ترجمة معاني سورة التوبة باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

جمعية خليفة الطاي الخيرية

الترجمة الإنجليزية - صحيح انترناشونال
المنتدى الإسلامي
الترجمة الإنجليزية
الترجمة الفرنسية - المنتدى الإسلامي
نبيل رضوان
الترجمة الإسبانية
محمد عيسى غارسيا
الترجمة الإسبانية - المنتدى الإسلامي
الترجمة الإسبانية (أمريكا اللاتينية) - المنتدى الإسلامي
المنتدى الإسلامي
الترجمة البرتغالية
حلمي نصر
الترجمة الألمانية - بوبنهايم
عبد الله الصامت
الترجمة الألمانية - أبو رضا
أبو رضا محمد بن أحمد بن رسول
الترجمة الإيطالية
عثمان الشريف
الترجمة التركية - مركز رواد الترجمة
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة التركية - شعبان بريتش
شعبان بريتش
الترجمة التركية - مجمع الملك فهد
مجموعة من العلماء
الترجمة الإندونيسية - شركة سابق
شركة سابق
الترجمة الإندونيسية - المجمع
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الإندونيسية - وزارة الشؤون الإسلامية
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الفلبينية (تجالوج)
مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - دار الإسلام
فريق عمل اللغة الفارسية بموقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - حسين تاجي
حسين تاجي كله داري
الترجمة الأردية
محمد إبراهيم جوناكري
الترجمة البنغالية
أبو بكر محمد زكريا
الترجمة الكردية
حمد صالح باموكي
الترجمة البشتوية
زكريا عبد السلام
الترجمة البوسنية - كوركت
بسيم كوركورت
الترجمة البوسنية - ميهانوفيتش
محمد مهانوفيتش
الترجمة الألبانية
حسن ناهي
الترجمة الأوكرانية
ميخائيلو يعقوبوفيتش
الترجمة الصينية
محمد مكين الصيني
الترجمة الأويغورية
محمد صالح
الترجمة اليابانية
روايتشي ميتا
الترجمة الكورية
حامد تشوي
الترجمة الفيتنامية
حسن عبد الكريم
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الأوزبكية - علاء الدين منصور
علاء الدين منصور
الترجمة الأوزبكية - محمد صادق
محمد صادق محمد
الترجمة الأذرية
علي خان موساييف
الترجمة الطاجيكية - عارفي
فريق متخصص مكلف من مركز رواد الترجمة بالشراكة مع موقع دار الإسلام
الترجمة الطاجيكية
خوجه ميروف خوجه مير
الترجمة الهندية
مولانا عزيز الحق العمري
الترجمة المليبارية
عبد الحميد حيدر المدني
الترجمة الغوجراتية
رابيلا العُمري
الترجمة الماراتية
محمد شفيع أنصاري
الترجمة التلجوية
مولانا عبد الرحيم بن محمد
الترجمة التاميلية
عبد الحميد الباقوي
الترجمة السنهالية
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الأسامية
رفيق الإسلام حبيب الرحمن
الترجمة الخميرية
جمعية تطوير المجتمع الاسلامي الكمبودي
الترجمة النيبالية
جمعية أهل الحديث المركزية
الترجمة التايلاندية
مجموعة من جمعية خريجي الجامعات والمعاهد بتايلاند
الترجمة الصومالية
محمد أحمد عبدي
الترجمة الهوساوية
الترجمة الأمهرية
محمد صادق
الترجمة اليورباوية
أبو رحيمة ميكائيل أيكوييني
الترجمة الأورومية
الترجمة التركية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفرنسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإندونيسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفيتنامية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة البوسنية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإيطالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفلبينية (تجالوج) للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفارسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
Dr. Ghali - English translation
Muhsin Khan - English translation
Pickthall - English translation
Yusuf Ali - English translation
Azerbaijani - Azerbaijani translation
Sadiq and Sani - Amharic translation
Farsi - Persian translation
Finnish - Finnish translation
Muhammad Hamidullah - French translation
Korean - Korean translation
Maranao - Maranao translation
Abdul Hameed and Kunhi Mohammed - Malayalam translation
Salomo Keyzer - Flemish (Dutch) translation
Norwegian - Norwegian translation
Samir El - Portuguese translation
Polish - Polish translation
Romanian - Romanian translation
Elmir Kuliev - Russian translation
Albanian - Albanian translation
Tatar - Tatar translation
Japanese - Japanese translation
محمد جوناگڑھی - Urdu translation
Ma Jian - Chinese translation
Turkish - Turkish translation
King Fahad Quran Complex - Thai translation
Ali Muhsin Al - Swahili translation
Abdullah Muhammad Basmeih - Malay translation
Hamza Roberto Piccardo - Italian translation
Indonesian - Indonesian translation
Bubenheim & Elyas - German / Deutsch translation
Bosnian - Bosnian translation
Hasan Efendi Nahi - Albanian translation
Sherif Ahmeti - Albanian translation
Sahih International - English translation
Czech - Czech translation
Abul Ala Maududi(With tafsir) - English translation
Tajik - Tajik translation
Alikhan Musayev - Azerbaijani translation
Muhammad Saleh - Uighur; Uyghur translation
Abdul Haleem - English translation
Mufti Taqi Usmani - English translation
Muhammad Karakunnu and Vanidas Elayavoor - Malayalam translation
Sheikh Isa Garcia - Spanish; Castilian translation
Divehi - Divehi; Dhivehi; Maldivian translation
Abubakar Mahmoud Gumi - Hausa translation
Mahmud Muhammad Abduh - Somali translation
Knut Bernström - Swedish translation
Jan Trust Foundation - Tamil translation
Mykhaylo Yakubovych - Ukrainian translation
Uzbek - Uzbek translation
Diyanet Isleri - Turkish translation
Ministry of Awqaf, Egypt - Russian translation
Abu Adel - Russian translation
Burhan Muhammad - Kurdish translation
Dr. Mustafa Khattab, The Clear Quran - English translation
Dr. Mustafa Khattab - English translation
الترجمة الإنجليزية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الفرنسية - محمد حميد الله
الترجمة البوسنية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الصربية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة الألبانية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة اليابانية - سعيد ساتو
الترجمة التاميلية - عمر شريف
الترجمة السواحلية - عبد الله محمد وناصر خميس
الترجمة اللوغندية - المؤسسة الإفريقية للتنمية
الترجمة الإنكو بامبارا - ديان محمد
الترجمة العبرية
الترجمة الإنجليزية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الروسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة البنغالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الصينية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة اليابانية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
ترجمة معاني القرآن الكريم - عادل صلاحي
عادل صلاحي

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

جمعية خليفة الطاي الخيرية

Бұл хабар / Аллаһ және Оның Елшісінен, сендер келісім жасасқан мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / бас тартуы жайлы.
