ترجمة معاني سورة الأنفال باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
ﰡ
آية رقم 1
Ей, Мұхаммед! / Олар / сақабалар / сенен олжалар туралы сұрайды. Айт: «Олжалар Аллаһқа және Оның Елшісіне тән. Тақуалық етіңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және араларыңдағыны түзетіңдер. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар»-деп.
آية رقم 2
Шын мәнінде, имандылар / мүміндер / - олар Аллаһ еске алынған кезде, жүректері / Раббысының жазасынан қорқып / діріл қағатындар, және Оның аяттары оқылғанда, ол / аяттар / оларда иманды арттырады әрі олар Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсыратындар / тәуекел ететіндер /.
آية رقم 3
ﭹﭺﭻﭼﭽﭾ
ﭿ
Солар намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындар және Біз ризық етіп бергендерден / тиісті орынға / жұмсайтындар.
آية رقم 4
Міне, солар - шын имандылар / мүміндер /. Олар үшін олардың Раббысының алдында дәрежелер, кешірім және кең ризық бар.
آية رقم 5
Ей, Мұхаммед! / Раббың сені үйіңнен ақиқатпен шығарғанда, имандылардың / мүміндердің / бір тобы / мұны / қаламаған еді.
آية رقم 6
Олар сенімен ақиқат анықталғаннан кейін де ол жөнінде тартысқан еді, бейне бір өлімге айдалып бара жатқанын көріп тұрғандай.
آية رقم 7
Сонда, Аллаһ сендерге екі топтың / керуен мен әскер / бірі сендердікі болатынын уәде еткен еді. Сендер қарусыз топтың / керуеннің / өздеріңдікі болуын қаладыңдар. Ал, Аллаһ Өзінің сөздері арқылы ақиқатты шындыққа шығаруды және кәпірлердің соңын үзуді / жоюды / қалайды,
آية رقم 8
қылмыскерлер жек көрсе де ақиқатты шындыққа шығару және жалғанды бекер ету үшін.
آية رقم 9
Сол кезде, сендер өздеріңнің Раббыңнан жәрдем тілегендеріңде Ол: «Сендерге бірінен кейін бірі ерген мың періштемен көмек беремін», - деп жауап берді.
آية رقم 10
Аллаһ мұны сендерге қуанышты хабар ретінде әрі осы арқылы жүректеріңнің орнығуы үшін істеді. Көмек - тек қана Аллаһтан. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
آية رقم 11
Сонда, Ол сендерге Өз тарапынан бір тыныштық ретінде қалғу / жеңіл ұшы! жіберді. Әрі сендерге өздеріңді тазарту және шайтанның азғыруын кетіру әрі жүректеріңді орнықтыру және табандарыңды бекіту үшін аспаннан су / жаңбыр / түсірген еді.
آية رقم 12
Сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен сендермен біргемін. Иманға келгендерді бекемдеңдер», - деп уахи еткен еді. Мен күпірлік еткендердің / имансыздардың / жүректеріне үрей тастаймын. Олардың мойындарынан ұрыңдар әрі оларды әрбір саусақтарынан / буынынан / ұрыңдар.
آية رقم 13
Бұл - олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келгендіктері себепті. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы шықса, шын мәнінде Аллаһ - жаза беруде қатты.
آية رقم 14
ﮱﯓﯔﯕﯖﯗ
ﯘ
Міне, бұл / жаза / - сендерге, енді оны татыңдар. Әрі күмәнсіз, кәпірлерге От / тозақ / азабы бар.
آية رقم 15
Ей, иманға келгендер! Қашан күпірлік етушілермен / кәпірлермен / әскери сап түзеп кездессеңдер, оларға ту сырттарыңды бермеңдер / қашпаңдар /.
آية رقم 16
Кім сол күні соғыс барысын өзгерту немесе өзге топқа қосылудан басқа түрде қашса, сол Аллаһтың ашуына ұшырап қайтады. Оның орны - Жаһаннам (Тозақ). Ол баратын орын қандай жаман.
