ترجمة معاني سورة النبأ
باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
Олар не нәрседен сұрасады?
Әсте олай емес, олар тез біледі.
Тағы олай емес, олар тез біледі.
Жерді бір төсеніш қылмадық па?
Тауларды қазық... (77-С. 27-А.)
Сендерді жүп-жүп жараттық.
Ұйқыларыңды дем алыс қылдық.
Күндізді тіршілікке жараттық.
Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық.
Жарқыраған шырақ (күн) жараттық.
Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық.
Онымен дәнді дахылдарды, өсімдіктерді шығару үшін;
Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім.
ұрілген күні, топ-топ келесіңдер.
Көктер сетінеп есіктер пайда болады.
Таулар жүргізіліп, сағым болады.
Әлбетте тозақ күтіп тұрады;
Олар онда ғасырларша тұрады.
Олар онда салқындамайды да сусын татпайды.
Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді.
Қылмыстарына сай бір жаза.
Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді.
Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді.
Әр нәрсені жазып, сақтадық.
"Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз" (делінеді.)
Негізінде тақуалар үшін құтылу бар.
Жас өспірім құрдас қыздар бар. (38-С. 52-А., 56-С. 37-А.)
Олар онда бос сөз және өтірік естімейді;
Раббыңнан толық бір сыйлық.
Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды.
Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұхсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді.
Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын.
Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: "Әттең! Топырақ болып кеткен болсам" дейді.