Ей, мүшріктер, / жер бетінде төрт ай бойы жүріңдер де Аллаһты әлсірете / Аллаһтың жазасынан құтыла / алмайтындарыңды әрі Аллаһтың кәпірлерді қор ететінін біліңдер.
Әрі Аллаһтан және Оның Елшісінен адамдарға үлкен қажылық күні бір хабар: «Аллаһтың әрі Оның Елшісінің мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / қатысы жоқ. Егер істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар / тәубегекелсеңдер / , ол - өздерің үшін қайырлы. Ал егер, теріс бұрылсаңдар, онда Аллаһты әлсірете алмайтындарыңды біліңдер!» / Ей, Мұхаммед! / Күпірлік етушілерді / Аллаһқасерік қосушыларды / күйзелтушіазаппен«сүйіншіле».
Тек мүшріктерден / Аллаһқа серікқосушылардан / сендермен келісім жасасып, кейін сендерге еш нәрседе нұқсан келтірмеген және сендерге қарсы ешкімге жақтасып көмектеспегендер басқа. Олардың келісімін мерзіміне дейін толық орындаңдар. Сөзсіз Аллаһ тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / жақсы көреді.
Ал, тыйым салынған айлар өткен соң, мүшріктерді тапқан жерлеріңде өлтіріңдер,тұтқындаңдар, қоршауға алыңдар және әрбір жолда оларды торуылдаңдар. Егер олар істеген күнәсына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / , намазды толық орындаса және зекетті берсе, олардың жолдарын босатыңдар. Анығында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
Ей, Мұхаммед / / Егер мүшріктердің бірі сенен өзін қорғауға алуыңды сұраса, Аллаһтың сөзін естуі үшін оны қорғауыңа ал. Содан кейін оны қауіпсіз орынға жеткіз. мұның себебі олар - білмейтін адамдар.
Аллаһтың алдында және Оның Елшісінің алдында мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / қалайша келісім болады? Бірақ, сендермен әл-Харам мешіті аймағында келісім жасасқандардың жөні бөлек. Олар сендерге / келісімге қатысты / туралық етсе, сендер де Оларға туралық етіңдер. Шын мәнінде, Аллаһ тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / жақсы көреді.
Қалай ғана? Егер олар сендердің үстеріңнен жеңіске жетсе, сендерге қатысты туысқандықты да, келісімді де сақтамайды. Олар сендерді разы етеді де бірақ жүректері қабылдамайды. Әрі олардың көпшілігі - бұзықтар.
Олар Аллаһтың аяттарының орнына болмашы бағаны / дүниелікті / сатып алып, Оның жолынан / адамдарды / тосты. Олардың істегендері қандай жаман.
Олар иманды жанға / мүмінге / қатысты туысқандықты да, келісімді де, сақтамайды. Міне, солар - шектен шығушылар.
Олар - істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқан / тәубе­ге келген / , намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаған және зекетті берген жағдайда - сендердің діндегі бауырларың. Біз білетін адамдарға аяттарымызды анықтап түсіндіреміз.
Егер олар келісімдерінен кейін анттарын бұзса және діндеріңе тіл тигізсе, олардың тыйылуы үшін күпірлікте / келісімді бұзуда, діндеріңе тиісуде / басшы болғандармен соғысыңдар. Өйткені олар үшін ант жоқ.
Анттарын бұзған әрі Елшіні шығаруды көздеген және өздері алдымен бастаған елмен соғыспайсыңдар ма? Олардан қорқасыңдар ма? Иманға келген болсаңдар, қорқуларыңа Аллаһ қана лайықты.
Олармен соғысыңдар! Аллаһ оларды сендердің қолдарыңмен азаптайды, қорлыққа салады және оларға қарсы сендерге жәрдем береді. Әрі Ол иманға келген адамдардың көкіректеріндегіні айықтырады.
және олардың жүректеріндегі ашу-ызаны кетіреді. Аллаһ Өзі қалаған жанды күнәсінен бойсұнуға қайтарады / тәубеге келтіреді /. Әрі Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
Әлде сендер Аллаһ араларындағы күресуші болғандарды әрі Аллаһтан және Оның Елшісінен, сондай-ақ, иманға келгендерден өзгені сүйеніш тұтпағандарды анықтамай тұрып, / өз бетімізше / қалдырыламыз деп есептедіңдер ме? Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар.
Мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / өздерінің қарсылықтарына куәлік келтіре тұрып, Аллаһтың мешіттерін жандандыруға лайықты емес. Міне, солардың амалдары зая кетті әрі олар – Отта мәңгі қалушылар.
