ترجمة سورة الشعراء

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
ترجمة معاني سورة الشعراء باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Та. Син. Мим.
Бұл - анық Кітаптың аяттары.
Ей, Мұхаммед! / Олардың иманға келмегеніне / қайғырып / , өзіңді жойып жібере жаздайсың.
Егер қалағанымызда, оларға аспаннан бір белгі түсірер едік те олардың мойыны оған иілген болар еді.
Ал, оларға әр-Рахманнан жаңа бір еске салу, / ескерту / келген сайын, олар одан теріс бұрылды.
Әрі олар оны жалғанға шығарды. Таяуда оларға келеке еткен нәрселерінің хабары келеді.
Олар жерге қарамай ма, Біз онда / жер бетінде / қаншама керемет түрлерді өсірдік.
Әлбетте мұнда белгі-дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманды / мүмін / болмады.
Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде сенің Раббың аса Үстем, ерекше Мейірімді.
Кезінде Раббың Мұсаға: «Әділетсіз елге бар
Фиръаунның еліне. Олар / Раббысынан / қорқып, сақтанбай ма?» деді.
Ол: «Раббым! Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын
әрі кеудемнің тарылып, тілімнің күрмеліп қалуынан. Сондықтан Һарұнға да жібер.
Әрі менің мойнымда оларға қатысты істелген күнә бар. Олардың мені өлтіруінен қорқамын», -деді.
Аллаһ / :«Жоқ, олай болмайды. Екеуің Біздің белгілерімізбен барыңдар. Ақиқатында Біз сендермен біргеміз, естіп тұрамыз.
Фиръаунға барып: «Біз - әлемдер Раббысының Елшісіміз.
Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер», - деп айтыңдар», - деді.
Фиръаун / :«Біз сені сәби кезіңнен арамызда бағып өсірмедік пе? Сен өміріңнің талай жылын арамызда өткізіп едің ғой.
Кейін сол бір жасаған ісінді жасадың / адам өлтірдің /.Әрі сен жақсылықты мойындамаушылардансың», - деді.
Мұса / :«Мен оны адасушылардан болған кезімде істедім.
Сендерден қорыққан соң қашып кеттім. Кейін Раббым маған үкім берді әрі мені елшілерден етті.
Ал, сенің маған міндетсініп отырған игілігің, бұл - Исраил ұрпақтарын құл етуің», - деді.
Фиръаун: «Әлемдердің Раббысы деген не?» деді.
Мұса / :«Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасындағылардың Раббы­сы / Иесі / , егер көз жеткізетін болсаңдар», - деді.
Фиръаун / айналасындағыларға: «Сендер естіп тұрсыңдар ма?» - деді.
Мұса / :«Ол сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы», -деді.
Фиръаун / :«Шындығында сендерге жіберілген Елші жын соққан біреу», - деді.
Мұса / :«Егер ақылдарыңды істететін болсаңдар, Ол шығыс пен батыстың әрі екеуінің арасындағылардың Раббысы», - деді.
Фиръаун / :«Егер сен менен басқаны құдай етіп алсаң, сені зынданғатасталғандардан етемін»,- деді.
Мұса / :«Мен саған айқын бірнәрсе келтірсем де ме?» - деді.
Фиръаун / :«Егер шын сөзділерден болсаң, оны әкел», - деді.
Сонда ол асасын тастады да, сол уақытта ол нағызжыланға айналды.
Әрі қолын шығарғанда ол қарап тұрғандарға аппақ / нұрлы / болды.
Фиръаун / айналасындағы уәзірлеріне: «Негізінде бұл - білгір сиқыршы.
Ол сендерді сиқыры арқылы жерлеріңнен шығарып жіберуді қалайды, енді не кеңес бересіңдер?» - деді.
Олар: «Оны және оның бауырын қоя тұр да қалаларға / сиқыршыларды / жинап келушілерді жібер.
Олар саған әрбір білгір сиқыршыны алып келсін», - деді.
Сөйтіп сиқыршылар белгілі күннің белгіленген уақытына жиналды.
Әрі адамдарға: «Сендер жиналып болдыңдар ма?
Егер сиқыршылар жеңетін болса, біз соларға еретін шығармыз», - делінді.
Сиқыршылар келген соң, олар Фиръаунға: «Егер жеңіске жетсек, бізге сый бар ма?» -деді.
Ол: «Иә. Ол жағдайда сендер / маған / жақындатылғандардан боласыңдар», - деді.
Мұса Оларға: «Тастайтын нәрселеріңді тастаңдар», - деді
Олар жіптері мен асаларын / таяқтарын / тастап: «Фиръаунның құдіретімен ант етеміз! Әлбетте біз жеңеміз»,- деді.
Мұса да асасын тастады, сол кезде ол олардың жасаған жалған / елес етіп көрсеткен / нәрселерін жұта бастады.
