ترجمة معاني سورة فصّلت باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

جمعية خليفة الطاي الخيرية

الترجمة الإنجليزية - صحيح انترناشونال
المنتدى الإسلامي
الترجمة الإنجليزية
الترجمة الفرنسية - المنتدى الإسلامي
نبيل رضوان
الترجمة الإسبانية
محمد عيسى غارسيا
الترجمة الإسبانية - المنتدى الإسلامي
الترجمة الإسبانية (أمريكا اللاتينية) - المنتدى الإسلامي
المنتدى الإسلامي
الترجمة البرتغالية
حلمي نصر
الترجمة الألمانية - بوبنهايم
عبد الله الصامت
الترجمة الألمانية - أبو رضا
أبو رضا محمد بن أحمد بن رسول
الترجمة الإيطالية
عثمان الشريف
الترجمة التركية - مركز رواد الترجمة
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة التركية - شعبان بريتش
شعبان بريتش
الترجمة التركية - مجمع الملك فهد
مجموعة من العلماء
الترجمة الإندونيسية - شركة سابق
شركة سابق
الترجمة الإندونيسية - المجمع
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الإندونيسية - وزارة الشؤون الإسلامية
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الفلبينية (تجالوج)
مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - دار الإسلام
فريق عمل اللغة الفارسية بموقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - حسين تاجي
حسين تاجي كله داري
الترجمة الأردية
محمد إبراهيم جوناكري
الترجمة البنغالية
أبو بكر محمد زكريا
الترجمة الكردية
حمد صالح باموكي
الترجمة البشتوية
زكريا عبد السلام
الترجمة البوسنية - كوركت
بسيم كوركورت
الترجمة البوسنية - ميهانوفيتش
محمد مهانوفيتش
الترجمة الألبانية
حسن ناهي
الترجمة الأوكرانية
ميخائيلو يعقوبوفيتش
الترجمة الصينية
محمد مكين الصيني
الترجمة الأويغورية
محمد صالح
الترجمة اليابانية
روايتشي ميتا
الترجمة الكورية
حامد تشوي
الترجمة الفيتنامية
حسن عبد الكريم
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الأوزبكية - علاء الدين منصور
علاء الدين منصور
الترجمة الأوزبكية - محمد صادق
محمد صادق محمد
الترجمة الأذرية
علي خان موساييف
الترجمة الطاجيكية - عارفي
فريق متخصص مكلف من مركز رواد الترجمة بالشراكة مع موقع دار الإسلام
الترجمة الطاجيكية
خوجه ميروف خوجه مير
الترجمة الهندية
مولانا عزيز الحق العمري
الترجمة المليبارية
عبد الحميد حيدر المدني
الترجمة الغوجراتية
رابيلا العُمري
الترجمة الماراتية
محمد شفيع أنصاري
الترجمة التلجوية
مولانا عبد الرحيم بن محمد
الترجمة التاميلية
عبد الحميد الباقوي
الترجمة السنهالية
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الأسامية
رفيق الإسلام حبيب الرحمن
الترجمة الخميرية
جمعية تطوير المجتمع الاسلامي الكمبودي
الترجمة النيبالية
جمعية أهل الحديث المركزية
الترجمة التايلاندية
مجموعة من جمعية خريجي الجامعات والمعاهد بتايلاند
الترجمة الصومالية
محمد أحمد عبدي
الترجمة الهوساوية
الترجمة الأمهرية
محمد صادق
الترجمة اليورباوية
أبو رحيمة ميكائيل أيكوييني
الترجمة الأورومية
الترجمة التركية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفرنسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإندونيسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفيتنامية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة البوسنية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإيطالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفلبينية (تجالوج) للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفارسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
Dr. Ghali - English translation
Muhsin Khan - English translation
Pickthall - English translation
Yusuf Ali - English translation
Azerbaijani - Azerbaijani translation
Sadiq and Sani - Amharic translation
Farsi - Persian translation
Finnish - Finnish translation
Muhammad Hamidullah - French translation
Korean - Korean translation
Maranao - Maranao translation
Abdul Hameed and Kunhi Mohammed - Malayalam translation
Salomo Keyzer - Flemish (Dutch) translation
Norwegian - Norwegian translation
Samir El - Portuguese translation