Шын мәнінде, Аллаһтың мешіттерін Аллаһқа және Ақирет күніне сенген, намазды / барлық шарттарын сақтап,беріле / толық орындаған, зекетті берген әрі Аллаһтан өзгеден қорықпағандар ғана жандандырады. Міне, солар тура жолмен жүрушілерден болады.
Сендер қажыларды сумен қамтамасыз етуді және әл-Харам мешітіне қарауды - Аллаһқа және Ақирет күніне сенген әрі Аллаһтың жолында соғысқанмен бірдей көресіңдер ме? Олар Аллаһтың алдында бірдей болмайды. Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді.
Иманға келгендер, қоныс аударғандар және Аллаһтың жолында малдары, жандарымен күрескендер, Аллаһтың алдында дәреже тұрғысында өте жоғары. Міне, солар - табысқа жетушілер.
Оларды Раббысы Өзінен болған мейірімімен, разылығымен және / жәннат / бақтарымен сүйіншілейді. Онда олар үшін таусылмайтын рахат бар.
Ей, иманға келгендер! Егер әкелерің мен бауырларың иманнан гөрі күпірлік етуді / имансыздықты / артық көрсе, оларды қамқоршы тұтпаңдар. Сендерден кім оларды / имансыздарды / қамқоршы, дос тұтса, міне, солар - әділетсіздер.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер әкелерің, балаларың, бауырларың, жұбайларың, туыстарың және тапқан дүниелерің, тоқтап қалуынан қорқатын сауда мен өздерің ұнататын үйлерің сендер үшін Аллаһтан және Оның Елшісінен әрі Аллаһ жолында күресуден артық болса, онда Аллаһ Өз әмірін / жазасын / келтіргенге дейін күтіңдер! Аллаһ бұзық адамдарды тура жолмен жүргізбейді.
Аллаһ сендерді көптеген жерлерде және Хунайн күні де жеңіске жеткізді. Сол кезде сендер сандарыңның көптігімен масайраған едіңдер. Бірақ ол / сендерге / еш пайда бермеді де жер кеңдігіне қарамастан, өздеріңе тар келді. Одан кейін сендер теріс бұрылдыңдар / қаштыңдар /.
Одан соң Аллаһ Өз Елшісінің үстінен және иманға келгендердің үстінен сакинасын / тыныштық / түсірді. Әрі сендер көрмейтін бір сарбаздар түсірді де күпірлік еткендерді / Аллаһқа қарсы келгендерді / азапқа ұшыратты. кәпірлердің қайтарым жазасы - осы.
Кейін Аллаһ Өзі қалағанды күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға / тәубеге / келтіреді. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
Ей, иманға келген дер! Шын мәнінде мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / - нәжас / таза емес /. Сондықтан олар осы жылдан кейін әл-Харам мешітіне жақындамасын. Егер жоқшылықтан қорқатын болсаңдар, жақында Аллаһ қаласа сендерді Өз кеңшілігінен байытады. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
Кітап берілгендерден, Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтін, Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған нәрселерді тыйым салынған деп есептемейтін әрі хақ дінді ұстанбайтындармен, олар кішірейген / бағынған / күйде өз қолдарымен / арнайы / салық / жизия / бергенге дейін, соғысыңдар.
Иудейлер: «Ұзайыр - Аллаһтың баласы», - деді. Ал, христиандар: «Масих - Аллаһтың баласы», - деді. Бұл - олардың құр ауыздарымен айтқан сөздері. Олар бұрынғы сондай күпірлік еткендердің / Аллаһқақарсы келгендердің / сөзіне ұқсас сөз айтады. Оларға Аллаһтың лағнеті болсын! Олар / ақиқаттан / қайда бұрылып бара жатыр?!
Олар өздерінің дін ғалымдарын және монахтарын Аллаһтан өзге ие / құдай / етіп алды. Әрі Мәриямның ұлы Мәсихті де. Негізінде, оларға бір ғана құдайға / Аллаһқа / құлшылық етуі бұйырылған еді. Одан басқа / құлшылық етуге лайықты / құдай жоқ. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосқандарынан пәк.
Олар Аллаһтың нұрын ауыздарымен өшіргісі келеді. Алайда, кәпірлер жек көрсе де Аллаһ Өз нұрын толық етуді қалайды.
Ол / Аллаһ / , серік қатушылар / мүшріктер / жек көрсе де Өз Елшісін тура жол әрі хақ дінмен, оны / ислам дінін / барлық діндерден үстем ету үшін жіберді!
Ей, иманға келгендер! Анығында, / Кітап берілген қауымның / дін ғалымдары мен монахтарының көпшілігі адамдардың дүниелерін жалған жолдармен жейді және / оларды / Аллаһтың жолынан қайтарады. / Ей, Мұхаммед / / Сондай, алтын мен күмісті жинап, оны Аллаһ жолында жұмсамайтындарды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле».
Сол / қиямет / Күні ол / алтын-күмістері / Жаһаннам отында қыздырылып әрі онымен олардың маңдайлары, бүйірлері және арқалары күйдіріледі. / Оларға / :«Бұл өздерің үшін жиғандарың. Енді жинағандарыңды татыңдар», - делінеді.
Ақиқатында, айлардың саны Аллаһта - он екі. Аллаһтың кітабында, Ол аспандар мен жерді жаратқан күні / белгілеген /. Олардың төртеуі тыйым салынған / айлар /. Міне, осы - тұп-тура дін. Осы айларда өздеріңе әділетсіздік істемеңдер. Мүшріктер сендермен жаппай соғысатыны секілді, сендер де олармен бәрің соғысыңдар. Әрі Аллаһтың тақуалармен / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен / бірге екенін біліңдер.