آية رقم 17
Оларды сендер өлтірмедіңдер, алайда оларды Аллаһ өлтірді. Сондай-ақ, / ей,Мұхаммед, топырақты! лақтырған кезінде, сен лақтырған жоқсың, оны имандыларды Өз жағынан жақсы бір сынақпен сынау үшін Аллаһ лақтырды. Аллаһ - бәрін Естуші, бәрін Білуші.
آية رقم 18
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮ
ﭯ
Міне, бұл - сендерге. Ақиқатында, Аллаһ - кәпірлердің айла-шарғысын осалдатушы.
آية رقم 19
Ей, мүшріктер, / егер сендер жеңіс / шешім шығарылуын / сұраған болсаңдар, міне сендерге жеңіс / шешім шығарылды /. Егер тыйылсаңдар, бұл өздерің үшін қайырлы. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болса да, сендерге ешқандай пайда бермейді. Анығында, Аллаһ имандылармен бірге.
آية رقم 20
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар. Әрі естіп тұрып одан теріс бұрылмаңдар.
آية رقم 21
Әрі өздері құлақ аспаса да, «естідік» дегендер тәрізді болмаңдар.
آية رقم 22
Шын мәнінде, Аллаһтың алдында / жерде / жүретіндердің ең нашары - ақылмен ұғынбайтын саңырау, мылқауы.
آية رقم 23
Егер оларда бір игілік бар болғанда, Аллаһ оларға міндетті түрде құлақ астыратын еді. Ал егер Оларға / осы жағдайында / естірткен күнде де олар бет бұрған күйде, теріс айналып кетер еді.
آية رقم 24
Ей, иманға келгендер! Сендерді тірілтетін / жандандыратын / нәрсеге шақырған кезде, Аллаһқа және Елшіге жауап беріңдер / бойсұныңдар /. Адам мен оның жүрегінің арасын Аллаһтың бөліп тұратынын және Оған жиналатындарыңды біліңдер.
آية رقم 25
Араларыңдағы әділетсіздерге ғана тиіп қоймайтын бүліктен сақтаныңдар. Сондай-ақ, Аллаһтың жаза беруде қатты екенін біліңдер.
آية رقم 26
Сендер жер бетінде аз әрі әлсіз болып, адамдардың сендерді басып алуынан қорқып тұрған кездеріңде, Оның сендерге пана бергенін, Өз жәрдемімен қолдағанын және шүкір етулерің / берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін жақсы нәрселерден ризықтандырғанын естеріңе алыңдар.
آية رقم 27
Ей, иманға келгендер! Біле тұрып Аллаһқа және Елшіге опасыздық / сатқындық / жасамаңдар, сондай-ақ аманаттарыңа қиянат етпеңдер.
آية رقم 28
Біліңдер! Шын мәнінде, мал-дүниелерің және балаларың - бір сынақ. Ал Аллаһта ұлы сый бар.
آية رقم 29
Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / , Ол сендерге фурқанды береді, жамандықтарыңды өшіреді әрі сендерге кешірім етеді. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі.
آية رقم 30
Ей, Мұхаммед! / Кезінде күпірлік еткендер / Аллаһқа серік қосушылар / сені ұстау не өлтіру немесе / Меккеден / шығарып жіберу үшін айла-шарғы жасады. Олар айла-шарғы жасады, сонда Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Ал, Аллаһ - амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы.
آية رقم 31
Оларға аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Естідік, егер қаласақ, осы тәріздіні біз де айта алар едік. Бұл - бұрынғылардың аңыз-ертегілері ғана», - деді.
آية رقم 32
Сол кезде олар: «Ей, Аллаһ! Егер бұл / Құран / Сенің қасыңнан түскен шындық болса, онда үстімізге аспаннан тас жаудыр немесе бізге күйзелтуші азап келтір», деді.
آية رقم 33
Ей, Мұхаммед! / Сен олардың арасында тұрған кезде, Аллаһ оларды азаптамайды. Әрі Аллаһ кешірім тілеп тұрған кездерінде де оларды азаптаушы емес.