Polish - Polish translation
Romanian - Romanian translation
Elmir Kuliev - Russian translation
Albanian - Albanian translation
Tatar - Tatar translation
Japanese - Japanese translation
محمد جوناگڑھی - Urdu translation
Ma Jian - Chinese translation
Turkish - Turkish translation
King Fahad Quran Complex - Thai translation
Ali Muhsin Al - Swahili translation
Abdullah Muhammad Basmeih - Malay translation
Hamza Roberto Piccardo - Italian translation
Indonesian - Indonesian translation
Bubenheim & Elyas - German / Deutsch translation
Bosnian - Bosnian translation
Hasan Efendi Nahi - Albanian translation
Sherif Ahmeti - Albanian translation
Sahih International - English translation
Czech - Czech translation
Abul Ala Maududi(With tafsir) - English translation
Tajik - Tajik translation
Alikhan Musayev - Azerbaijani translation
Muhammad Saleh - Uighur; Uyghur translation
Abdul Haleem - English translation
Mufti Taqi Usmani - English translation
Muhammad Karakunnu and Vanidas Elayavoor - Malayalam translation
Sheikh Isa Garcia - Spanish; Castilian translation
Divehi - Divehi; Dhivehi; Maldivian translation
Abubakar Mahmoud Gumi - Hausa translation
Mahmud Muhammad Abduh - Somali translation
Knut Bernström - Swedish translation
Jan Trust Foundation - Tamil translation
Mykhaylo Yakubovych - Ukrainian translation
Uzbek - Uzbek translation
Diyanet Isleri - Turkish translation
Ministry of Awqaf, Egypt - Russian translation
Abu Adel - Russian translation
Burhan Muhammad - Kurdish translation
Dr. Mustafa Khattab, The Clear Quran - English translation
Dr. Mustafa Khattab - English translation
الترجمة الإنجليزية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الفرنسية - محمد حميد الله
الترجمة البوسنية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الصربية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة الألبانية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة اليابانية - سعيد ساتو
الترجمة الفيتنامية - مركز رواد الترجمة
الترجمة التاميلية - عمر شريف
الترجمة السواحلية - عبد الله محمد وناصر خميس
الترجمة اللوغندية - المؤسسة الإفريقية للتنمية
الترجمة الإنكو بامبارا - ديان محمد
الترجمة العبرية
الترجمة الإنجليزية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الروسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة البنغالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الصينية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة اليابانية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
ترجمة معاني القرآن الكريم - عادل صلاحي
عادل صلاحي

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

جمعية خليفة الطاي الخيرية

آية رقم 2
Аса Қайырымды, ерекше Мейірімдіден түсірілген.
آية رقم 3
Арабша Құран етіп, білетін адамдар үшін аяттары анық түсіндіріліп / түсірілген / бір Кітап, -
آية رقم 4
қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертіп, сақтандырушы ретінде. Бірақ, олардың / адамдардың / көбі теріс бұрылады сөйтіп құлақ аспайды.
Әрі олар: «Сенің бізді шақырып жатқан нәрседен біздің жүректеріміз / перделеніп / тұмшаланған әрі құлақтарымызда кереңдік бар, ал біз бен сенің арамызда тосық бар. Сен өз амалыңды істе, біз де өз амалымызды істей береміз»,- деді.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен бар болғаны сендер сияқты ғана адаммын. Сендердің құдайларың бір ғана құдай екендігі маған уахи етілуде. Оған қарай тура барыңдар және Одан кешірім тілеңдер. Ал, серік қосушыларға үлкен қасірет бар,
آية رقم 7
сондай тазартатынды / зекетті / бермейтіндерге және соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндерге»,- деп.