Шын мәнінде, / айларды / кейінгежылжыту - күпірлік етуді / Аллаһқа қарсыкелуді / арттыра түседі. Күпірлік етушілер / имансыздар / - осы арқылы адастырылады. Аллаһ тыйым салған айлардың санын сәйкестендіру үшін, олар оны / кез келген айды / бір жылы халал / рұқсат етілген / етіп, бір жылы харам / тыйым салынған / етеді. Сөйтіп Аллаһтың харам еткенін халал етеді. Оларға істерінің жамандығы әдемі етіпкөрсетілді. Ал, Аллаһ кәпірлерді тура жолмен жүргізбейді.
Ей, иманға келгендер! «Аллаһтыңжолына шығындар» делінгенде, сендер неге жерге жабысып қалдыңдар? Сендер соңғы мәңгілік өмірден / ақиреттен / гөрі осы / өткінші / жақын өмірді қанағат тұтасыңдар ма? Негізінде, осы жақын өмірдегі пайдалар мен рахаттар, соңғы, мәңгілік өмірдегімен / ақиреттегімен / салыстырғанда болмашы ғана.
Егер сендер шықпасаңдар, Ол сендерді күйзелтуші азаппен азаптайды және сендерді басқа елмен алмастырады әрі сендер Оған ешқандай зиян жеткізе алмайсыңдар. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы.
Егер сендер оған / Елшіге / көмектеспесеңдер, / онда біліңдер, / күпірлік етушілер / Аллаһтың бірлігін мойындамайтындар / оны екеудің екіншісі етіп /Меккеден / шығарған кезде, оған Аллаһ көмектескен еді. Екеуі үңгірде болған кезде, ол жолдасына / Әбу Бәкірге / :«Қайғырма, ақиқатында, Аллаһ бізбен бірге»,- деп айтты. Сонда оның үстінен Аллаһ сакинасын / тыныштық / түсірді және оны сендер көрмеген әскермен / періштелермен / қолдады. Әрі күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келгендердің / сөзін ең төменгі етті. Ал, Аллаһтың сөзі, ол — бәрінен де жоғары. Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
Жеңіл күйде не ауыр күйде болсаңдар да шығындар және Аллаһ жолында дүниелерің әрі жандарың арқылы күресіңдер. Егер білсеңдер, осы - өздерің үшін қайырлы.
Ей, Мұхаммед! / Егер де жақын бір олжа және жеңіл бір сапар болса, олар / мұнафиқтар / саған ілесер еді. Алайда, оларға сапар қашық көрінді. Олар жақында саған: «Егер де шамамыз келгенде, сендермен бірге шығар едік», - деп Аллаһпен ант ішеді. Сөйтіп олар өздерін өздері құртады. Аллаһ олардың нағыз өтірікші екенін біледі.
Ей, Мұхаммед! / Аллаһ сені кешірсін. Сен, шын сөзділер анықталмайынша әрі өтірікшілерді білмейінше, не үшін оларға / жорықтанқалуға / рұқсат бердің?
Аллаһ жолында дүниелері және жандарымен күресу үшін Аллаһқа және Ақирет күніне сенушілер / қалу үшін / сенен сұранбайды. Аллаһ - тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / Білуші.
Негізінде, сенен Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтіндер әрі жүректері күмәнданғандар ғана сұранады. Сөйтіп олар өздерінің күмәндарындаекіұдай болып жүреді.
Егер олар / мұнафиқтар / шығуды қаласа, ол үшін бір дайындық көрер еді. Алайда, Аллаһ олардың шыққанын ұнатпай, бөгеді. Сондай-ақ / оларға / :«Отырушылармен бірге отырыңдар», - делінді.
Егер олар сендермен бірге шыққанда да бұзып-бүлдіруден басқаны арттырмас еді және сендерге іріткі салуға ұмтылып, араларыңда асығып жүретін еді. Сендердің іштеріңде оларға құлақ асатындар да бар. Ал, Аллаһ - әділетсіздерді жақсы Білуші.
Ей, Мұхаммед! / Олар ілгеріде де - ақиқат келіп, Аллаһтың ісі үстем болғанға дейін - жек көріп, іріткі салуға ұмтылатын және саған / қарсы / істерді аударып, төңкеретін / айла құратын / еді.
Олардың / мұнафиқтардың / ішінде: «Маған рұқсат бер, мені бүлікке салма», - дейтіндер де бар. Негізінде, олар әлдеқашан бүлікке түскен. Шын мәнінде, Жаһаннам (тозаққа) кәпірлерді қоршап тұрады.
Ей, Мұхаммед! / Егер саған бір жақсылық келсе, бұл оларды ренжітеді. Ал, егер саған бір ауыртпалық жетсе, олар: «Негізінде, біз ісімізді алдын ала ыңғайлапалған едік», - деп, қуанған түрде бұрылып кетеді.
Айт: «Бізге Аллаһтың жазғанынан басқа нәрсе тимейді. Ол - біздің Иеміз! Имандылар / мүміндер / Аллаһқа жүгініп, өздерін Оған тапсырсын / тәуекел етсін / », - деп.
Айт, / ол мұнафиқтарға / :«Сендер бізге екі жақсылықтың біреуінің болуын күтудесіңдер ме? Ал, біз сендерге Аллаһтың Өз тарапынан немесе біздің қолдарымыз арқылы азап жеткізілуін күтудеміз. Ендеше, күтіңдер. Біз де сендермен бірге күтушіміз», - деп.
