Біз өліп, топырақ және сүйектерге айналған кезімізде, қайтадан тірілтілеміз бе?
Бұл бізге де және біздің аталарымызға бұрын да уәде етілген еді. Бұл бар болғаны бұрынғылардың ертегілері ғана», - деді.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер білсеңдер, жер және ондағылар кімдікі?» - деп.
Олар: «Аллаһтікі», - дейді. Айт: «Ендеше, естеріңе алмайсыңдар ма?»- деп.
Айт: «Жеті аспанның Раббысы және ұлы Аршының Раббысы кім?» - деп.
Олар: « / Барлығы да / Аллаһтікі»,- дейді. Айт: «Ендеше Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?»- деп.
Айт: «Барлық нәрсенің иелігі кімнің қолында болған әрі Өзі қорғайтын және Одан ешқандай қорғаныс болмайтын / кім / ? Егер білсеңдер / айтыңдар / », - деп.
Олар: «Аллаһтың», - дейді. Айт: «Қаншалықты алданудасыңдар / көздерің байланып қалған / »-деп.
Иә, Біз оларға ақиқатты келтірдік, ал олар мүлде өтірікшілер.
Аллаһ Өзіне ешбір бала алмады әрі Онымен бірге ешқандай құдай болған жоқ. Егер болған жағдайда, әрбір құдай Өзі жаратқандарын алып кетер еді, әрі міндетті түрде олар бір-біріне үстемдік ететін еді. Аллаһ олардың / Оған / таңғандарынан пәк.
Ол - ғайыпты да, айқын нәрсені де Білуші. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосқандарынан жоғары.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым! Егер оларға уәде етілгенді маған көрсетсең,
Раббым, онда мені әділетсіз адамдардың ішінде қалдырма!» - деп.
Анығында оларға уәде еткенімізді саған көрсетуге Біздің құдіретіміз жетеді.
Жамандықты одан жақсы нәрсемен кетір. Біз олардың не қосып, не таңатын дарын жақсы білеміз.
Ей, Мұхаммед! / Әрі айт: «Раббым! Шайтандардың мені арбап, азғыруынан Өзіңе жүгініп, қорғауыңды сұраймын.
Раббым! Олардың жаныма келуінен Саған жүгініп, қорғауыңды сұраймын», - деп.
Олардың / күпірлік етушілердің / біріне өлім келген кезде, ол: «Раббым! Мені артқа қайтар.
Мүмкін, кезінде қалдырған ізгі амалдарды істермін», - дейді. Жоқ, олай емес! Шын мәнінде, бұл ол айтқан жай сөз ғана. Олардың алдында қайта тірілтілетін күнге дейін бөгет бар.
Сүр үрілгенде, сол күні олардың арасында туыстық қатынас болмайды және олар бір-бірі жайында сұраспайды.
Сонда кімнің таразысы ауыр тартса, міне, солар - мұратына жеткендер.
Ал кімнің таразысы жеңіл тартса, солар - өздеріне зиян келтіргендер, олар Жаһаннамда мәңгі қалады.
Олардың беттерін от шарпиды және олар түнерген / сұрықсыз / күйде болады.
Оларға / :«Сендерге аяттарым оқылған жоқ па еді, бірақ сендер оны өтірікке шығардыңдар», / -делінеді /.
Олар: «Раббымыз! Бақытсыздығымыз бізден үстем келді, біз адасқан бір ел болдық.
Раббымыз! Бізді бұдан шығар, егер / имансыздыққа, күнәға / қайтар болсақ, әлбетте әділетсіз болған боламыз»,- дейді.
Оларға / :«Ол жерде қор болып қалыңдар әрі Маған тіл қатпаңдар.
Анығында, Менің құлдарымнан бір тобы: «Раббымыз! Біз иманға келдік, бізді кешір, бізге мейірім ет, Сен мейірім етушілердің ең қайырлысысың», - деген еді.
Сонда сендер оларды келеке еттіңдер, тіпті, / бұл істерің / сендерге Мені еске алуды ұмыттырды. Әрі сендер олардың үстінен күлетін едіңдер.
Мен бүгін оларға сабыр еткендіктері үшін қайтарым сыйын бердім. Расында, олар - жетістікке жетушілер», - дейді.
Тозақтықтарға / :«Жер бетінде қанша жыл болдыңдар?» - дейді.
Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігі болдық. Есеп жүргізушілерден сұра», - дейді.
Ол: «Сендер аз ғана болдыңдар, егер білген болсаңдар!
Сонда сендер Біз өздеріңді бостан-бос, / ермек етіп / жаратты, әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойладыңдар ма?» - дейді.
Әл-Мәлик / барлық нәрсенің шын Билеушісі / , әл-Хақ / күмәнсіз Ақиқат / Аллаһ аса жоғары. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол Ұлы Аршының Раббысы / Иесі /.
Кім Аллаһпен бірге - / құдай екендігі жайында, / өзінде ешбір дәлелі болмаған басқа бір құдайдан тілесе, оның есебі тек Раббысында. Анығында, кәпірлер мұратына жетпейді.
Ей, Мұхаммед!I Айт: «Раббым! Кешір, рақым ет! Сен мейірім етушілердің ең қайырлысысың», - деп.
Icon