Сонда сиқыршылар сәждеге жығылды.
Олар: «Біз әлемдердің Раббысына сендік -
Мұса мен Һарұнның Раббысына», - деді.
Фиръаун / :«Сендер мен рұқсат берместен бұрын оған сендіңдер ме? Негізінде ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Жақында білесіңдер. Мен сендердің қол-аяқтарыңды айқыштап / оң қол - сол аяқ, сол қол - оң аяқтарыңды / кесемін жәнебарлығыңды керіп тастаймын»,- деді.
Олар: «Бізге оның зияны жоқ! Өйткені біз -Раббымызға қайтушымыз.
Біз иманға келушілердің ең алдыңғылары болғанымыз үшін Раббымыздың күнәларымызды кешіруін қатты үміт етеміз», - деді.
Біз Мұсаға: «Құлдарымды түн ішінде жолға алып шық, өйткені олар сендердің соңдарыңнан түседі», - деп уахи еттік.
Сонда Фиръаун қалаларға / әскер / жинаушыларды жіберді.
Ол / :«Негізінде олар аз ғана топ.
Әрі олар біздің ашу-ызамызды келтірді,
және шын мәнінде біз барлығымыз да сақ болуымыз керек», - деді.
Біз оларды бақтары мен бұлақтарынан / осылай / шығардық
әрі қазыналары мен сәулетті тұрақ жайларынан.
Осылай. Әрі Біз оны / ол жерді / Исраил ұрпақтарына мура етіп бердік.
Олар / Мұсаның / артынан таңертең түскен еді.
Екі топ бірін-бірі көрген кезде, Мұсаның жанындағылар: «Анығында, бізге қуып жететін болды», - деді.
Мұса / :«Жоқ, олай емес! Ақиқатында, Раббым менімен. Ол маған жол көрсетеді», -деді.
Сонда Біз Мұсаға: «Таяғыңмен теңізді ұр», - деп уахи еттік. Сол кезде ол / теңіз / екіге жарылып, әр бөлігі үлкен таудай болды.
Әрі Біз / ол жерге / басқаларды / фиръаундықтарды / жақындаттық.
Әрі Біз Мұсаны және онымен бірге болғандарды - барлығын құтқардық.
Содан кейін басқаларды суға батырдық.
Шын мәнінде мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көбі иманға келушілерден болмады.
Ақиқатында, Раббың аса Үстем , ерекше Мейірімді.
Оларға Ибраһим жайлы хабарды оқы.
Кезінде ол әкесіне және еліне: «Сендер не нәрсеге құлшылық етесіңдер?» - деді.
Олар: «Біз пұттарға табынамыз әрі олармен әрқашан біргеміз», - деді.
Ол: «Сұрап, жалбарынған кездерінде, олар сендерді ести ме?
Әлде олар сендерге пайда келтіре ала ма, не зиян жеткізе ала ма?» - деді.
Олар: «Жоқ. Біз аталарымыздың / құлшылықтарын / осылай жасайтынын көрдік», -деді.
Ол: «Не нәрсеге табынып жатқандарыңа байқап қарадыңдар ма,
өздеріңнің және бұрынғы өткен аталарыңның.
Ақиқатында, тек әлемдердің Раббысынан басқа олардың / пұттардың / бәрі - менің жауым.
Ол мені жаратты әрі Ол мені тура жолмен жүргізеді,
және Ол мені тамақтандырады әрі сусындатады.
Ал, ауырған кезімде, Ол маған шипа береді.
Әрі Ол мені өлтіреді, содан кейін тірілтеді.
Ал Есеп күні мен Оның қателерімді кешіруін үміт етемін.
Раббым! Маған даналық / білім / бер және мені ізгілермен бірге ет,
Және кейінгілердің ішінде мені тура сөз / турашылдықтың тілі / ет,
және мені Наъим жәннатының мұрагерлерінен ете гөр!
Әрі әкемді кешір, өйткені ол адасушылардан болды.
және олар қайта тірілтілетін күні мені қор ете көрме», - деді.
Ол күні байлық та, балалар да пайда бермейді,
тек Аллаһқа cay жүрекпен келгендер ғана басқа.
Әрі тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / Жәннат жақындатылады.
Ал, адасқандарға Жаһим / тозағы / көрсетіледі.
Оларға: «Сендердің табынғандарың қайда,
Аллаһтан өзге? Олар сендерге жәрдем бере ала ма, әлде өздеріне көмек бере ала ма?» - делінеді.
Сөйтіп олар және адасқандар оның ішіне лақтырылады,
әрі Ібілістің / жын мен адамнан болган2Ш / әскерлерінің барлығы да.
Олар онда тартысқан күйлерінде:
«Аллаһпен ант етейік, шын мәнінде біз анық адасуда болыппыз,
сендерді әлемдердің Раббысына теңеген кезімізде.
