ترجمة معاني سورة المطفّفين
باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
.
من تأليف:
جمعية خليفة الطاي الخيرية
.
ﰡ
Өлшеу-тартуда кемітушілерге қасірет бар!
Солар, қашан адамдардан өлшетіп алса, толық өлшеп алатындар,
ал, егер өздері өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді.
Олар өздерінің қайта тірілетіндіктерін ойламай ма,
Ол күні адамдар әлемдердің Раббысының алдында тұрады.
Жоқ! Әлбетте, бұзықтардың кітабы сөзсіз сижжинде болады.
Сижжиннің не екенін саған не білдірді?
Өтірікке шығарушыларға ол Күні қасірет бар,
солар - Қайтарым күнін өтірікке шығаратындар.
Ал, оны әрбір шектен шығушы күнәһар ғана өтірікке шығарады.
Оған аяттарымыз оқылғанда, ол: “Әуелгілердің ертегісі”, - деді.
Жоқ, керісінше, олардың жүректерін істеп тапқандары / күнәлары / бүркеп алды / іс-амалдарының кірі басты /.
Жоқ! Анығында, олар ол Күні өздерінің Раббысынан тосылатындар.
Кейін олар, сөзсіз Жахимға кіреді.
Содан соң / Оларға / :“Міне, сендердің өтірікке шығарғандарың - осы!” - деліндеді.
Жоқ! Шын мәнінде ізгілердің кітабы сөзсіз Иллиунда болады.
Иллиунның не екенін саған не білдірді?
Оны, жақындатылғандар көреді.
Анығында, ізгілер, сөзсіз игілікте,
перделермен сәнделген жұмсақ сәкілерден қарайды.
Олардың жүзінен игіліктің сәулесін көресің.
Олар мөрленген шәрбәттан сусындайды.
Оның сарқыны - жұпар. Талпынушылар, міне осыған ұмтылсын.
Әрі оған Тәсним сусыны қосылған.
Ол - жақындатылғандар ішетін бір бастау.
Ақиқатында, қылмыскерлер иманға келгендерге күлетін,
және олар жандарынан өткенде, бір-біріне көз қысып ымдасатын,
Әрі үйлеріне қайтқан кезде мәз болып, масайрап қайтатын.
Әрі қашан оларды / Мұсылмандарды / көрген кезде: «Сөзсіз, бұлар - шынында да адасқандар», - дейтін.
Алайда өздері олардың үстінен күзетуші етіліп жіберілмеген еді.
Ал, енді бұл / Қиямет / күні иманға келгендер кәпірлердің үстінен күледі,
сәнді перделі сәкілерден қарап.
Кәпірлерге істегендерінің қайтарым жазасы берілді ме?