آية رقم 34
Аллаһ оларды неге азаптамасын, олар әл-Харам мешітінен - оған жақын / құлшылық етуге лайықты / болмай тұрып, одан тосып тұрса. Анығында, оған / әл- Харамға / жақын / лайықтылар / - тақуалар / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар / ғана. Алайда, олардың көбі білмейді.
آية رقم 35
Олардың Үйдің / Қағбаның / жанындағы намаздары / құлшылықтары / - ысқыру мен қол шапалақтау ғана еді. Енді күпір келтіргендерің / Бір Аллаһқа құлшы-лық етпегендерің / үшін азапты татыңдар.
آية رقم 36
Ақиқатында, күпірлік еткендер / Аллаһқа серік қосушылар / мал-дүниелерін Аллаһтың жолынан тосу үшін істетеді. Сөйтіп олар оны солай жұмсайды, ал кейін бұл олар үшін қасіретке айналады, содан кейін олар жеңіліске ұшырайды. Күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / Жаһаннамға (Тозаққа) жиналдырылады.
آية رقم 37
бұл - Аллаһтың жаманды жақсыдан бөлуі және жаманды бір-бірінің үстіне барлығын үйіп, Жаһаннамға салуы үшін. Міне, солар - нағыз жеңіліске ұшырағандар.
آية رقم 38
Ей, Мұхаммед! / Күпірлік еткендерге / Аллаһқа серік қосушыларға / айт, егер олар тыйылса, олардың бұрынғы істеріне кешірім жасалады. Ал, егер қайта оралса, онда бұрынғылардың да жолы / осылай / өткен.
آية رقم 39
Олармен бүлік қалмай және дін бүтіндей Аллаһқа арналғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, ақиқатында Аллаһ - олардың не істейтіндерін Көруші.
آية رقم 40
Ал, егер олар теріс бұрылса, қамқоршыларың Аллаһ екенін біліндер. Ол - қандай жақсы Қамқоршы әрі қандай жақсы көмек беруші!
آية رقم 41
Егер сендер Аллаһқа сенген болсаңдар және Айыру күні - екі топ / Бәдірде / кездескен күні құлымызға түсіргенімізге сенсеңдер, онда біліңдер, олжалап алған заттарыңның бестен бірі Аллаһқа және Елшіге, сонымен бірге / Елшінің / жақын туыстарына, жетімдерге, кедейлер мен / жолда қалған / жолаушыға тиісті. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы.
آية رقم 42
Сол кезде сендер алқаптың / Мәдинаға / жақын жағында болсаңдар, олар / мүшріктер әскері / алыс жағында, ал керуен сендерден төмен жақта еді. Егер де уәделескендерінде де келіскен уақыт пен орында кездесе алмайтын едіңдер. Алайда, құрыған адам анық дәлелмен құруы үшін әрі өмір сүрген адам анық дәлелмен өмір сүруі үшін - Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асырды. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші.
آية رقم 43
Ей, Мұхаммед! / Сонда Аллаһ, түсінде саған оларды аз етіп көрсеткен еді. Егер оларды саған көп етіп көрсеткенде, әлсіздік танытып, іс жайында тартысар едіңдер. Алайда, Аллаһ сақтап қалды. Ақиқатында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
آية رقم 44
Сендер / жаумен / кездескен кезде, Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асыруы үшін оларды сендердің көздеріңе аз етіп көрсетті, сендерді де олардың көздеріне аз етіп көрсеткен еді. Барлық істер Аллаһқа қайтарылады.
آية رقم 45
Ей, иманға келгендер! Қашан бір / қарсы / топпен бетпе-бет келсеңдер, мақсатқа жету үшін берік болыңдар да Аллаһты көп еске алыңдар.
آية رقم 46
Әрі Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар және өзара тартыспаңдар. Олай болса рухтарың түсіп, күш-қуаттарың кетіп қалады / тастап кетеді /. Сабыр етіңдер! Ақиқатында, Аллаһ сабыр етушілермен бірге.