Бізді тек қылмыскерлер / күнәһарлар / адастырды.
Енді бізге ара түсушілер жоқ,
жанашыр дос та жоқ.
Егер де бізге қайту мүмкіндігі болғанда, онда біз имандылардан / мүміндерден / болар едік», - дейді.
Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / 2080 белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.
Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем , ерекше Мейірімді.
Нұхтың елі елшілерді өтірікшіге шығарды.
Кезінде оларға ағайыны Нұх: «Сендер қорықпайсыңдар ма?
Ақиқатында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін,
енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.
Енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар»,- деді.
Олар: «Саған ілескендер ең төмен / бейшара / адамдар болса, біз саған сенеміз бе?» - деді.
Ол: «Менде олардың не істегендері туралы білім жоқ.
Егер де сезетін / аңғаратын / болсаңдар, олардың есебі Раббымда.
Әрі мен иманға келгендерді қумаймын.
Мен тек анық ескертуші ғанамын»,- деді.
Олар: «Ей, Нұх! Егер / насихатыңды / тоқтатпасаң, таспен атқыланғандардан боласың», - деді.
Ол: «Раббым! Елім мені өтірікші санады.
Енді мені мен олардың арасына нақ үкім бер және мені әрі менімен бірге болған имандыларды құтқар», - деді.
Сонда, Біз оны және онымен бірге болғандарды лық толы кемеде құтқардық.
Содан кейін қалғандарды суға батырдық.
Әлбетте, мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.
Ад елі елшілерді өтірікшігешығарды.
Сонда оларға ағайыны Һұд: «Сендер қорықпайсыңдар ма?
Ақиқатында мен - сендерге сенімді бір Елшімін,
енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.
Сендер әр төбеге қажетсіз бір белгі / ескерткіш / тұрғызасыңдар ма?
Әрі мәңгі өмір сүретіндей сарайлар саласыңдар.
Ал, / біреуді / ұстасаңдар, қатыгездікпен ұстадыңдар / жазаладыңдар /.
Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
Сендерді өздерің білетін нәрселермен қамтамасыз еткеннен қорқыңдар:
Ол сендерге малдарды және ұлдарды берді,
бақтар мен бұлақтарды.
Ақиқатында, мен сендерге ұлы Күннің азабы түсуінен қорқамын», - деді.
Олар: «Сен үгіттесең де, үгіттеушілерден болмасаң да - біз үшін бәрібір.
Бұл - бар болғаны бұрынғылардың салты ғана,
әрі біз азапталмаймыз», - деді.
Сөйтіп олар оны өтірікшіге шығарды, сонда Біз оларды жойдық. Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.
Сәмұд елі елшілерді өтірікшіге шығарды.
Сонда оларға ағайыны Салих: «Сендер қорықпайсыңдар ма?
Анығында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін,
енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.
Сендер осындағы бар нәрселердің арасында қауіпсіз күйде қалдырыласыңдар ма,
бақтар мен бұлақтардың,
және егіндіктер мен жемісі жұмсақ құрма ағаштары арасында?
Әрі сендер менмендік танытып, тауларда үйлер қашап аласыңдар.
Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
Әрі шектен шығушылардың бұйрығына бағынбаңдар,
сондай, жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап, ешбір нәрсе түзетпейтіндердің», деді.
Олар: «Шын мәнінде сен сиқырланғанның бірісің.
Сен бар болғаны біз секілді бір адамсың. Егер шын сөзділерден болсаң, онда бір белгі келтір»,- деді.
Ол / Салих / :«Міне, мынау - түйе. Оның су ішетін кезегі әрі сендердің де су ішетін кезектерің белгіленген күндер бойынша / бөлінеді /.
Оған жамандықпен тиіспеңдер, болмаса сендерге ұлы Күннің азабы тиеді», - деді.
Алайда олар оның тірсегін кесіп / өлтіріп / , кейін өкінушілерге айналды.
Сонда оларға азап түсті. Әлбетте мұнда / осы оқиғада / дәлел-ғибрат бар. Алайда олардың көпшілігі иманға келмейді.
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.
Лұттың елі елшілерді өтірікшіге шығарды.
Оларға ағайыны Лұт: «Сендер / Аллаһтың жазасынан / қорқып,сақтанбайсыңдарма?
Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін,
енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
Мен сендерден бүл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым – әлемдердің Раббысында.
Бүкіл әлемдердің ішінде сендер еркектермен жақындасып,
өздеріңнің Раббың, сендер үшін жаратқан жұбайларыңды тастайсыңдар ма? Күмәнсіз, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді.
Олар: «Ей, Лұт! Егер сен тоқтатпасаң, әлбетте, / елден қуып / шығарылғандардан боласың», - деді.