Айт, / ол мұнафиқтарға / :«Ерікті немесе еріксіз түрде / дүниелеріңді / жұмсаңдар. Сендерден ешқашан қабыл етілмейді. Өйткені сендер - бұзық / бойсұнбаушы / адамсыңдар», - деп.
Негізінде, олардың жұмсаған дүниелерінің / садақаларының / қабыл етілуіне, олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік етулері / жүрекпен сенбеуі / әрі намазға жалқауланып келулері мен / садақаларын / тек еріксіз түрде жұмсаулары кедергі болды.
Ей, Мұхаммед! / Сені олардың / мұнафиқтардың / дүниелері, балалары таңырқатпасын. Шын мәнінде, Аллаһ Оларға бұл өмірде, осы нәрселер себепті азап беруді және олардың кәпір күйлерінде өлгендерін қалайды.
Олар / мұнафиқтар / :«Біз - сендерденбіз», - деп, Аллаһпен ант ішеді. Бірақ олар сендерден емес. Керісінше, олар - қорқақ адамдар.
Егер де олар бір пана, не үңгір неме­се кіретін жай тапқанда, солай қарай асыға жөнелер еді.
Ей, Мұхаммед! / Олардың ішінде садақаларға / зекет және нәпіл садақалар / қатысты сені айыптайтындар бар. Оларға одан берілсе, разы болады, ал одан берілмеген кезде, олар ашуланып наразы болады.
Олардың Аллаһ және Оның Елшісінің өздеріне бергеніне разы болуы әрі: «Бізге Аллаһ жеткілікті. Жақында Аллаһ бізге Өз кеңшілігінен береді және Оның Елшісі де. Анығында, біз Аллаһқа қарай ұмтылушымыз!» - деп айтулары / қайырлы еді /.
Анығында, садақалар / зекеттер / жоқ-жітікке, кедейлерге және оған / зекетті жинауға / қатысты жұмыс істеушілерге, жүректері бұрылатындарға / ислам дінін жаңа қабылдағандарға / , құлдарды азат етуге, қарызы барларға, Аллаһ жолына және / жолда қалған / жолаушыға, Аллаһ тарапынан / белгіленген / бір парыз ретінде, / осыларға / тән. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
Олардың / мұнафиқтардың / ішінде Пайғамбарды ренжітіп: «Ол - құлақ»,- деп айтатындар бар. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ол - сендер үшін қайырлы құлақ. Ол Аллаһқа сенеді әрі имандыларға / мүміндерге / сенеді және сендерден иманға келгендер үшін - бір мейірім. Ал, Аллаһтың Елшісін ренжіткендерге күйзелтуші азап бар», - деп.
Олар / мұнафиқтар / сендерді разы қылу үшін Аллаһпен ант ішеді. Егер олар иманды / мүмін / болған болса, Аллаһ және Оның Елшісі, олардың разы етулеріне көбірек құқылы.
Олар Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келгенге, ішінде мәңгі қалатын Жаһаннам оты бар екенін білмей ме? Міне, осы өте үлкен қорлық.
Мұнафиқтар өздеріне қатысты, жүректеріндегіні хабарлайтын бір сүренің түсірілуінен қауіптенеді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Келеке ете тұрыңдар. Негізінде, Аллаһ - сендердің қауіп етіп жүргендеріңді сыртқа шығарушы», - деп.
Егер олардан сұрасаң, олар әлбетте: «Біз бар болғаны бос нәрселерге батып, ойнадық», - дейді. Оларға: «Аллаһты, Оның аяттарын және Оның Елшісін келеке еттіңдер ме?
Ақталмай-ақ қойыңдар. Сендер иманға келгеннен кейін күпірлік келтірдіңдер / діннен шықтыңдар /. Егер Біз сендерден бір топты кешірсек, бір топты қылмыске болғандары үшін азаптаймыз», - деп айт.
Мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдер - бір-бірінен. Олар айыпталғанға бұйырып, құпталғаннан қайтарады және қолдарын жұмып алады / сараңдық етеді /. Олар Аллаһты ұмытты, сондықтан Ол да оларды ұмытты / тастады /. Анығында, мұнафиқтар - нағыз бұзықтар / бойсұнбаушылар /.
Аллаһ мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдерге және кәпірлерге Жаһаннам отын уәде етті. Олар онда мәңгі қалады. Ол / тозақ / Оларға жеткілікті. Аллаһ оларды лағнет етті / мейірімінен алыстатты / әрі оларға бітпейтін азап бар.
Сендер өздеріңнен алдыңғылар сияқтысыңдар / ей, мұнафиқтар /. Олардың күш-қуаты сендерден артық және дүниелері мен балалары да көп еді. Олар өз үлестерінен пайдаланып, рахатын көрді. Өздеріңнен алдыңғылар өз үлестерінен пайдаланып, рахатын көргендей, сендер де өз үлестеріңнен пайдаланып, рахатын көрдіңдер. Олар / өтірікке / батып берілгендей, сендер де / ақиқаттан өзгеге / сүңгіп берілдіңдер. Олардың амалдары бұл өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зая кетті. Міне, солар - нағыз зиянға ұшырағандар.
Оларға өздерінен бұрынғы Нұх, Ад жәнеСәмүд елдерінің, Ибраһим елінің, Мәдиян тұрғындарының және ойрандалған елді мекендердің хабары келмеді ме? Елшілер Оларға анық дәлелдермен келген еді. Аллаһ Оларға әділетсіздік жасаған жоқ. Алайда, олар өздеріне-өздері әділетсіздік жасады.