Ақиқатында иманға келген және ізгі амал жасағандарға үзілмейтін сый бар.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер жерді екі күнде жаратқанға күпірлік танытып / сенбей, қарсы келіп / және Оған өзгелерді теңдес жасайсыңдар ма? Ол / Аллаһ / - бүкіл әлемдердің Раббысы», - деп.
Әрі Ол онда / жерде / , оның үстіне берік тұрғандарды / тауларды / орнатты әрі оған береке берді және онда / жердегі / ризық несібелерін толық төрт күнде мөлшерлеп белгіледі. Бүл сұраушылар үшін.
Кейін, Ол түтін / бу / күйіндегі аспанға қарап, оған және жерге: «Ерікті немесе мәжбүрлі түрде келіңдер», - деді. Ол екеуі: «Біз ерікті түрде келдік», - деді.
Әрі Ол / Аллаһ / оларды екі күнде жеті аспан етіп жасады және әрбір аспанға оның өзіне қатысты ісін білдірді / реттеп бекітті /. Әрі Біз төменгі аспанды шамдармен безендірдік және онымен қорғадық. Бұл - бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеп бекітуі.
Ей, Мұхаммед! / Егер де олар / кәпірлер / теріс бұрылса: «Мен сендерді Ад пен Сәмүд еліне келген саъиқа секілді саъиқаны ескерттім», - деп айт.
Оларға елшілері алдынан да, артынан да / жан-жағынан / келіп: «Аллаһтан басқаға Құлшылық етпеңдер»,- деген кезде, олар: «Егер де Раббымыз қалағанда, періштелерді түсіретін еді. Біз сендермен жіберілгенге сенбейміз», - деді.
Ад елі құқылары болмаса да жер бетінде менменсіп, өздерін жоғары санады және: «Бізден күшті кім бар?» - деді. Олар өздерін жаратқан Аллаһтың олардан күшті екенін көрмеді ме? Әрі олар Біздің аят-белгілерімізді теріске шығарды.
Сонда осы өмірде қорлаушы азапты таттыру үшін Біз оларға қиын күндері, қатты ұйытқып соққан желді жібердік. Ал, соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / азабы одан бетер қор етуші әрі оларға көмек көрсетілмейді.
Ал, сәмудтықтарға келсек, Біз оларға тура жолды көрсеттік, бірақ олар тура жолдың орнына соқырлықты артық көрді. Сонда оларға істеп тапқандары / күнәлары / себебінен қорлаушы азаптың саъиқасы тиді.
آية رقم 18
Ал, иманға келген және тақуалық еткендерді / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарды / құтқардық.
آية رقم 19
Ол күні Аллаһтың жаулары Оттың алдына жиналдырылып, тосылады.
Ал, қашан олар оған / тозаққа / келген кезде есту, көру / мүшелері / және терілері істеген іс-әрекеттері жайлы олардың өздеріне қарсы куәлік береді.
Сонда олар өздерінің терілеріне: «Не үшін бізге қарсы куәлік бердіңдер?» - дейді. / Терілері / :«Әрбір нәрсені сөйлеткен Аллаһ бізді де сөйлетті», - дейді. Ол сендерді алғашқы ретте / әуел баста / жаратты әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.
Сендер естулеріңнің, көрулеріңнің / құлақ, көздеріңнің / және терілеріңнің өздеріңе қарсы куәлік беруінен жасырынбайтын едіңдер. Сендер өздерің істеген істердің көбін Аллаһ білмейді деп ойладыңдар.
Өздеріңнің Раббың жайлы осы ойларың / жорамалдарың / сендерді кұртып, зиян шегушілерден болдыңдар.
Ал, енді олар шыдар болса, олардың тұрақтайтын мекені От болады. Олар қанша разылық / кешірім / сұраса да разылық / кешірім / алғандардан болмайды.
