ترجمة معاني سورة المرسلات
 باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
            .
            
                                    من تأليف: 
                                            جمعية خليفة الطاي الخيرية
                                                            .
                                                
             
    
                                                                                                            ﰡ
                                                                                        
                    
                                                                                    Ант етемін, жалғасты түрде жіберілгендермен,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    және жайып таратушылармен,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    және ажыратып айырушылармен,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    және еске салынатынды / уахиды / жеткізушілермен / ант етемін / ,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    уәж-кешіру ретінде, не ескерту ретінде.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Шын мәнінде, сендерге уәде етіліп жатқан нәрселер, әлбетте орындалады, -
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    жұлдыздар сөндірілген кезде,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    әрі аспан айрылған кезде,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    және таулар үгітіліп ұшырылған кезде,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    және елшілерге уақыт белгіленген кезде.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Мұрсат қай күнге дейін берілген еді?
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                                                                        
                    
                                                                                     Ей, Мұхаммед! / Айыру күнінің не екенін саған не білдірді?
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Сол күні / Аллаһтың уәдесін / өтірік санаушыларға қасірет бар!
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Біз әуелгілерді жойып жібермедік пе?
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Сосын одан кейінгілерді де олардың артынан жібереміз.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Біз қылмыскерлерді осылай етеміз.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Сол күні / ақиретті / өтірік санаушыларға қасірет бар!
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Біз сендерді болмашы бір сұйықтан жаратпадық па,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    әрі оны бір берік жайға / жатырға / орналастырмадық па,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    белгілі бір мерзімге дейін?
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Біз алдын ала өлшеп белгіледік, қандай жақсы өлшеп, белгілеушіміз!
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Сол күні / Аллаһтың құдіретін / өтірік санаушыларға қасірет бар!
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Біз жерді жинаушы етпедік пе,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Әрі онда мызғымас биік болғандарды / тауларды / орнатып, сендерді тұщы сумен қамтамасыз еттік.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Сол күні / Аллаһтың белгілерін / өтірік санаушыларға қасірет бар!
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                     Оларға / :«Өздерің өтірік деп санағандарыңа барыңдар,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Үш тармақты көлеңкеге барыңдар.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Оның саясы да жоқ әрі ол жалыннан да қорғамайды.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Ол / тозақ / зәулім ғимараттардай ұшқындарды атып тұрады,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Бейне бір сары түйелерге ұқсаған», - делінеді.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Сол күні / Сот күнін / өтірік санаушыларға қасірет бар!
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Бұл - олар сөйлемейтін күн,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    әрі оларға ақталуға рұқсат берілмейді.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Сол күні / Есеп күнін / өтірік санаушыларға қасірет бар!
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Бұл - Ажырату күні. Біз сендерді де, алдыңғыларды да жинаймыз.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Егер сендерде бірер айла-шарғы болса, Маған жасап көріңдер.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Сол күні / Аллаһтың жазасын / өтірік санаушыларға қасірет бар!
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Ал, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар / саялар мен бұлақтарда,
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    көңілдері қалаған жемістер арасында болады.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                     Оларға / :«Жасаған амалдарын, үшін рахаттанып жеңдер, ішіңдер!» - делінеді.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Анығында Біз ықыласпен жақсылық істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Сол күні / Қайтарымды / өтірік санаушыларға қасірет бар!
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                     Күнәһарларға / :«Жеңдер әрі аздап пайдалана тұрындар. Себебі сендер - қылмыскерсіңдер» - делінеді.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Сол күні / Қайта тірілуді / өтірік санаушыларға қасірет бар!
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Қашан оларға: «Рукуғ жасаңдар», - делінгенде, олар рүкүғ жасамайды.
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Сол күні / діни парыздарды / өтірік санаушыларға қасірет бар!
                                                                         
                                                                                                                                        
                    
                                                                                    Енді олар бұдан кейін қай сөзге сенеді?!