Иманды / мүмін / ерлер мен иманды / мүмін / әйелдер - бір-біріне дос, қамқоршы. Олар құпталғанға бұйырады, тыйым салынғаннан қайтарады, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайды, зекетті береді және Аллаһ пен Оның Елшісіне бойсұнады. Міне, осыларды Аллаһ мейіріміне бөлейді. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем , аса Дана.
Аллаһ иманды ерлер мен иманды әйелдерге астынан өзендер ағып жататын, ол жерде олар мәңгі қалатын бақтарды және ’Адн жәннаттарындағы көркем үй-жайларды уәде етті. Ал, Аллаһтың разылығы одан да үлкен. Міне, осы - шын, ұлы табыс.
Ей, Пайғамбар! кәпірлермен және мұнафиқтармен күрес әрі Оларға қатты бол. Олардың орны - Жаһаннам. Ол - баратын орын қандай жаман!
Олар / мұнафиқтар / :«Айтпадық / дінге, Елшіге тіл тигізбедік / » - деп, Аллаһпен ант ішеді. Ал, анығында, олар ислам дініне кіргеннен кейін күпірлік / қарсылық / сөзін айтып, күпірлік етті / діннен шықты /. Сондай-ақ, олар қолдары жете алмағанды көздеген еді.Аллаһ Өз кеңшілігінен байытқанына болмаса, олардың Аллаһ және Оның Елшісіне / басқа / тағар кінәсі болмады. Егер олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / , өздері үшін жақсы болады. Ал, егер теріс бұрылса, Аллаһ оларды бұл өмірде де және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / де күйзелтуші азаппен азаптайды. Оларға жер бетінде қамқоршы да, көмек беруші де жоқ.
Олардың ішінде: «Егер Ол, бізге Өз кеңшілігінен берсе, міндетті түрде садақа береміз әрі ізгілерден боламыз» - деп, Аллаһқа серт бергендер де бар.
Ал оларға Өз кеңшілігінен берген кезде, олар оған / Аллаһтың бергеніне / сараңдық етті әрі / серттерінен / жалтарып, теріс бұрылды.
Сонда Аллаһ олардың берген уәделерін бұзғандықтары әрі өтірік айтқандықтары үшін Өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне мұнафиқтық үялатты.
Олар білмеді ме, Аллаһ олардың сырлары мен құпия әңгімелерін білетіндігін және Аллаһтың ғайыпты / барлық жасырын нәрселерді / білуші екенін?
Мүміндерден өз еркімен садақа берушілерді және шамаларының жеткенін ғана тауып бергендерді айыптап, оларды келеке ететіндерді Аллаһ масқара етеді. Әрі олар үшін қинаушы азап бар.
Ей, Мұхаммед! / Олар / мұнафиқтар / үшін кешірім тілесең де, не кешірім тілемесең де, тіпті олар үшін жетпіс рет кешірім тілесең де Аллаһ оларды ешқашан кешірмейді. Бұл - олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік еткендіктері / сенбегендіктері, қарсылықтары / себебінен. Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / адамдарды тура жолмен жүргізбейді.
Артта қалдырылғандар, Аллаһтың Елшісіне қайшы келіп, қалып қойғандарына мәз болды және Аллаһ жолында дүниелері әрі жандарымен соғысуды жек көрді. Әрі «Мына ыстықта / соғысқа / шықпаңдар», - деді. Айт:«Жаһаннамның оты бұдан да қатты ыстық!» - деп. Егер олар оны түсінетін болса.
آية رقم 82
Ендеше олар / мұнафиқтар / істегендерінің қайтарым жазасы ретінде аз күліп, көп жыласын!
Ей, Мұхаммед! / Ал, егер Аллаһ сені олардан / мұнафиқтардан / болған бір топқа-қайтарып, олар сенен / соғысқа / шығуға рұқсат сұраса, оларға: «Сендер ешқашан менімен бірге шықпайсыңдар және менімен бірге жаумен соғыспайсыңдар. Ақиқатында, сендер алғашқы рет қалып қоюды қош көрдіңдер. Ал, енді қалып қойғандармен бірге отырыңдар» - деп айт.
Әрі ешқашан олардан өлген біреуге / жаназа / намазын оқыма және оның қабірінің басында тұрма! Өйткені олар Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік етті / сенбеді, қарсы болды / әрі бұзық болған / бойсұнбаған / күйлерінде өлді.
Сені олардың / мұнафиқтардың / дүниелері, балалары таңырқатпасын. Шын мәнінде, Аллаһ оларға бұл өмірде, осы нәрселер арқылы азап беруді және олардың кәпір күйлерінде өлгендерін қалайды.
«Аллаһқа сеніңдер және Оның Елшісімен бірге соғысыңдар» делінген бір сүре түсірілген кезде, олардың ішіндегі дәулеттілері сенен сұранып: «Бізді қалдыр, отырушылармен / соғысқа бара алмайтындармен / бірге болайық», - деді.
Олар / мұнафиқтар / қалушылармен бірге болғанға разы болды. Олардың жүректері мөрленіп бітелген. Олар түсінбейді.
Ал, Елші және онымен бірге иманға келгендер - мал-дүниелері әрі жандарымен соғысты. Осыларға / осы өмірде және ақиретте / жақсылықтар бар. Міне, нақ осылар-жетістікке жетушілер.
Аллаһ олар үшін астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын / Жәннат / бақтарын әзірледі. Міне, осы - ұлы жетістік.
Әрі бәдәуилерден уәж айтушылар өздеріне / соғысқа шықпауға / рұқсат берілуі үшін келді. Сондай-ақ Аллаһқа және Оның Елшісіне өтірік айтқандар да қалып қойды. Олардан күпірлік еткендер / Елшіге өтірік айтқандар / жақында қинаушы азапқа ұшырайды.