Әрі Біз оларға «жолдастар» / серіктер / бекітіп қойдық. Оларға / ол серіктері / алдарындағы және арттарындағыны әдемі етіп көрсетті. Сөйтіп өздерінен бұрын өткен жындар мен адамдардың қауымдарына қатысты / жазаға тарту жайлы / Сөз бұларға да тиісті болды. Шын мәнінде, олар зиян шегушілерден болды.
Әрі күпірлік етушілер / Құраннан теріс бұрылушылар! \ «Бұл Құранды тыңдамаңдар және оған байланысты бос сөзді сөйлеңдер. Сонда мүмкін жеңіске жетерсіңдер», - деді.
Біз күпірлік етушілерге / Аллаһқа қарсы келушілерге / міндетті түрде қатты азапты таттырамыз әрі оларға істеген істерінің ең жаманының қайтарым жазасын береміз.
Міне, Аллаһтың жауларының қайтарым жазасы От. Біздің аяттарымызды, белгілерімізді теріске шығарғандары үшін оларға ол жерде / тозақта / қайтарым жаза ретінде мәңгілік тұрақ бар.
Әрі сондай күпірлік еткендер / иманға келмегендер / :«Раббымыз! Бізді адастырған жындар мен адамдардан болған екеуін корсет, біз оларды ең төмендетілгендерден болулары үшін табандарымыздың астына тастайық», - дейді.
Ақиқатында: «Раббымыз - Аллаһ» - деп, кейін туралықты ұстанғандарға періштелер түсіп: «Қорықпаңдар және қайғырмаңдар әрі сендерге уәде етілген жәннатқа қуаныңдар.
Біз - сендердің осы өмірдегі және соңғы, мәңгілік өмірдегі / ақиреттегі / достарыңбыз. Сендерге ол жерде жандарыңның қалағаны бар. Әрі сендерге ол жерде сұрағандарыңның бәрі бар -
آية رقم 32
өте Кешірімді , ерекше Мейірімдіден сый-құрмет ретінде», - дейді.
Аллаһқа шақырып, әрі ізгі амал істеп және: «Шын мәнінде, мен - мұсылмандарданмын», - деген адамның сөзінен кімнің сөзі жақсы бола алады?
Жақсылық пен жамандық тең бола алмайды. / Жамандықты / ең жақсы нәрсемен қайтар. Сонда араларыңда дұшпандық болған біреу жақын достай болады.
Бұған / осы сипатқа / тек сабыр етушілер ғана жетеді, әрі бұған тек ұлы үлеске ие болғандар ғана жетеді.
Ей, Мұхаммед! / Ал, қашан саған шайтаннан наз'г / азғыру, жамандыққа итермелеу / болса Аллаһқа жүгініп, өзінді қорғауын тіле. Өйткені, Ол әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-’Алим / бәрін Білуші /.
Әрі түн мен күндіз және күн мен ай Оның белгілерінен. Күнге де, айға да сәжде жасамаңдар, оларды жаратқан Аллаһтың Өзіне ғана сәжде жасаңдар, егер құлшылықты Оған арнап істейтін болсаңдар.
Ал, егер олар / кәпірлер / өздерін жоғары қойып, тәкаппарланса, біліңдер Раббыңның қасындағылар / періштелер / түнде және күндіз Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп ұлықтайды әрі олар / құлшылық етуден / жалықпайды.
Оның белгілерінің бірі - сен жерді кеуіп кеткен күйінде көріп, ал, сонда оның үстіне су түсірсек, ол қозғалысқа түсіп, көпсіп / тіршілік бітіп / шыға келуі. Шын мәнінде, оны тірілткен, әлбетте, өлілерді де тірілтеді. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Жасай алушы.
Біздің аяттарымызға қатысты / ақиқаттан / ауытқығандар Бізден жасырын қалмайды. Отқа тасталатын біреу жақсы ма, әлде Қайта тірілу күні аман болып, қауіпсіз күйде келетін біреу ме? Қалағандарыңды істеңдер. Шын мәнінде, Ол - не істеп жатқандарыңды Көруші.