آية رقم 47
Үйлерінен менменсінген түрде және адамдар көруі үшін шығып, Аллаһтың жолынан тосатындар секілді болмаңдар! Аллаһ олардың не істеп жатқандарын толық Қамтушы.
آية رقم 48
Сол кезде шайтан оларға / мүшріктерге / :«Бүгін адамдардың ішінде сендерден үстем келуші жоқ. Шын мәнінде, мен сендер жақта боламын», - деп істерін көрікті етіп көрсетті. Екі топ бірін-бірі көрген кезде, / шайтан / теріс айналып: «Менің сендерге мүлдем қатысым жоқ. Мен сендер көрмейтінді көремін. Ақиқатында, мен Аллаһтан қорқамын. Аллаһ жаза беруде қатты», - деді.
آية رقم 49
Сол уақытта мұнафиқтар және жүректерінде дерті барлар / иманы әлсіздер / :«Оларды діндері алдап қойды», - деді. Негізінде, кім Аллаһқа жүгініп, Оған өзін тапсырса / тәуекел етсе / , ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
آية رقم 50
Періштелер күпірлік еткендерді / Аллаһқа қарсы келгендерді / беттері мен арт жақтарынан ұрып: «Күйдіріп, жандырушы оттың азабын татыңдар!» - деп, жандарын алып жатқан кезде көрсең еді!
آية رقم 51
Бұл / азап / сендердің өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдары, Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуші емес.
آية رقم 52
олардың істері / Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің істегендері секілді. Олар Аллаһтың белгілеріне күпірлік етті / сенбеді, теріске шығарды /. Сонда Аллаһ оларды күнәлары себепті ұстады. Аллаһ - өте Күшті, жаза беруде қатты.
آية رقم 53
Бұның себебі, Аллаһ адамдарға берген игілігін, ол адамдар өздеріңдегіні өзгертпейінше, өзгертуші еместігі және Аллаһ барлық нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші / ’Алим / болғандығынан.
آية رقم 54
Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің де істері осы секілді болды. Олар өздерінің Раббысының аяттарын өтірікке шығарған еді. Біз оларды күнәлары себебінен құртып, Фиръаун тобын суға батырдық. Олардың барлығы да әділетсіздер еді.
آية رقم 55
Негізінде, Аллаһтың алдында, қозғалатын жаны барлардың ең жаманы - күпірлік етушілер / аманатқа қиянат етуші имансыздар / ', Олар иманға келмейді.
آية رقم 56
Ей, Мұхаммед! / Солар, сен олармен келісім жасасқаннан кейін, келісімдерін әрқашан бұзып отырады әрі олар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанбайды.
آية رقم 57
Сондықтан, олармен соғыста кездессең / соққы беріп / , олар арқылы артындағыларды да үрей салып ыдырат, мүмкін олар ескерту алар.
آية رقم 58
Ап, егер бір елдің сатқындығынан қауіптенсең, / келісімді / олармен тең түрде таста / бұз /. Ақиқатында, Аллаһ опасыздарды жақсы көрмейді.
آية رقم 59
Әрі күпірлік еткендер / иманға келуден бас тартқандар / өздерін құтылдық деп ойламасын. Олар әлсірете / Аллаһтың жазасынан қашып құтыла / алмайды.
آية رقم 60
Оларға қарсы шамаларың келгенше күш-қуат және атты әскер әзірлеңдер, онымен Аллаһтың жауын және өз жауларынды әрі өзгелерді де сескендіру үшін. Оларды сендер білмейсіңдер, Аллаһ біледі. Аллаһ жолында не нәрсе жұмсасаңдар да өздеріңе толық қайтарылады әрі сендерге әділетсіздік жасалмайды.
آية رقم 61
Ей, Мұхаммед! / Егер олар бейбіт келісімге бейімділік танытса, сен де бұрыл әрі Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет /. Ақиқатында, Ол - бәрін Естуші, бәрін Білуші.
