ترجمة سورة الواقعة

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
ترجمة معاني سورة الواقعة باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Әл-Уақиъа / Қиямет / болған кезде, -
оның болуын ешнәрсе жоққа шығармайды,
ол төмендетеді, жоғарылатады.
Жер сілкініп қозғалтылған кезде,
және таулар қирап, талқандалып,
әрі шашылған тозаңға айналған кезде,
сонда сендер үш топқа бөлінесіңдер.
Бірі оң жақта болады. Оң жақтағылар деген не?
Ал, біреулер сол жақта болады. Сол жақтағылар деген не?
Әрі озушылар, / олар / - озушылар.
Міне, солар - жақындатылғандар,
Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бақтарында болады?
Олар / әуелгілерден көбірек,
соңғылардан азырақ.
Безендірілген, көтеріңкі жайлы орындарда,
оған сүйеніп, бір-біріне қараған күйде отырады.
Оларды мәңгі бозбалалар айналып, қызмет етіп жүреді,
қайнар бұлақтан / толтырылған / көзе, құмыралар және кеселермен, -
одан олардың бастары ауырмайды әрі ақыл-естерін жоғалтпайды -
әрі олар таңдаған жемістерімен,
және қалаған кұс етімен.
Әрі Оларға жанарлары үлкен де әдемі / хурлар / ,
бейне бір / қабығы ашылмаған / сақтаулы інжу секілді / жұбайлар бар /.
Бұлар - істеген амалдарының қайтарым сыйы.
Ол жерде олар бос сөзді де, күнәлі сөзді де естімейді.
Тек: «Сәләм! Сәләм! / Бейбітшілік бол­сын! Амандық болсын! / » - деген сөзді ғана / естиді /.
Ал, оң жақтағылар. Оң жақтағылар деген не?
Тікенегі жоқ лотос / ас-сидр / өсімдіктері,
және жемістері шоғырланған банан ағаштары арасында,
әрі жайылып жатқан көлеңкеде,
және сарқырап аққан су,
мол жемістер арасында,
сондай/ ешқашан таусылмайтын және тыйым салынбайтын,
әрі жоғары көтерілген жұмсақ төсектерде / болады /.
Ақиқатында, Біз оларды басқа жаратумен жараттық,
әрі оларды ер көрмеген пәк қыздар еттік,
күйеулеріне сүйікті, құрбылас,
Бұл / оң жақтағылар үшін.
Олар / әуелгілерден көп,
әрі кейінгілерден де көп.
Ал, сол жақтағылар. Сол жақтағылар деген не?
Олар / саммум / денені тесіп өтетін ыстық ауа / және қайнап тұрған суда,
және қара түтіннің көлеңкесінде / болады / ,
салқын емес әрі жақсылығы да жоқ.
Негізінде, олар бұдан бұрын / дүниеде / сән-салтанат, рахатқа шалқып жүретін,
және өте үлкен күнәда қайтпай қасарысатын.
Әрі олар: «Біз өліп, топыраққа және сүйектерге айналған кезімізде қайта тірілтілеміз бе?
Біздің әуелгі аталарымыз да ма?» - дейтін.
Айт: «Әуелгілер де, кейінгілер де,
белгілі күні, белгіленген орынға міндетті түрде жиналады.
Содан кейін сендер, ей, өтірікші санайтын адасушылар!
Заққұм ағашынан жейтін боласыңдар,
әрі одан қарындарыңды толтырасыңдар.
Сөйтіп, оның үстіне қайнап тұрған судан ішесіңдер,
сондай қатты шөлдеген түйелер секілді сіміресіңдер», - деп.
Олардың Есеп күніндегі “сый-сияпаттары” - осы.
Сендерді Біз жараттық. Неге / қайта тірілуді! шын деп білмейсіңдер?
Өздерің төгетін мәниді көрдіңдер ме / ол жайлы ойладыңдар ма / ?
Оны сендер жаратасыңдар ма, әлде Біз жаратамыз ба?
Біз араларыңда өлімді алдын ала белгіледік. Әрі Бізден ешкім оза алмайды / кедергі келтіре алмайд/,
сондай, сендердің түрлеріңді өзгертіп және сендерді өздерің білмейтін түрде жаратуда.
Әрі сендер алғашқы жаратуды білесіңдер, ендеше еске алмайсыңдар ма?
Өздерің егіп жатқандарыңды көрдіңдер ме?
Оны сендер өсіресіңдер ме, не Біз өсіреміз бе?
Егер де қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік те, сендер таңқалып:
«Шын мәнінде, біз зиянға ұшырадық.
Оған қоса несібемізден де айрылдық», - дейтін едіңдер?
Өздерің ішіп жүрген суды байқап көрдіңдер ме?
Оны бұлттан сендер түсірдіңдер ме, әлде Біз түсіреміз бе?
Егер қалағанымызда, оны ащы етер едік. Игіліктерімізге алғыс білдірсеңдер !шүкір етсеңдер / болмай ма?
Өздерің шағып жағатын отты көрдіңдер ме?
Оның ағашын сендер пайда еттіңдер ме, әлде Біз пайда еттік пе?
Біз оны еске алатын әрі елсіз жердегі ' жолаушыларға пайдаланатын нәрсе еттік.
Ей, Мұхаммед!IҰлы Раббыңның есімін / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте!
Жұлдыздардың орындарымен ант етемін!
Егер білетін болсаңдар, күмәнсіз, бұл - ұлы ант.
Ақиқатында, бұл - Құран Кәрим / игілігі мол Құран / ,
Ол сақталынған Кітапта / Ләухул-Махфузда /.
Оны тазартылғаннан басқалар ұстамайды.
Әлемдердің Раббысынан түсірілген.
Сендер бұл Сөзге / Құранға / немқұрайлылық танытасыңдар ма?
Әрі ризықтарыңды өздерің жалғанға шығаратын / нәрсе / етесіңдер ме?
Ал / жан / жұтқыншаққа жеткен кезде,
әрі сендер сол уақытта / өлім үстінде жатңанга/ қарап қалғанда,
Біз оған сендерден де жақынбыз, алайда сендер көрмейсіңдер.
Ал, егер сендер есепке тартылмайтын болсаңдар, онда неге
оны / жанды / кері қайтармайсыңдар, егер шын сөзді болсаңдар?
Ал, егер ол жақындатылғандардан / озушылардан / болса,
онда / оған / тыным, ризық / хош иіс / және Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) жәннаты бар.
Ал, егер оң жақтағылардан болса,
онда оған: «Саған сәләм / бейбітшілік, амандық / болсын! Сен - оң жақтағылардансың», - делінеді.
Ал, егер / ол / жалғанға шығарушы, адасушылардан болса,
онда / оның / «сыйы» - қайнап тұрған су,
әрі Жахимда (Тозақ) жану.
Шын мәнінде, бұл / айтылғандар / - айқын ақиқат.
Ей, Мұхаммед! / Ұлы Раббыңның есімін / бүкіл кемшіліктен / пәк деп дәріпте!
Icon