ترجمة سورة النجم

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
ترجمة معاني سورة النجم باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Батып / көрінбей / бара жатқан жұлдызбен ант етемін!
Ағайындарың адаспады және жолдан ауытқымады.
Әрі ол өз ойынан сөйлемейді.
Бұл - тек білдірілген уахи ғана.
Оны оған орасан күшті үйретті
бітімі келіскен. Кейін ол тұрды,
ең жоғарғы көкжиекте.
Содан кейін ол жақындап, төмендеді,
әрі ол екі садақ арасындай немесе одан да жақын болды.
Сонда ол Оның / Аллаһтың / құлына Ол / Раббысы / уахи еткенін білдірді.
Ал, жүрегі оның көргенін жалғанға шығармады.
Сендер оның көргені жайлы, онымен тартысасыңдар ма?
Әрі ол оны басқа бір түскенінде де көрді,
соңғы шектегі Сидрдің жанында.
Оның қасында Маъуа жәннаты бар.
Сол кезде Сидраны (Бұл аса ұлы Аллаһқа ғана мәлім нәрсе) қаптайтын нәрсе қаптады.
Оның көзі одан аумады да әрі шектен де аспады:
ол, анығында, Раббысының белгілерінен ең үлкендерін көрді.
Сендер Лат пен Ғұззаны көрдіңдер ме?
Әрі басқасын, үшіншісі - Манатты?
Сендердікі ер, ал әйелдер Онікі ме?
Бұл онда - әділетсіз бөліс.
Олар / пұттар / бар болғаны өздерің және аталарың қойған құр есімдер ғана. Аллаһ олар жайында ешбір дәлел түсірген жоқ. Оларға / мүшріктерге / Раббысынан тура жол келсе де олар жорамалдарына және жандары ғана ереді.
Әлде адамға қалағаны бола бере ме?
Соңғы, мәңгілік өмір де / ақирет те / , алғашқы да / осы өмір де! -Аллаһтікі.
Аспандардағы қаншама періштенің ара түсуі / шапағаты / ешқандай пайда бермейді, егер тек Аллаһ Өзі қалаған және разы болғандар үшін рұқсат бермейінше.
Анығында, соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер періштелерді әйелдерге тән аттармен атайды.
Алайда, оларда бұл жайында ешбір білім жоқ. Олар бос ой, болжамдарына ғана ереді. Ал, анығында - болжам ақиқаттың орнын баспайды.
Ей, Мұхаммед! / Біздің Еске салуымыздан / Құраннан / сырт айналғандардан және осы дүниедегі өмірден басқаны қаламағандардан теріс бұрыл.
Олардың білімінің жеткен жерлері - міне, осы. Ақиқатында, Раббың Өзінің жолынан адасқанды жақсы біледі әрі Ол тура жолдағыны да жақсы біледі.
Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Аллаһтікі, - Оның жамандық істегендерге жасаған істеріне орай қайтарым жаза беруі, ал жақсылық істегендерге ең жақсымен қайтарым сый беруі үшін,
тек кішігірім күнәлардан басқа, сондай күнәнің үлкендерінен және жиіркенішті істерден аулақ болатындарға. Анығында, Раббыңның кешірімі кең. Ол сендерді / Адам атаны / жерден пайда еткенде әрі сендер аналарыңның құрсағында болған кездеріңде жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді ақтамаңдар. Ол тақуа болғандарды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / жақсы біледі.
Теріс бұрылғанды көрдің бе,
аз берген және сараңдық еткенді?
Онда ғайып жайлы білім бар ма, ол көретіндей?
Әлде оған Мұсаның жазбаларындағы / оған түскен сухуфтарда / хабар айтылмады ма,
және / бұйырылғанды / толық орындаған Ибраһимнің де / сухуфтарындағы / :
ешбіреу басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейтіні,
әрі адамға өзі ұмтылып істеген амалынан басқа ешнәрсе болмайтыны / тек өз амалына сай алатыны / ,
әрі оның ұмтылыс-амалы ғана көрсетілетіні, / қайта тірілу күні алдынан шығатыны /
кейін оған / істерінің / қайтарымы толығымен берілетіндігі,
және соңғы шек / қайту / - Раббыңа екендігі жайлы.
Әрі күлдіретін де, жылататын да - Ол,
және өлтіріп, тірілтетін де Ол екендігі.
Әрі Оның жұпты - ер және ұрғашыны жаратқандығы,
атылып шығатын тамшыдан,
және басқа / ақиреттегі / жарату да Оған тән екендігі.
Әрі Ол - байлық беруші және қанағаттандырушы,
және Ол Шиъраның / Сириус жұлдызының / Раббысы екендігі жайлы.
Әрі Ол алдыңғы Ад елін жойғаны,
және Сәмұд елін де жойып ешкімді қалдырмағандығы жайында,
ал, одан бұрын Нұхтың елін де / жойғандығы жайлы /. Анығында, олар өте әділетсіз әрі шектен шыққандар еді.
Әрі Ол төңкеріліп түскен елді де құлатты,
сонда оны жапқан нәрсемен жапты.
Енді Раббыңның қай игілігіне күмән келтіресің?
Бұл - алдыңғы ескертушілер қатарындағы бір ескертуші.
Жақындап келе жатқан жақындады,
оны Аллаһтан өзге қайтарушы жоқ.
Ал, сендер бұл Сөзге / Құранға / таң қаласыңдар ма,
әрі күлесіңдер де жыламайсыңдар ма,
қаперсіздікте болған күйлеріңде?
Енді Аллаһқа сәжде етіңдер және құлшылық қылыңдар!
Icon