Әлсіздерге, ауруларға және / жорыққа бару үшін / жұмсауға еш нәрсе таба алмағандарға, егер олар Аллаһқа және Оның Елшісіне адал болса ешбір күнә жоқ. Жақсылықты ықыласпен істеушілерге қарсы жол жоқ. Аллаһ - өте Кешірімді ,ерекше Мейірімді.
Ей, Мұхаммед! / Әрі мінетін көлік беруің үшін саған келіп, сен: «Сендерге мінер көлік тауып бере алмаймын», - деп айтқаныңда, өздері де сарып қыларлық нәрсе таба алмағандықтан күйінген түрде көз жастарын төгіп қайтқандарға да кінә жоқ.
Шын мәнінде, өздері бай бола тұра сенен рұқсат сұрап, кейін қалушылармен бірге болуды қоштағандарға қарсы жол ашық. Аллаһ олардың жүректерін мөрлеп бітеген. Олар білмейді.
Ей, Мұхаммед! / Сендер / жорықтан / қайта оралып келгендерінде, олар ақталады. / Оларға!: «Ақталмаңдар, біз сен­дерге бәрібір сенбейміз. Негізінде, сендердің хабарларыңды бізге Аллаһ хабарлап қойды. Аллаһ сендердің амалдарыңды көреді және оның Елшісі де. Содан кейін сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар, сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді», - деп.
Оларға / мұнафиқтарға / қайтып келген кездеріңде, өздерінен бет бұруларың / айыптамауларың / үшін сендерге Аллаһпен ант ішеді. Олардан теріс бұрылыңдар. Өйткені олар - рижс / жаман, жиіркенішті /. Әрі істегендерінің қайтарым жазасы ретінде, олардың орны - Жаһаннам (Тозақ).
Олар сендердің өздерінен разы болуларың үшін ант ішеді. Егер сендер олардан разы болсаңдар да, ақиқатында, Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / адамдардан разы болмайды.
Бәдәуилер, күпірлікте / қарсылықта / және мұнафиқтықта қаттырақ. Сондай-ақ олар Аллаһтың Өз Елшісіне түсіргенінің шектерін білмеуге өзгелерден көбірек бейім. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
Бәдәуилердің ішінде өздерінің жұм-сайтындарын / садақаларын / шығын деп есептейтіндер әрі сендерге жамандықтың айналып келуін күтетіндер бар. Жамандық олардың өздеріне. Аллаһ - бәрін Естуші, бәрін Білуші.
Әрі бәдәуилердің ішінде Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндер және жұмсағандарын / садақа, зекеттерін / Аллаһқа жақындатады деп санайтындар бар әрі Елшінің дұғасына да. Біліңдер, шын мәнінде, бүл оларды жақындатады. Аллаһ оларды Өз мейіріміне кіргізеді. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
Мұһажирлер мен ансарлардың ішінен алғашқы озық болғандардан және оларға жақсылықпен ергендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Одан разы болды. Ол олар үшін астынан өзендер ағып жататын / Жәннәт / бақтарын әзірледі, олар онда мәңгі қалады. Міне, осы - ұлы жетістік.
Сендердің жандарыңдағы бәдәуилердің ішінде, сондай-ақ Медине тұрғындарының ішінде де мұнафиқтар бар. Олар мұнафиқтықта сірескен. Сен оларды білмейсің, оларды Біз білеміз. Жақында оларды екі рет азаптаймыз. Содан кейін олар үлкен азапқа қайтарылады.
Сондай-ақ күнәларын мойындаған басқа адамдар да бар. Олар түзу істі жаман іспен араластырған еді. Аллаһ олардың тәубелерін / істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтуларын / қабыл етеді. Сөзсіз, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
Ей, Мұхаммед! / Сен олардың дүниелерінен садақа / зекет / ал. Онымен оларды тазартасың әрі оларды берекелендіресің. Олар үшін тілек тіле. Ақиқатында сенің тілегің - олар үшін тынышталып орнығу. Аллаһ - бәрін Естуші, бәрін Білуші.
Олар Аллаһтың Өзіқұлдарынан / олардың / істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл ететіндігін әрі садақаларды қабыл алатындығын және тәубені Қабыл етуші де , ерекше Мейірімді де сол - Аллаһтың Өзі екендігін білмеді ме?
Әрі айт: «Амал істеңдер, Аллаһ амалдарыңды көреді әрі Оның Елшісі мен мүміндер де. Сондай-ақ, жақында сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар, сонда Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді», - деп.
Сондай-ақ / жорықтан қалушылардың ішінде / басқа біреулер де бар. Аллаһ олар жайлы үкім бергенге дейін / Оларға қатысты шешім! кешіктіріледі. Ол оларды не азаптайды, не істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етеді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
Ал, сондай зиян тигізу және күпірлік ету / қарсылықты қолдау / әрі имандылардың арасын ажырату үшін және Аллаһ пен Елшісіне бұрыннан қарсы соғысқан біреу үшін / мұсылмандарды / торуылдайтын орын етіп мешіт салғандар, әлбетте: «Біз жақсылықтан басқаны қаламадық», - деп ант ішеді. Аллаһ олардың суайт екендігіне куәлік береді.
Ей, Мұхаммед! / Сен онда / ол мешітте / ешқашан тұрма. Сенің тұруыңа алғашқы күннен тақуалық / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылық / негізінде құрылған мешіт, көбірек лайықты. Онда тазаруды ұнататын адамдар бар. Ал Аллаһ тазарушыларды жақсы көреді.