Ақиқатында, өздеріне Еске салатын / Құран / келген кезде, оған сондай күпірлік етушілер / теріске шығарып мойындамайтындар / бар.Шын мәнінде, ол - ұлы Кітап.
Оған / Құранға / өтірік алдынан да, артынан да келе алмайды, ол аса Дана , өте Мақтаулыдан түсірілген.
Ей, Мұхаммед! / Саған өзіңнен бұрынғы елшілерге айтылған ғана айтылуда. Ақиқатында, Раббың - кешірім Иесі әрі Ол күйзелтуші жазаның Иесі.
Егер де оны араб тілінен басқа тілдегі Құран еткенімізде, олар / құрайыш мүшріктері / :«Араб тілдіге басқа тілде ме? Оның аяттары неге анықтап түсіндірілмеді?» - дейтін еді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бұл / Құран / - иманға келгендер үшін жолбасшы / тура жолдыұстануға басшылық / әрі шипа. Ал, иманға келмейтіндердің құлақтарында керендік бар әрі бұл / Құран / олар үшін соқырлық. Бұлар - бір алыстан шақырылғандар / секілді / », - деп.
Әрі Біз Мұсаға Кітапты бердік, сонда ол / Тәурат / туралы тартыс болды. Раббыңнан алдын бекітілген бір Сөз болмағанда, олардың арасына үкім етілген болар еді. Негізінде, олар ол жайында күмән-күдікте.
Кім ізгі амал істесе, ол өзі үшін. Ал, кім жамандық істесе, ол да өзіне қарсы / өз зиянына /. Сенің Раббың құлдарға әділетсіздік жасаушы емес.
Сағат / Қайта тірілу күні / туралы білім Оған қайтарылады. Барлық жемістердің қауашақтарынан шығуы әрі әрбірұрғашының жүкті болуы және тууы Оның білімімен ғана. Сол күні Ол: «Менің «серіктерім» / Маған таңғандарың / қайда?» - деп оларға үндейді. Олар / серік қосушылар / :«Біз Өзіңе арамызда куә болушы жоқ екенін білдірдік», - дейді.
Әрі бұрын жалбарынып келгендері олардан жоқ болады. Сондай-ақ, олар өздеріне құтылар жер жоқ екендігін түсінеді.
Адам баласы жақсылықты тілеуден жалықпайды. Ал, егер оған жамандық тисе, күдерін үзіп, үмітсіздікке түседі.
Ал, егер өзіне тиген жамандықтан кейін оған Өзімізден бір рахым көрсетсек, ол: «Бұл - мен үшін. Мен Сағатты / Қайта тірілу күнін / болады деп ойламаймын. Ал, егер Раббымның алдына қайтарылсам, Оның алдында маған әлбетте, ең жақсысы болады» , - дейді. Сөзсіз, Біз күпірлік еткендерге / Аллаһқақарсы келгендерге / не істегендерінің хабарын береміз әрі оларға ауыр азапты таттырамыз.
Ал, қашан Біз адамға бір игілік берсек, ол теріс бұрылып, қырын қарайды. Ал, оған жамандық келсе, ол тілегін ұзартады.
Ей, Мұхаммеді / Айт: «Айтыңдаршы, егер бұл / Құран / Аллаһтан болса, ал кейін сендер оған күпірлік етсеңдер / сенбесеңдер, қарсы келсеңдер / , сонда үлкен қарама-қайшылықта болған біреуден өткен адасушы кім бар?» - деп.
Біз оларға оның / Құранның / ақиқат екені анық болғанға дейін шартараптағы / әлемдегі / және олардың өздеріндегі белгілерімізді көрсетеміз. Раббыңның әрбір нәрсеге куә екені жеткілікті емес пе?
Біліндер! Олар өздерінің Раббысына жолығудан күмәндануда. Естеріңде болсын! Ол -барлық нәрсені толық Қамтушы.
تقدم القراءة