آية رقم 62
Егер олар сені алдамақшы болса, негізінде, саған Аллаһтың Өзі жеткілікті. Ол сені Өз жәрдемі және имандылар / мүміндер / арқылы қолдады,
آية رقم 63
әрі олардың жүректерін біріктірді. Егер / сен / жердегі барлық нәрселерді жұмсасаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Алайда, Аллаһ олардың араларын біріктірді. Ақиқатында, Ол - барлығынан Үстем , аса Дана.
آية رقم 64
Ей, Пайғамбар! Саған және өзіңе ерген имандыларға / мүміндерге / Аллаһ жетіп асады.
آية رقم 65
Ей, Пайғамбар! Имандыларды / мүміндерді / шайқасқа үнде. Егер сендерден сабырлы жиырма кісі болса, екі жүз кісіні жеңеді. Ал егер сендерден жүз кісі болса, күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / мыңын жеңеді. Өйткені олар – түсінбейтін адамдар.
آية رقم 66
Енді Аллаһ сендерге жеңілдік жасады, өйткені сендерде әлсіздік бар екені Оған белгілі. Егер сендерден сабырлы жүз кісі болса, екі жүз кісіні жеңеді. Ал егер сендерден мың болса, Аллаһтың рұқсатымен екі мыңды жеңеді. Негізінде, Аллаһ сабырлылармен бірге.
آية رقم 67
Бірде-бір пайғамбарға жерде / өз жерінде / басымдылыққа жеткенге дейін тұтқын ұстау жөн емес. Сендер дүниенің өткінші нәрсесін қалайсыңдар. Ал, Аллаһ - соңғы, мәңгілік өмірді / ақиретті / қалайды. Әрі Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
آية رقم 68
Егер Аллаһтың алдын ала жазып бекіткені болмағанда, сендерге / олжа / алғандарың үшін өте үлкен азап болар еді.
آية رقم 69
Олжа ретінде алған нәрселеріңнің халалын / рұқсат етілгенін / , жақсысын жеңдер / пайдаланыңдар әрі Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар /. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді / , ерекше Мейірімді.
آية رقم 70
Ей, Пайғамбар! Қолдарыңдағы тұтқындарға: «Егер де жүректеріңде бір қайыр болса, Аллаһ оны біледі және сендерге өздеріңнен алынғаннан қайырлысын береді әрі сендерді кешіреді. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді » - деп айт.
آية رقم 71
Егер олар саған қиянат істегісі келсе, олар бұрын Аллаһқа қиянат істеген еді. Сонда Ол / сендерді / олардан үстем етті. Аллаһ - бәрін Білуші / , аса Дана.
آية رقم 72
Ақиқатында иманға келгендер, қоныс аударғандар, Аллаһтың жолында малдары әрі жандарымен күрескендер және пана бергендер мен көмектескендер, міне, бұлар - бір-бірінің жақыны. Ал, иманға келген, бірақ қоныс аудармағандар болса, қоныс аудармайынша, сендер олармен ешбір жақын бола алмайсыңдар. Егер олар сендерден дін үшін көмек сұраса, тек сендермен араларыңда келісімі бар елге қарсы болмаса, көмектесуге міндеттісіңдер. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші.
آية رقم 73
Әрі күпірлік етушілер / имансыздар / - бір-біріне дос, жақтас. Егер сендер осыны орындамасаңдар жер жүзінде бүлік / фитна / және зор бүлініс / бәрі астаң-кестең / болады.
آية رقم 74
Ал, иманға келгендер әрі қоныс аударғандар және Аллаһтың жолында күрескендер әрі пана беріп және көмектескендер, міне, солар - шын имандылар / мүміндер /. Оларға кешірім және мол ризық бар.
آية رقم 75
Әрі иманға келген, кейін қоныс аударған және сендермен бірге соғысқандар - өздеріңнен. Содай-ақ, туысқандар - Аллаһтың Кітабы бойынша бір-біріне жақынырақ. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Білуші.
تقدم القراءة