Өзінің / салып жатқан / құрылысын Аллаһтан қорқып, сақтанып әрі Оның разылығы үшін қалаған біреу жақсы ма, әлде оның құрылысынқұлағалытұрған бір жардың шетіне қалап, онымен бірге Жаһаннамның отына құлаған біреу ме? Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді.
Олардың жүректері бөлшектеніп кетпейінше, салған құрылыстары / мешіті / , жүректерінде үнемі күмән болып қала береді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
Ақиқатында, Аллаһ имандылардан / мүміндерден / - олардың жандары мен дүниелерін Жәннатпен айырбастап, сатып алды. Олар Аллаһтың жолында соғысып, өлтіреді және өлтіріледі, Оның Тәурат, Інжіл және Құрандағы хақ уәдесі бойынша. Аллаһтан артық уәдесін кім орындайды? Онымен жасаған саудаларыңа қуаныңдар! Міне, осы - ұлы жетістік.
Олар! істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтушылар / тәубе етушілер / , Құлшылық жасаушылар, / Аллаһқа / мақтау айтушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ жасаушылар, сәжде етушілер, құпталғанға бұйырушылар, тыйылғаннан қайтарушылар және Аллаһтың белгілеген шегін сақтаушылар. / Ей, Мұхаммед, / әрі имандыларды / мүміндерді / сүйіншіле.
Пайғамбардың және иманға келгендердің, мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / үшін тіпті олар жақындары болса да, олардың Жахимдық екендігі өздеріне анық болғаннан кейін кешірім тілеулеріне болмайды.
Ал, Ибраһимнің өз әкесі үшін кешірім тілеуі, оның оған / әкесіне / берген уәдесі бойынша ғана еді. Өзіне / әкесінің / Аллаһқа жау екендігі анық болғанда, ол одан бас тартты. Негізінде, Ибраһим көп жалбарынып дұға етуші, ұстамды еді.
Аллаһ бір елді тура жолға салып жүргізгеннен кейін оларға неден сақтанулары керек екендігін анық түсіндірмейінше, оларды адастырушы емес. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Білуші.
Аспандардың және жердің билігі Аллаһта. Ол тірілтеді және өлтіреді. Сендер үшін Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де жоқ.
Аллаһ Пайғамбарды және қиындық сағатында оған еріп шыққан мұһажирлер мен ансарларды, олардың кейбіреулерінің жүректері ауытқуға жақын қалғаннан кейін,Өзіне бойсұнуға қайтарды / тәубеге келтірді /. Ол олардың тәубесін қабыл етті, өйткені Ол - оларға аса Мейірбан, ерекше Мейірімді.
Әрі / өздеріне қатысты үкім / кейінге қалдырылған үшеудің де / тәубелерін қабыл етті /. Сол кезде оларға жер кең бола тұра тарылып, жандары сығылып,' Аллаһтың Өзінен басқа пана жоқтығына көздері анық жеткен еді. Содан кейін Ол / Аллаһ / олардың істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтулары / тәубеге келуі / үшін күнәларынан арылуына алып келді / тәубеге келтірді /. Ақиқатында, Аллаһ - тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді.
آية رقم 119
Ей, иманға келгендер! Аллаһтан / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және шын сөзділермен бірге болыңдар.
Медине тұрғындарына және оның маңайындағы бәдәуилерге, Аллаһ Елшісінен қалып қоюларына, сондай-ақ, өз жандарын оның жанынан артық көрулеріне болмайды.
Мұның себебі, олар Аллаһ жолында шөлге душар болса, шаршап-шалдықса және бір аштыққа ұшыраса әрі кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және жаудан бір нәрсені қолға түсірсе, онда оларға осы үшін ізгі амал жазылады. Шын мәнінде, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейді.
Олар аз не көп дүние жұмсамасын және бір алқапты кесіп өтпесін, Аллаһ оларға қайтарым сыйын, істегендерінен жақсы етіп беруі үшін міндетті түрде бүл оларға жазылады.
Имандылардың / жорыққа / бәрі бірдей аттануларына болмайды. Олардың әр бөлігінен бір топтың шығып дінді үйренулері және оралған кездерінде адамдарға - олардың сақтанулары үшін насихат етулеріне жеткілікті.
Ей, иманға келгендер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендер­ден бір қатаңдық байқасын. Әрі күмәнсіз, Аллаһтың тақуалармен / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен! бірге екенін біліңдер.
Бір сүре түсірілген кезде олардың арасынан: «Бұл қайсыларыңның имандарыңды арттырды?» - дейтіндер бар. / Бұл / иманға келгендердің иманын арттырды әрі олар қуанышқа бөленуде.
Ал, жүректерінде дерті барларғабұл сүре күмәндарының үстіне күмән қосады да олар кәпір / имансыз / күйлерінде өледі.
Олар өздерінің әр жылы бір не екі рет сыналатындарын көрмей ме? Содан кейін де олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпайды / тәубеге келмейді / әрі ескерту де алмайды.
Бір сүре түсірілген кезде, олар біріне-бірі қарап: «Сендерді біреу көріп тұрған жоқ па екен», - деп бұрыла жөнеледі. Аллаһ, олардың жүректерін теріс бұрып қойды. Анығында, олар - түсінбейтін адамдар.
Ақиқатында, сендерге өздеріңнен бір Елші келді. Оған қиналуларың ауыр тиеді. Ол-сендерге / дінді қалап / ұмтылушы, имандыларға жанашыр, мейірімді.
Ей, Мұхаммед! / Егер олар теріс бұрылса: «Маған Аллаһ жеткілікті, Одан басқа ешбір құдай жоқ, мен Оған жүгініп, өзімді тапсырдым / тәуекел еттім /. Әрі Ол-ұлы Аршының Раббысы», - деп айт.
تقدم القراءة