Ол: «Әрине, мен сендердің істеріңнен жиіркенемін.
Раббым! Мені және үй-ішімді олардың істеп жатқандарынан құтқар», - деді.
Сонда Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық,
тек, қалатындардың қатарындағы бір кемпірден басқасын.
Содан кейін, басқаларын жойып жібердік.
Әрі олардың үстіне жаңбыр жаудырдық. Ескертілгендердің жаңбыры неткен жаман!
Әлбетте осыда / бұл хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында Раббың әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді /.
Әйке тұрғындары елшілерді өтірікшіге шығарды.
Сонда оларға Шұғайып: «Сендер қорықпайсыңдар ма?
Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін,
енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар.
Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында.
Өлшеуді толық сақтаңдар, кемітушілерден болмаңдар,
әрі тура таразымен тартыңдар,
және адамдардың заттарын кемітіп бермеңдер әрі бұзу-бүлдірушілік жасап, жер бетіне таратпаңдар.
Әрі сендерді және алғашқы ұрпақтарды жаратқаннан қорқыңдар», деді.
Олар: «Шын мәнінде сен - сиқырланған адамдардың бірісің.
Әрі сен бар болғаны біз сияқты адамсың. Біз сені сөзсіз өтірікшілерден деп ойлаймыз.
Егер шын сөзділерден болсаң, үстімізге аспаннан бір бөлік түсір», - деді.
Ол / Шұғайып / :«Раббым сендердің не істеп жатқандарыңды жақсы біледі»,- деді.
Олар оны өтірікші санады. Сондықтан оларға көлеңкелі күннің азабы түсті. Негізінде ол - ұлы Күннің азабы еді.
Әлбетте мұнда / осы хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді.
Ей, Мұхаммед / / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді.
Шын мәнінде, бұл / Құран / - әлемдердің Раббысының түсіргені.
Оны сенімді Рух / Жәбірейіл / түсірді,
ескертушілерден болуың үшін сенің жүрегіңе,
анық араб тілінде / түсірді /.
Әрі ол / жайлы / бұрынғылардың кітаптарында бар.
Оны Исраил ұрпақтарының ғалымдары білуі, олар үшін / жеткілікті / дәлел болмады ма?
Егер де оны араб емес, өзгелердің біріне түсіріп,
ол оны оларға оқып берсе де, олар / бәрібір / оған сенуші болмас еді.
Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны / имансыздықты, қарсы келуді / осылай кіргіземіз.
Олар күйзелтуші азапты көрмейінше, оған сенбейді.
Ол / жаза / кенеттен, олар оны сезбеген күйлерінде келеді.
Сонда олар: «Бізге бір мұрсат беріле ме?» - дейді.
Олар Біздің азабымыздың тез болуын қалай ма?
Ей, Мұхаммед! / Көрдің бе, егер олар­ды жылдар бойы пайдаландырсақ,
содан кейін оларға, уәде етілген нәрсе келгенде,
сол пайдаланып келгендері оларды құтқармайды.
Біз ескертушіні жібермей тұрып, ешбір елді мекенді жойған емеспіз.
Оларды / еске салу үшін / жібергенбіз /. Біз әділетсіздік жасаған жоқпыз.
Әрі оны / Құранды / шайтандар алып түскен жоқ.
Олар бұған лайықты емес әрі олар істей алмайды.
Анығында, олар оны тыңдаудан шеттетілген.
Ей, Мұхаммед! / Аллаһпен қатар өзге құдайды шақырма / басқадан тілеме / , олай етсең, азапқа салынатындардан боласың.
Әрі жақын туыстарыңды сақтандырып, ескерт.
Әрі өзіңе ерген имандыларға қанатыңды игін.
Егер олар сені тыңдамаса: «Сендердің істеп жатқандарыңа менің қатысым жоқ», -де.
Әрі бәрінен Үстем, ерекше Мейірімдіге жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет /.
Ол сені / намазда / тұрғанында көріп тұрады,
әрі сәжде етушілердің ішінде ауысу қимылдарын істегеніңді.
Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Білуші.
Шайтандардың кімге түсетіні туралы сендерге хабар берейін бе?
Олар әрбір өтірікшіге,күнәһарға түседі.
Олар естігендерін / адамдарға / тастайды / жеткізеді / , ал олардың көбі өтірікші.
Әрі ақындарға адасушылар ереді.
Көрмедің бе, олардың барлық алқаптарда беталды лағып жүргенін,
әрі өздері істемейтінді айтатындарын.
Алайда иманға келген және ізгі амал істегендер, Аллаһты көп еске алғандар және әділетсіздікке ұшырағаннан кейін өздерін қорғағандар бұдан бөлек. Ал, әділетсіздік істегендер өздерінің қайтып баратын жерлерін жақында біледі.
Icon